3 1-тарау. МӘнерлеп оқУ



бет75/126
Дата29.11.2022
өлшемі5,95 Mb.
#160312
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   126
Байланысты:
Мәнерлеп оқу КІТАП

Оқытуды жоспарлау. Балалар бақшасында оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы оқу сағаттары болып табылады.
Оқу сағаттарын жоспарлаған кезде меңгерудің негізгі кезеңдері (бастапқы қабылдау, білімі мен іскерлігін кеңейту және жинақтау, оларды өмірде пайдалану – жаңа жағдайларға көшіру) ескеріледі, материалды қайталау және оны бірте-бірте күрделендіру сипаты көзделеді. Оқудың әрбір бөліміндегі оқу сағаттары басқа бөлімдердегі оқу сағаттарымен үйлестіріледі. Мысалы, балаларды айналасындағылармен, табиғатпен таныстырғанда тілді дамытудың кейбір міндеттері қоса шешіледі. Бағдарлама бөлімдерінің арасындағы байланыстар қайсыбір құбылысты әр түрлі жағынан көрсетуге, ол жөніндегі ұғымды тереңдетіп, бекіте түсуге, білім мен іскерлікті әр түрлі жағдайда пайдалана білуді үйретуге мүмкіндік береді.
Оқыту сабақтан тыс күнделікті өмір процесінде, ойында, еңбекте жалғастырылады. Күннің әр түрлі мезгілінде (таңертең және кешке) балалардың айналасындағылар жөнінде, табиғат туралы білімдері мен ұғымдарын байыту үшін бақылаулар жүргізу жоспарланады. Жоспарлауда бұл бақылаулардың бағдарламалық міндеттері мен негізгі тәсілдері көрсетіледі. Бақылаулар бүкіл балалар тобымен, шағын топтармен немесе жекелеген балалармен жүргізіледі.
Тәрбиеші мектеп жасына дейінгі балаларға білім беру жұмысын дидактикалық ойындар, дидактикалық материалдармен жаттығулар формасында да жоспарлайды және ұйымдастырады (мысалы, сөйлеудің дыбыстық мәдениетін дамыту, математикалық ұғымдар қалыптастыру мақсатында).
Сонымен, жоспарда оқытудың мазмұны, оны ұйымдастыру формалары, негізгі әдістері мен тәсілдері бейнеленеді.
Балалар ойындарына басшылықты жоспарлау. Балалар ойындарына басшылықты толық кемелінде жоспарлау тәрбиешіден ойынды жақсы білуді, сондай-ақ өз тобының балалары қандай ойынды өте-мөте жақсы көретіні, оның мазмұны кімнің кіммен ойнағысы келетіні, ойында балалардың қаншалық дәрежеде тәуелсіз екені, қандай ойыншықтарды артық көретіні т.б. жөнінде хабардар болуды талап етеді. Балалар ойындарының жастан жасқа қарай қалай дамитынын: олардың мазмұны қалай өзгеріп, қалай толысатынын, ойында балалардың мінез-құлқы қалай күрделенетінін, олардың тәуелсіздігі қалай өсетінін білу қажет. Осының бәрінің маңызды болатын себебі, балалардың ойын әрекеті емес, тәрбиешінің ойындарға басшылық ету жөніндегі педагогикалық әрекеті жоспарланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет