3 1-бөлім. Тауартанудың пәні, мақсаты мен міндеттері



бет7/8
Дата16.11.2022
өлшемі79,64 Kb.
#158559
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Сатылым алаңындағы дайындық және тауарлық өнімді қабылдау
Технологиялық процестің сатылары
ҚОРЫТЫНДЫ

Қорыта келгенде мен Нұрасыл Жұлдызай МР-21-1 тобының студенті 10.10.2022-04.11.2022 уақыт аралығында «Dina» гипермаркетінен кәсіптік тәжірибеден өттім. Кәсіптік тәжірибе кезінде тауарлармен таныстық және оларды сөрелерде жинау тәртібін білдік.Әр тауардың өзіндік ақпараты туралы зерттеп, біле бастадық.Тауарлы ақпарат деген коммерциялық іс-әрекеттің субъектілері мен тұтынушылар үшін арналған тауар туралы мәлімет. Өндірушілер тауарлы ақпараттың алғашқы көздері және сатылатын тауарлар туралы сатушы мен сатып алушыларды хабардар ету қызметін жүзеге асырушы боп табылды. Бөлу каналдары бойынша тауар қозғалысының жылдамдығы, өткізу интенсивтілігі, сатуды ынталандыру, тұтынушылық талғамдарды қалыптастыру және тауардың өмірлік циклы ақпараттық қызметтің сапасынан тәуелді. Тауарлы ақпаратты пайдалану мақсатына қарай 3 түрге бөленеді: негізгі, коммерциялық және тұтынушылық. Негізгі тауарлы ақпарат дегеніміз нарықтық қатынастар субъектілері үшін арналған және идентификациялау үшін шешуші мәнге ие тауар туралы негізгі мәлімет. Негізгі ақпартқа тауардың атауы мен түрі, оның сорты , нетто-салмағы, өндіруші кәсіпорынның атауы, шығарылған күні және сақтау мерзімі. Коммерциялық тауарлы ақпарат дегеніміз өндіруші, жеткізуші мен сатушы үшін арналған және негізгі ақпаратты толықтыратын тауар туралы мәлімет. Бұл ақпаратқа делдал – кәсіпорын, тауар сапасы туралы нормативтік құжаттар, СЭҚ ТН бойынша өнімдердің ассортименттік нөмері және т.б. мәлеметтер кіреді. Мысалы, коммерциялық ақпарат ретінде штрих кодты айтуға болады. Тұтынушылық тауарлы ақпарат дегеніміз тұтынушылық талғамдарды қалыптастыруға арналған тауар туралы мәлімет. Осы ақпарат тауардың аса тартымды тұтынушылық қасиеттері туралы мәліметтерді қамтиды, яғни тағам құндылығы, құрамы, пайдалану және эксплуатациялау тәсілдері, қауіпсіздігі және сенімділігі және т.б. тауарда және орамасындағы әсем суреттері тұтынушылардың эмоционалдық қабылдауды күшейту үшін арналғанБұл ақпарат сөздік немесе цифрлік ақпаратты тек толықтырады. Символдық ақпарат дегеніміз ақпараттық белгілер көмегімен берілетін тауар туралы мәлімет. Ақпараттық белгілер деген тауардың жеке немесе жалпы сипаттамаларын идентификациялау үшін арналған шартты белгілер.. Штрих Код – автоматты идентификациялаудың кең тараған құралдарының біріт. АИ – ң өзге құралдарына цифрлік, магниттік, радиожиелік, дыбыстық және визуалдық идентификация(магниттік карточка және т.с.с.) жатқызылады. Тауар қорлары бұл өндіріс сферасынан тұтыну сферасына өту процесіндегі тауар масссының жиынтығы. Тауармен қамтамасыз етудің құрамдас бөлігі. Тауар қорлары тауар қозғалысының барлық сатыларында қалыптасады: өндірістік кәсіпорындарының қоймасында, тасамладу кезінде, көтерме және бөлшек тауар кәсіпорындар қоймасында. Тауар қорларын қалыптастыру қажеттілігі келесі факторларға негізделеді:


- уақыт, яғни өндіріс орыннан сату орнына дейін тауарды тасымалдау үшін уақыт,
- тауарды тұтыну мен өндірістегі маусымдық ауытқулар;
- өндіріс пен сауда тауар асортименттер арасында сәйкессіздік;
- өндірістің территориалдық орналасуының ерекшеліктері;
- жеткізуші мен сауда кәсіпорны арасындағы арақашықтық, тауарды тасымалдау шарттары;
- тауарды сақтау мүмкіндігі және т.с.с.
Тауар айналысының категориясы ретінде тауар қорларының болуы тауар айналысының процесін тиісті тауармен қамтамасыз ету қажеттілігіне негізделген. Тауарды сатқанға дейін тауар – тауар қорларының категориясына жатқызылады. Тауар қорлары әрдайым өзгеріп отырады. Сол себепті олардың көлемі нақты шаруашылық шартардан тәуелді. Сауда кәсірорнындарының тауар қорларының классификациясы:
- орналысу жеріне байланыстй(сауда кәсіпорындарында, өндірісте, тасымалдау кезінде);
- мерзіміне байланысты(кезеннің бастапқы және соңындағы тауар қорлары);
- өлшем бірліктеріне байланысты: абсолютті(құндық және натуралды түрде) және салыстырмалы(тауар айналымының күндері); - пайдалану мақсатына қарай:
- ағымдық сақтау(сауда кәсіпорындарының күнделікті қажеттілігін қамтамасыз ету үшін);
- маусымдық сақтау(ұсыныс пен сұраныстың маусымдық өзгерістері кезінде сауданың үзіліссіздігін қамтамасыз ету үшін);
- алдын-ала жеткізу(алыс жатқан сауда орындарында тауарды жеткізу уақыттары арасында сауданың үзіліссіздігін қамтамасыз ету үшін);
- мақсатты тауар қорлары(белгілі бір мақсатты шаралар жүзеге асыру үшін).
Тауар қорларының мөлшері көбінесе сауда кәсіпорынның тауар айналымының көлемі мен құрылымы арқылы анықталады. Тауар айналымы мен тауар қорларының мөлшері арасында оптимальды арақатынасты сақтау кәсіпорынның маңызды мәселелерінің бірі. Өйткені қорлар қажетті деңгейде болмаған жағдайында кәсіпорынның тауар айналымын қамтамасыз ету қиындай түседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет