Философияны ұғу – өмірді ұғу, оны түсіну. Бұл ғылым адам, қоғамға берері мол асыл сандық тәрізді. Кез-келген адам оның кілтін таба бермейді, ал тапқан адам нағыз бақытқа жол ашады. Меніңше, өз-өзіңді түсіну, өзгелерді түсіну, өмірдегі орныңды білу бұл нағыз бақыт. Демек, философияны оқу – бақытқа апаратын жол.
Қоғамда философтардың рөлі ерекше. Философ болу адамның мамандығына, оның ұлтына, жасына байланысты емес. Ежелгі грек философтарының бірі Пифагор “Өмір олимпиядалық ойындарға ұқсас: біреулер оған жарысу үшін, басқалары сауда жасау үшін, ал ең бақыттылары көру үшін келеді”. Менің ойымша, өмірде де солай - біреулер даңқ пен байлыққа деген ашкөздікпен дүниеге келеді, ал философтар болса тек бір ғана ақиқат үшін жаралған. Осыдан философтың даңқ пен байлықты ойламайтындығы, бірақ заттар табиғатын (мәнін) зерделейтіні және аңдайтыны келіп шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |