3 1-тарау. МӘнерлеп оқУ


Мәнерлеп оқу мен әңгімелеп берудің дағдылары



бет20/126
Дата29.11.2022
өлшемі5,95 Mb.
#160312
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   126
Байланысты:
Мәнерлеп оқу КІТАП

2.2. Мәнерлеп оқу мен әңгімелеп берудің дағдылары

Ауызекі сөйлеу тілі дауыс нақышына аса бай. Ауызекі сөйлескен екі адам бір-біріне айтайтын деген ойын, сезімін білдіргенде, дауыс реңкін әлденеше құбылтады. Мәнерлеп оқудың барлық тәсілін жете игеру үшін көп дайындалуы, үнемі жаттығуы керек, сонда ғана мәнерлеп оқуға төселеді, дағдыланады, оның сиқырлы сырын игереді.


Көркем сөз оқу өнерімен жаңа шұғылдана бастағандар радиодан, теледидардан, эстрададан көркем сөз оқитын шеберлерді мұқият тыңдап, көңіл зердесіне түюі керек. Әр сөзге жан бітіріп, майын тамызып сөйлейтін шынайы шеберлеріміз де бар. Олардың сөйлеу мәнері жанға жағымды, көңілге қонымды, дауыс ырғағына зейін қойып тыңдау – көркем сөз өнерін үйренушілерге жанды құрал. Күн сайын радио арқылы балдырғандарға арналып берілетін хабарлар бала тұрмақ, үлкендердің өзін елең еткізеді, ал тәрбиеші-ұстаздарға ол үнемі үйренетін үлгі-өнеге дерсің. Бірақ еліктеудің де шегі бар. Көркем сөз оқуда не әңгімелеп беруде бөгде дауыспен сөйлеп, біреудің ым-ишарасына дейін аудармай салу тыңдаушыларын жалықтырады. Сондықтан көркем шығарманы дауыстап оқып, не әңгімелеп беруші өзінің табиғи даусы сазын көркем туындының мазмұнына қарай өркендеп, жүзін көрмей-ақ әнінен тани келетін дауыс сазын, өз стилін табуы керек. Бірақ үйрену мен еліктеу бір нәрсе емес, ол көркем сөз оқушы өнерпаздардың іс-тәжірибесінен ғибрат ала отырып, сол өнерді ары қарай дамыту деген сөз.
Көркем сөз оқу өнерімен жаңа талаптанып жүргендер, тәрбиеші-ұстаздар әуелі мөнерлеп оқу мен нақышына келтіріп әңгімелеп берудің – интонация ( сөз сазы, айтылу мәнері), логикалық екпін, пауза (дауыс толасы, кідіріс), дауыс күші және басқа тәсілдерін дәйектілікпен игеруі қажет. Көркем сөз оқушы осы тәсілдерін дәйектілікпен игеруі қажет. Көркем сөз оқушы осы тәсілдердің біреуін ғана қолданбаған жағдайда оның сөзі, әңгімесі солғын шығады, тыңдаушыларын баурап әкете алмайды.
Енді сол мәнерлеп оқудың тәсілдеріне тоқталайық.
Мәнерлеп оқу әрекетіне дағдыландыру
Мәнерлеп оқу дегеніміз – дауыс интонациясы арқылы автордың ойын білдіру, мазмұндық ой екпінін дұрыс қоя білу, ақырында оқығанды түсініп, кейіпкердің көңіл-күйін сезіне оқи білу.
Мәнерлеп оқуда басты 3 міндет орындалады:
1) Оқушылар шығарманың мазмұнын түсінеді;
2) Шығармадағы кейіпкерлер қайта жасалады;
3) шығармадағы көңіл-күй көрсетіледі.
Ендеше ол сезімге, қиялға әсер етеді, әркімнің көңіл-күйі көрінеді. Оқушылар сөйлемдегі сөздердің мәнін (әсіресе, омоним сөздер), шығарманың көркемдігін және оның әсерлілігін мәнерлеп оқу арқылы байқайды.
Мәнерлеп оқу үшін әр сөздегі ойдың ара жігін ескере отырып, дауыс құбылтып, тиісті жағдайда сөздерге реңк беріп оқиды.
Оқу – графикалық таңбалар арқылы қағаз бетіне түскен сөздер мен тіркестердің мағынасы мен мазмұнын ой мен сананың нәтижесінде қабылдай отырып, одан қажетті деректі түсініп, сұрыптап алу – ауызша сөйлеу әрекетінің басты мәселесі.
Оқу, біріншіден, ой мен мидың жұмысына байланысты болса, екіншіден, жазылған графикалық таңбалардың тізбегін танып білуге қатысты. Үшіншіден, мұнда осы таңбалардың ішкі мән-мағынасын дұрыс түсінудің рөлі зор. Осындай ерекшеліктер іске асқан жағдайда ғана оқылған материалдан керек ақпараттар жинақталып, оқушының ауызша сөйлеу әрекетіне жақындай жасалады.
Тіл дамыту сапалы болу үшін оқу үдерісі мен дауыстап оқуды ажырата білген жөн. Оқу – берілген материалды түсініп, ұғу ғана емес, ондағы әрбір тілдік қатысымдық тұлғалардың мағынасын білу, қалпын тану және оны тілдік қарым-қатынаста кеңінен пайдалана білу.
Ал дұрыс оқу ішкі мазмұнды толық ескере бермей, графикалық таңбаларды танудың нәтижесінде оны дыбыстау аппаратының қимыл-қозғалысына салу, сөйтіп, сөйлеу мүшелерінің көмегімен оқып шығу. Мұндай дауыстап оқу кезінде мәтіннің мазмұны түсініксіз болып қала беруі де мүмкін. Ойлау әрекеттерін толық атқармай, адамға қажет хабар алынбауы да ықтимал.
Дауыстап оқу акустикалық мақсаттың шеңберіннен шығып, сөз тіркесі, сөйлемдердің мағынасын түсінуге, оны сана арқылы қабылдауға, мәтіннің ішкі мазмұнын баяндауға бағытталса, онда ол жай оқудың үлгісінен өтіп, мазмұнды оқуға айналады. Бұндай жағдайда дауыстап оқу оқылымның тиімділік жағын арттырып, оның негізгі компонеттерінің бірі болып табылады.
Оқу үдерісінде төрт негізгі компенент үздіксіз қатысып отырады:
1. Көру мүшелері.
2. Ойлау мүшелері.
3. Тілдік тұлғалардың таңбалық тізбегі.
4. Қатысымдық тұлғалардың мағыналық тізбегі.
Сонымен қатар бірнеше қосымша компоненттер қатар жұмыс істейді:
1. Дауыстау мүшелерінің қимыл-қозғалысы.
2. Дауыстап оқу.
3. Есту мүшелерінің жұмысы.
4. Тілдік материалдар жиынтығы.
Тілді үйрету барысында жүргізілетін оқуды әдіскерлер бірнеше түрге бөледі. Аналитикалық оқу, синтетикалық оқу, дайындық оқу, дайындықсыз оқу, негізгі оқу, қосымша оқу т.б. бұлардан басқа соңғы жылдары тіл үйретуге байланысты тұрақты орын тауып, жиі айтылып жүрген оқу әрекетінің түрлері мыналар: танымдық оқу, зерделік оқу, іздемдік оқу таңдап оқу.
Ал кейбір әдіскер тілшілер (Е.И.Пассов, С.К. Фоломкина) оқуда үйрету дегеннің өзі оқылымға тән барлық қасиеттерді жете білу, жан-жақты меңгеру деген сөз, сондықтан оқуды жіктеп, ажыратып, түрлерге бөлу тиімді емес, қазіргі өлшемдер бойынша оны анадай түр десек, әркім оның елеусіз ерекшелігін қарап жіктей береді деген пікір білдіреді. Олар белгілі бір тілді оқудың бір ғана түрі болуға тиіс.
Танымдық оқу дегеніміз – тіл үйренушінің кез келген қызықты, танымдық мәні бар мақала, кітап, пікір, газет-журнал т.б. материалдарды оқып-түсінуі. Танымдық оқуда арнайы ізденушілік, сол материалдарды зерттейтін деген мақсат бола бермейді. Мұндай оқу белгілі бір ақпаратты зерттеуден гөрі, жалпы өмірден хабардар болу үшін жүргізіледі.
Танымдық оқу барысында шығарманың мәтіні, барлық мазмұны тұтас есте қалмайды, соның ішінен автор өзінің қабілеті мен қажетіне қарай ең маңыздысын ұғып, пайдаланады. Әдіскерлердің айтуынша, мұнда жағдайда мәтін мазмұнының 70 пайызы есте сақталып, негізгі айтылар дәйекті ой соның құрамына енуі тиіс.
