3 1-тарау. МӘнерлеп оқУ


Ұшсам мен де зымырап. (Ә.Табылдиев) Шекара



бет18/126
Дата29.11.2022
өлшемі5,95 Mb.
#160312
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   126
Байланысты:
Мәнерлеп оқу КІТАП

Ұшсам мен де зымырап.


(Ә.Табылдиев)


Шекара

Бізге басқа мектептен,


Бір қыз келген деген-ді.
Сәлемдесіп әдеппен,
Сыныпқа мана енген-ді.
Жаңа оқушы Мұраттың
Отырды кеп қасына.
Мұрат қойып ұятты,
Бастады оны басына.
Парта бетін бір сызды:

  • Маған қарай баспа – деп.

Қайта орнынан тұрғызды:

  • Шекарадан аспа! – деп.

Бүгінгі есеп қиын-ды,
Мұрат терге малынды.
Көршісіне қиылып:

  • Көмектес, - деп жалынды.

Бұл қылығын қызықтап,
Жанындағы «батырды»:

  • Шекарадан – сызықтан

Бері аспа! – депқатырды.
Білмей батыр не дерін,
«Шекараны» өшірді.
Дина беріп көмегін,
Қателігін кешірді.


(А.Меңжанова)


Бақылау жұмысы

Орфоэпия ережесін сақтап мәтінді ауызша оқыңдар




Үш дос

Күн шыға мал өреді. Қозы-лақтардың өрісі бір бөлек. Қозы бағу балаларға тапсырылады.


Тепсеңнен гүл-бәйшешек тере жүріп, сылдырап аққан бұлақ суына жуынсаң, құс әнін тыңдасаң, қандай қызық! Асық ойнап, табан тоздырудан гөрі табиғат көркіне құмар балалар қозы-лақ бағуға құлшынып тұрады.
Әміре, Әбдірәби, Дәкінің кезегі бір күнде келеді. Үшеуі бір ауылда туып, бір өсіп келе жатса да, бірінің мінезін бірі біле бермейтін-ді. Бірде ойнап жүріп, Дәкі асығын әп-сәтте Әбдірәбидің бір дорба қызыл-жасыл боялған асығын ұтып алды. Әбдірәби дау шығарды.

  • Әкел асығымды, өтірік ұттың!

  • Бермеймін, әділ ұттым! – дейді Дәкі.

  • Сенің сақаң жалған, ішіне қорғасын құйып алғансың.

Әбдірәби шыдамсыз екен, Дәкінің жағасына жармасты. Дәкі дорба толы асықты қоя салып, Әбдірәбимен ұстаса кетті. Күрес ұзаққа бармады. Дәкі жамбасқа салып, дік еткізіп алып соқты. Әбдірәби орнынан тұра сап, қайта ұмтылғанда, араға Әміре түсті:
- «Жығылған күреске тоймас» дегендей сенікі дұрыс емес. Асық атқанда, Дәкі сен де қараулық жасадың, сақаңның ауырлығында да гәп бар. Сондықтан асықты бөліп алыңдар.
Сонан бері үшеуі бірін-бірі шын сыйлайтын болған. Бірақ кейінгі кезде Әбдірәби әлденеге өкпелеп жүр. Дәкі әңгіме айтса:
- Үлкен әкем осы өңірге белгілі палуан болған... Ал өз әкем Жанғұтты байдың жылқышысы ғана емес, сайысқа түскен палуан. Мен де әрі жылқышы, әрі палуан боламын, - дейді.
Әбдірәбидің әкесі – қой аузынан шөп алмас момын адам. Осыны ойлағанда Әбдірәбидің еңсесі түседі.

  • Мен әкем құсап қойшы боламын, - деп жерге қарайды.

  • Бірің жылқышы, бірің қойшы болсаң, мен орталарыңдағы әнші болам, - дейді Әміре.

  • Әншілікті кім берген, сен де әкең сияқты малшы боларсың, - дейді аналар.

Әміре аспанға құлақ түріп:

  • Тыңдаңдаршы, - дейді.

  • Нені?

  • Сайраған бұлбұл үнін.

Әміре құс үнін айнытпай салып береді. Дәкі мен Әбдірәби аң-таң.

  • Әміре, мұны қайдан үйренгенсің? - дейді аналар.

Кеше кеште Серік ағам бір үйге апарды. Өзі жасап берген кішкентай домбыраны қолыма ұстатты. Бәрінің назары маған ауды. Жирен мұртты қымыз сапырып отырған адам: «Айналайын Әмірежан кеп қапты», - деп, мені қасына отырғызды. Мынау сенің сыбағаң деп, құлақ берді.
- Қарағым, осы ауылдың кәрі-жасы сені әнші дейді ғой, лебізіңді естиік, - деді сонан соң. Серік ағама қарадым. Осы жымиып, басын изеді. Мен «Қараторғай», «Сұржекей» әндерін айттым. Үй иесі мұртымен қытықтап, бетімнен сүйді. – «Сен үлкен әнші боласың», - дейді Серік ағай. Жақсы адамдардың айтқаны келуге тиіс... Мен білсем, Дәкі, сен де, Әбдірәби, сенде де өнер бар...
Дәкі мақтаншақ еді, жұлып алғандай:

  • Қандай өнер? – деді елеңдеп.

  • Күрес те өнер, - дейді Серік ағам - Әбдірәби, сен де әкеңе көмектесіп, қой бағасың. Жауынның жауатынын алдын ала болжай аласың. Бетеге, изен, жусан сияқты шөптердің қайсысы пайдалы екенін жақсы білесің. Бізден гөрі сенің білетінің көп болады.

Әміре сөзі көңілден шықты. Дәкі мен Әбдірәби бойларында кәдеге жарайтын жақсы нәрсенің барына қуанады...
Көп жылдар өтті. 1925 жылдың жазында Париж қаласында өткен дүние жүзі әншілерінің бас қосқан жарысында дөңгелек қара көзді, келбетті жігітекінші бәйге алды. Белгілі палуан Дәкі, Семей комбинатының ет кесуші шебері Әбдірәби мерейлі табысымен құттықтады.


(Ж.Шәкәрімов)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет