«Зергер сөздің шебері жазушы Сайын Мұратбеков, өмірдің болмысын шынайы бейнелейтін таңғы шықтай мөлдір шығармалары арқылы оқырмандардың жан жүрегін баурап, ықылас-құрметіне бөленген сирек дарын иесі. Сайын біздің – ұлттық құндылығымыз оның шығармасының ғұмыры ұзақ. Бүгін болмаса ертең, ұлтына қарамай-ақ өз оқырманымен ажырамастай табысатыны кәміл».
Шерхан Мұртаза
https://egemen.kz/article/293807-bizdinh-sayyn Руханият • 22 Қазан, 2021 25.03.2024
Сайын Мұратбеков жөнінде Шерхан Мұртаза «Зергер сөздің шебері жазушы Сайын Мұратбеков, өмірдің болмысын шынайы бейнелейтін таңғы шықтай мөлдір шығармалары арқылы оқырмандардың жан жүрегін баурап, ықылас-құрметіне бөленген сирек дарын иесі. Сайын біздің – ұлттық құндылығымыз оның шығармасының ғұмыры ұзақ. Бүгін болмаса ертең, ұлтына қарамай-ақ өз оқырманымен ажырамастай табысатыны кәміл». [1]
Халық жазушысы Сайын Мұратбеков 1936 жылы, 15-шi қазанда Алматы облысындағы бұрынғы Қапал ауданындағы Қоңыр ауылында дүниеге келген. Сайынды жастайынан атасы Мұратбек өсiрiп тәрбиелеген. Өз әкесi Сапарғали Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангер.
1957–1963 жж. ҚазМУ-де сырттай оқыған, 1971 жылы Мәскеудегі Жоғары әдеби курсты бітірген. 1954–1962 жж. туған ауылында колхозшы, мұғалім, аудандық, облыстық газеттердің әдеби қызметкері, 1962–1972 жж. «Жұлдыз» журналында, «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағында кеңесші, Көркем әдебиетті насихаттау бюросының директоры, 1972–1977 жж. Қазақстан КП Орталық Комитетінде жауапты қызметкер, 1977–1980 жж. «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, 1980–1984 жж. Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, 1984–1986 жж. «Жазушы» баспасының директоры, 1988–1991 жж. Қазақстан Журналистер одағының екінші хатшысы болған.
Халық жазушысы Сайын Мұратбеков Алматы облысындағы бұрынғы Қапал ауданындағы Қоңыр тауының баурайында 1936 жылы, 15-ші қазанда дүниеге келген. Жастайынан атасы Мұратбек тәрбиелеген, әкесі Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгер. Демек жазушының ауыл тақырыбын өзек етіп жыр төгуінің негізі осында болса керек. Алты жасында анасы Разия қайтыс болады.
Сайын Мұратбеков – қазақ прозасында орны айқын жазушының бірі. Ұлы Отан соғысынан кейiнгi кезеңде халық құрметiне бөленген жазушы, көркемсөз зергерi, ерекше дарын иесi Сайын Мұратбековтың алғашқы шығармалары 50-жылдардың аяғында жариялана бастаған. Содан бергі уақытта «Менің қарындасым», «Ауыл оты», «Көкорай», «Отау үйі», «Жабайы алма», «Дос іздеп жүрмін» атты жинақтары, таңдамалы шығармалар жинағы жарық көрген. Жазушының туындылары – оқиға желісінің шыншылдығымен, тілінің көркемдігімен, кейіпкерлерінің адамгершілік қасиеттерімен ерекшеленіп оқырманын баурап отырады.
Әңгімелерінің басты тақырыбы мен өзекті мәселесі – ауыл өмірі мен әлеуметтік жағдайдың өзара байланысын суреттеу арқылы кейіпкерлердің азаматтық табиғи болмысын, адамгершілік позициясын, рухани тазалығын, жан сулулығын, нәзік құбылыстарын, сан қырлы қайшылықтарын, психологиялық этюдтермен бейнелі өрнектейді.
Сайын Мұратбеков қоғам қайраткері ретінде де абыройлы, үлкен қызметтер атқарған қаламгер. Сонымен қатар жазушы жас қаламгерлерге қамқорлық көрсетіп, ұстаздық етуде де үлкен азаматтық өнеге, тәрбие ұсынды.
Қашан да құнды болып қала беретін озық туындыларымен маңызды әлем әдебиетінің алтын қорына қосылуға лайықты шығарманың бірі – Сайын Мұратбековтің «Жабайы алма» повесті.
Сайын Мұратбеков жөнінде Шерхан Мұртаза «Зергер сөздің шебері жазушы Сайын Мұратбеков, өмірдің болмысын шынайы бейнелейтін таңғы шықтай мөлдір шығармалары арқылы оқырмандардың жан жүрегін баурап, ықылас-құрметіне бөленген сирек дарын иесі. Сайын біздің – ұлттық құндылығымыз оның шығармасының ғұмыры ұзақ. Бүгін болмаса ертең, ұлтына қарамай-ақ өз оқырманымен ажырамастай табысатыны кәміл».
Сайын Мұратбековтың еңбектері қазақ әдебиетінің бай қорына косқан өзіндік үлесі. Ал бұл үлес - қомақты, баға жетпес қымбат мұра еді.
Достарыңызбен бөлісу: |