Зерделік оқылым бойынша оқушы берілген материалды, не мәтінді түгел және толық түсініп оқу керек. Мәтіннің барлық мазмұнын игеріп, ондағы ақпараттың бірден-бірін ескерусіз қалдырмайды. Сонымен бірге үйренуші шығармаға, яғни мәтінге талдау жасайды. Сөйтіп бүкіл материалды жан-жақты зерттейді. Кей ретте зерделік оқылым арнайы жасалған сызба, кесте, сурет, жоспар, көрнекілікпен қатар жүргізіледі. Қажетіне қарай мәтіннің (шығарманың) кейбір тұстары қайта оқытылып, сөйлемдерге айрықша назар аударылады. Немесе олар арнайы белгілермен ажыратылып, дауыстап айтылады.
Ізденімді оқу – берілген материалдың (мәтін, шығарма, кітап т.б.) ішінен автордың өзіне керекті деректі, хабарды, сілтемені, көрсеткішті т.б. іздеп тауып, пайдалана білуі. Біріншіден, мұндай оқу жылдамдықты қалайды, екіншіден, көлемді мәтіннен әркім өз қажетін таңдап алуға мүмкін болатын іскерлікті қажетсінеді. Ізденімдік оқу барысында оқушы кітап пен тұтас материалды түгел оқып жатпайды, тек өзіне керектісін мазмұннан, жоспардан, кестеден т.б. іздестіріп тауып алады және нені іздеп табу керектігін алдын ала біледі.
Ізденімдік оқу – оқушының көру қабілетін ұштайды, қажет материалға бірден назар аудара білуге баулиды. Бұл оқу тапсырмамен жаттығу арқылы да жүзеге асырылады. Мысалы: мәтіннен қажет анықтаманы тауып оқу, берілген ережеге сай мысалдарды табу, т.б.
Таңдап оқу – берілген материалдарды жүйелеп қарап шығып, оның не туралы екенін қысқаша анықтап беру, оның тақырыбын айқындау, ең басты мәнін, ерекшелігін танып көрсету. Оқушы мұндай оқу арқылы мәтінмен қалай жұмыс істеу керек, оның мазмұнын қалай ашу қажет, түсініктеме, қорытынды, ескертпе, сөз тізбектеріндегі қандай мәселелерге ден қою керек т.б. деген сияқты сауалдарды шешуге үйренеді, ең негізгі мәселені таңдауға жаттығады.
Оқушы әр тарауды тақырыпқа бөліп көрсету арқылы қайсысына айрықша назар аудару керектігін, қандай ақпарат маңызды рөл атқаратындығын тануға мүмкіндік алады. Сол үшін әр мәтін ішкі-сыртқы құрылысына қарай дайындалып ұсынылады.
Аналитикалық оқылым – шығарманың мазмұнымен қоса лингвистикалық ерекшелігіне талдау жасап оқу: тілдік бірліктер мен формаларды оқыту, салыстыру, талдау. Бұл оқу сөйлеуге үйретуден гөрі тілдің лингвистикалық базасын жасауға, оқушының филологиялық білімін тереңдетуге көп септігін тигізеді.
Оқу екі түрлі қалыпты жүзеге асады. Бірі – іштей оқу, екіншісі – дауыстап оқу. Дауыстап оқу жылдамдығына қарай, тез оқу және баяу оқу деп те бөлінеді.
Іштей оқу – берілген материалдарды не тексті үн шығармай, сөйлеу мүшелерін қимылдатпай, не сәл ғана қозғалту арқылы көзбен оқу.
Іштей оқу оқылымның негізгі формасы, қалпы болып саналады. Ол, біріншіден, монологтық сипатта болып, көбінесе бір адамға қатысты болады. Екіншіден, іштей оқығанда адам текстен информацияны өзі үшін алады. Үшіншіден, ол информация алудың ең тиімді де төте жолы болып табылады. Төртіншіден, бұл оқушыға түсетін жүктеменің көлемін кемітеді.
Дауыстап оқу – материалды қатты, мәнерлеп, барлық сөйлеу аппаратын іске қосып, айналасындағы адамдарға естіртіп, үнмен оқу.
Мәтінді дауыстап оқу арнайы мақсаттарға сай жүргізіледі. Дауыстап оқу белгілі бір хабарды адам өзі үшін ғана емес, екінші адамға жеткізгісі келгенде орындалады. Дауыстап оқу қашанда диалогтық сипатқа ие, өйткені бір адам оқиды, екінші адам оны тыңдайды, үдеріс екі адамның арасында жүреді.
Дауыстап оқу дыбыстарды дұрыс айтуға, сөйлеу мүшелерін жетілдіруге, оқығанды еске сақтауға негіз бола келіп, іштей оқуға үйрететін алғашқы қадам болып табылады.
Тілді үйрету кезінде оқу үдерісін жете меңгертілу үшін төмендегідей дағдылар игертіледі.
1. Адамның көру қабілетін жетілдіру. Сол көздің жазба бірліктермен тікелей байланысын қамтамасыз ету.
