3 1-тарау. МӘнерлеп оқУ



бет27/126
Дата29.11.2022
өлшемі5,95 Mb.
#160312
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   126
Байланысты:
Мәнерлеп оқу КІТАП

Сөз екпіні

Қазақ тілі екпіні тұрақты және екпін сөздің соңғы буынына түсетіні ғылыми жағынан тұжырымдалған. Бірақ зерттеушілердің пайымдауынша екпіннің кейде сөздің алдыңғы буынына түсетін құбылыстары да кездеседі. Бұл құбылыс түбір сөзде де, қосымша жалғанғн сөзде де ұшырайды. Н.А.Баскаков пен А.Н.Кононовтың пікірінше түркі тілдерінде (қарақалпақ, өзбек тілдерінде) түбір сөздердің мына түрлеріне екпін бірінші буынға түседі:


а) атап-атап санаумен байланысты айрықша интонациямен айтылған есептік сан есімдерде (екі, алты, жеті, сегіз, отыз, алпыс, жетпіс, тоқсан т.б.), егер есептік сан есімдер атап-атап санаумен байланыспай, айрықша интонациясыз айтылса, жеке қолданылғанда да, басқа сөздермен тіркесіп айтылғанда да, әдттегідей, екпін соңғы буынға түседі. Мұндай құбылыс қазақ тілінде де бар. Мектеп жасына дейінгі балаларға, өте-мөте санамақ тақпағын ерекше екпінмен айтқанда не оқығанда есептік сан есімнің екпіні бірінші буынына түседі: (екім – екі, алтым – алты, жетім – жеті, сегізім – сегіз. Екі дегенім – егеу , алты дегенім – асық т.б.).
ә) логикалық жақтан айрықша интонациямен айтылатын сұрау есімдіктеріне (қайсы? қайда?) (қайдан? Қанша? Қашан? т.б.);
б) бұйыру интонациясымен айтылатын етістіктің ІІ жақ түрінде (отыр, тыңда, ойла, сөйле т.б.);
в) айрықша интонациямен айтылатын қаратпа сөздердің кейбір түрлерінде (қарағым, жаным, сәулем, қозым т.б.) екпін бірінші буынға түседі.
Мынадай омоформалар бір-бірінен екпіннің алмасып түсуіне қарай ажыратылады:
Зат есім Етістік
Көрме, бөлме, көрме, бөлме
Баспа, аялдама баспа, аялдама т.б.

Осындай айтылуы бір, мағынасы бөлек сөздерді дұрыс оқып, дұрыс айту үшін, олрдың әрқайсысын мәтіннің ішіне ендіріп, айтылу ерекшеліктеріне оқушыларды төселдірсе, тілдің жалпы ережеден ауытқыған екпіндік ерекшелігін түсініп, тануына пайдасы тимек. Өйткені қазақ тілінде екпінді өзгертумен байланысты сөздің дағдылы айтылу мәнері де өзгереді.


Сөйлеу процесінде акцентуациялық жақтан жігі ажыратылмай, бір екпін, бір ырғақпен айтылатын сөз тобы бар. Оған күшейткіш үстеулер жатады (өте, тым, аса, орасан, тіпті т.б.) Бұлар басқа сөзбен тіркесіп келгенде бір-ақ екпінмен айтылады. Мұны тіл білімінде энклитика (гректің «иілу» деген мағынадағы сөзінен жасалған термин) – дейді.
Сын есімнің күшейткіш буындары да екпінді өзіне тартып, негізгі мағыналы сөзді энклитикаға айналдырады, Мысалы: жап-жақсы, әп-әдемі, біп-биік, қып-қызыл т.б. Күшейткіш буыны дыбыс жағынан деформацияланған: көкпеңбек, аппақ деген екі сөзде екпін бас буында тұрады. Мысалы:


Ақ мақта

Аппақ-аппақ гүл мақта,


Арасында ер жеттім.
Мақта теру бұл жақта,
Әліппесі еңбектің.


(К.Сарыбаев)

Тіліміздегі –дай, -дей, -тай, -тей, -ма, -ме, -ба, -бе-пе, -пе-, -ша,-шесияқты қосымшаларға екпін түспейді. Мысалы:




Ала қарбыз

Ауға түскен сазандай


Шеттерінен байланып
Төңкерілген қазандай
Жатыр бәрі жайланып.
Үйіреді тартады
Шар секілді сәні де.
Тәбетің де артады
Бал-шекердей дәміне.
(К.Ержанов)

Құлдыр-құлдыр ойнайды.


Бөбек жүзі жайнайды,
Қиялдайды ойынша
Өз арманы бойынша
(Ә.Табылдиев)

Қазым, қазым, қаңқылда!


Көлде жүзіп салқында.
Жем-шашайын жейсің бе?
Кәмпит берші дейсің бе?


(С.Бегалин)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет