Мотивациялық копмоненттың критерийлері ретінде қазақстандық патриотизм құндылықтарына жағымды қатынас кәсіптік – патриоттық мазмұндағы бөлімдерге жағымды қатынастар, азаматтық позицияға оң қатынастар таңдалынып, оған мынандай көрсеткіштер тиісті:
Қазақстанның өркендеуін, гүлденуін қалау, оны міндет, өмірлік қажеттілік ретінде сезіну;
Отанға қызмет ету, оның дамуына үлес қосуды өзіндік борышы ретінде қабылдау;
Өз Отаны – Қазақстан Республикасына махаббат және садықтық;
Отанның тарихын қастерлеу, қазақ халқының тілі, мәдениеті, салт-дәстүрлерін құрметтеу және оларды меңгеруге ұмтылыс;
Отандық тағдырына, оның қауыпсыздығына жауапкершілік сезімі;
Болашақ мамандығын, кәсіптік білімдерді, іскерлік пен дағдыларды ігерудегі қалау, ұмтылыс, оларды Қазақстан Республикасының дамуы мақсаттарына жұмсауға қажеттіліктің сезінуі;
Қоғам өмірінде белсенді субъектілік позицияға ие болуды қалау және оған қажеттілік.
Достарыңызбен бөлісу: |