Меңдігүл мен қозысы
Күн деші, қозым,
Мә-ә-ә...
Гүл деші қозым,
Мә-ә-ә...
Үйренсеңші енді бір, -
деп кеіді Меңдігүл.
Қызының бұл ісіне
Күлді анасы сүйсіне:
Мә-ә деуді үйрет онан да.
Мә-ә деші, қозым!
Мә-ә-ә...
Пәлесің өзің,
Ә-Ә?!
Ақылдым! – деп, сөзі үшін,
Сүйіп алды қозысын.
4. Өлең жолдарындағы қарамен терілген сөздердің қай буынына екпін түсіп тұрғанын ажыратып түсіндіріңдер.
Қысқы кеш
Кешкі боран көкті бүркеп, Тозған лашық қамысындай
Қарды үйіріп соқты үдей Суылдайды кей уақыт,
Жас баладай өксиді кеп, Түн қатқан бір жолаушыдай
Кейде ұлып бөрідей. Қағады әйнек бейуақыт.
(А.С.Пушкин)
5. Мәтіннен сөздердің екпін түспейтін буындарын тауып, сөйлемін теріп жазып алыңдар. Содан кейін естілуі бойынша оқып, қандай заңға байланысты қысқарған себебін түсіндіріңдер.
ҚҰЛАГЕР
Испанияның Овьедо провинциясының қырық шахтері күндегісіндей автобуспен жұмысқа келе жатады. Жолда тескен тау бар екен. Автобус тескен тау арқылы жүретін жеріне келсе, нан тиеген арбаға жегілген құлагер ат тұр, айдаушы айқайласа да, сабаласа да, ат аяғын ілгері баспайды, осқырынып, кейін шегіншектей береді.
Жұрт ызы болып, не істерлерін білмей тұрғанда, жер астынан кенет тасыр-тұсыр дыбыс естіледі де, тескен таудың маңы қап-қара қою шаңға толып кетеді, - таудың тасы құлаған. Егер автобус құлагерден әнтек бұрын келгенде, әлгі 40 адам түгелдей қырылады екен. Сөйтіп, 40 шахтерді құлагер ат аман сақтап қалған.
Құлагерге риза болған шахтерлер ол жұмысқа жарамай, қартайған кезде атты өз қарамақтарына алып, бағып-күтуге уәделеседі.
6. Мәтінді көшіріп, тіркес сыртына екпіні түскен сөз топтарының астын сызып, сөз сазымен оқып беріңдер.
ӨЗ ІЗІ
Әлкенді ертіп ауылдың сыртына шықтым. Жер бетін аппақ, ұлпа қар басқан. Малдың, адамның, жорғалаған торғайдың ізі сайрап жатыр.
Мал қораға баратын жолмен келе жатырмыз. Бір кезде Әлкен қолымды сілкіп тастап, жолсыз жолмен жүгіре жөнелді. Ұлпа қарға із ап-айқын түсті.
Әлкен, бері кел, жолмен жүр!
Жолмен жүрмеймін.
Неге?
Жолдан ізім көрінбейді. Қараңызшы, мына жердегі ізім қандай әдемі! Ап-анық! – деп, өз ізіне өзі сүйсіне қарады.
Өмірде де өз ізін, өз белгің болсын! – деп тілек білдірдім.
(М.Төрежанов)
7. Мәтінді көшіріңдер де, әр сөйлемін сөз тіркесі тобына (фразаға) бөліңдер. Тіркестің шегін тік таяқшамен (І) белгілеңдер. Әр фразада қай сөз тіркес екпіні түсіп тұрғанын бөліп, үзік сызықпен (---) сызыңдар. Сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді ықпалды ирек сызықпен көрсетіңдер. Әр сөйлемді тіркес, тобына қарай ықпал заңын ескеріп, дауыстап оқыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |