Байланысты: Диcc.Оқу процесінде оқушылардың отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыру
Мінездік компоненттің критерийлеріне мыналар жатады: қоғамдық-саяси қызметтің тәсілдерін меңгеру; практикалық дағдылар мен ікемділіктерін меңгеру дәрежесі; субъектік қызмет тәсілдерін меңгеру. Бұл критерийлер төмендегідей көрсеткіштерде көрініс табады:
Қазақтандық патриотизм туралы білімдерін практикада қолдана алады;
Қазақстандық патриотизм құндылықтарын іс-тәжірибеде басшылыққа алады;
Қазақ халқының тілі, мәдениеті, салт-дәстүрлеріне қызмет көрсетеді;
Қазақстанның саяси рәміздеріне құрмет көрсетеді;
Мінез-құлқында және іс-әрекетте өзінің Отан тағдырына тәуелділігін сезінуін көрсетеді;
Болашақ мамандығын меңгеруде белсенділік көрсетеді;
Мінез-құлық пен іс-әрекетте азаматтың белсенділік сапаларын көрсетеді;
Жеке мінез – қылықы, практикалық іс-әрекеттерімен өз Отанын өркендеу міндеттеріне қызмет етуін көрсетеді.
Сондықтан, оқыту процесінде оқушылардың патриоттық сезімдерінің қалыптасқандығын алғашқы жағдайы және зерттеу барысында жасалынған эксперименттік әдістемені қолдану нәтижелілігін анықтау мақсатымен бұл процестің тиімділігін бағалаудың критерийлері, өлшемдері және көрсеткіштері нақтыланды (Кесте 3).