2. Оқылған материалдарды кедергісіз есту, тыңду қабілетін жетілдіру.
3.Оқудың техникасын жан-жақты меңгеру және оны ауызша сөйлеуден ажырата меңгеру.
4. Қатысымдық тұлғалардың мағынасы мен қызметін дәл танып білу және жете меңгеру.
Тұжырымдағанда ауызша сөйлеу мен оқу байланысты болады. Сондықтан мәтінді дұрыс оқи білген оқушы оның мазмұнын түсінеді, есте сақтау арқылы мазмұндауды игереді. Демек, ауызша сөйлеу негізінде лингвистикалық білімге, ережелерге сүйенетіндіктен ауызша сөйлеу икемділіктері мен дағдыларын дамыту үшін тілдік қатысым заңдылықтары мен қағидалары меңгертіледі.
Тіл зерттеушілері мәтінді оқып түсіну барысында мынадай әрекет сатыларын ерекше атап өтеді:
1) үш құрамнан тұратын сөз мағынасын анықтау: лексикалық (сөз мағынасын қоршаған айналаның заты немесе құбылыстарымен салыстру), синтаксистік (сөздің өзара немесе сөйлемдердегі байланысын анықтау), контекстік (берілген контексте сөз мағынасын, ерекшелігін айқындау);
2) мәтіннің мазмұнын оқырман тәжірибесі негізінде болжамдау;
3) мәтіннің шын мәнісіндегі мазмұнын мәнді кезеңдері бойынша анықтау.
Осыған сәйкес, оқу үдерісінде төмендегі икемділіктер қамтамасыз етіледі.
- таныс емес сөздердің мағынасын сөз құрастыру элементтері мен контекст бойынша, сөздіктің көмегімен анықтау қабілеті;
- тұлғалық белгілері бойынша грамматикалық құбылыстардың мағынасын анықтау қабілеті;
- жекелеген құрам бойынша сөз тіркесін тани білу қабілеті;
- қатар элементтері бойынша сөйлемдер құрылымын анықтау қабілеті;
- байланыстырушы элементтер негізінде сөйлемдер арасындағы мағыналық байланныстарды нақтылауға қабілеті;
- мазмұндалған деректерді (факты) жалпылау қабілеті;
- мәтінде берілген хабарлама негізінде қорытындылау қабілеті;
- мәтінді түсіндіру және дәлелді бағалай білу қабілеті.
Барлық атап өтілген қабілеттер мен дағдылар, мәтін мағынасы тілдік нұсқаларды талдау арқылы анықталатын жағдайда талдап оқу барысында қалыптастырылады.
Мәтінді оқу барысында басты деректерді табуға дағдыландыру үшін мәселесі ретінде қандай материал негізінде үйретуге болады? Бірден айта кетейік, оқудың түрлерін үйрету жекелеген түрде болуға тиіс, өйткені оқу түрлерінің әрқайсысы өзіндік психологиялық ерекшеліктермен, мағыналық қабылдау ерекшелігімен, өзіндік мақсаттарымен сипатталады.
Талдау оқу барысында баяндалатын хабарды (деректі) толық және дәл түсіну мақсаты қойылады. Мұндай мәтіннің көлемі көбінесе шектеулі. Бұл мәтіндер негізінде тілдік құбылыстарды талдау үшін қолданылатындықтан, олар лексикалық, грамматикалық пішіндердің молдығымен, қиындығымен, фразааралық байланыстардың байлығымен сипатталады. Мысалы:
Балықтар мен сілкіну құбылысы
Терең су түбінде өмір сүретін балықтар ерекше әрекеттері жер сілкінуді алдын ала болжай ала ма? Жапондық профессор Ясуо Суэхира: «Ия, болжай алады», - деп сенімділік білдірді. Бірқатар жылдар ішінде ол осындай жәйттерді дәлелдейтін материалдар жинақтаған. 1923 жылы болған жер сілкінісі салдарынан Жапонияның астанасы Токио қирады. Осы апат салдарынан 2 күн бұрын, Токио қаласына жақын су жағалауынан терең су түбінде өмір сүретін балықтың түрі табылған.
1936 жылдың қараша айында Токио радиосы мен теледидары профессор Суэхираны Нлидзиме аралына, сол жерде табылған алты метрлік терең су түбінде өмір сүретін «теңіз ғаламаты» туралы ғылыми хабар өткізу үшін шақырды. Профессор уақытының жоқтығынан баруға келіспеді, сөйтіп қалжыңдап, сол аралда жақын арада жер сілкінісінің болатындығын айтты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет