3 1-тарау. МӘнерлеп оқУ



бет23/126
Дата29.11.2022
өлшемі5,95 Mb.
#160312
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   126
Байланысты:
Мәнерлеп оқу КІТАП

Ақша қар

Айналамда ұшып жүр,


Ақ мамық қар себелеп,
Қалт-құлт еткен бейне бір
Ақ қанатты көбелек.
Хамит Ерғалиевтың «Жаңа жыл» сияқты тақпақ-жырларын оқығанда, дауыс сарыны көңілді шығады.
І.Жансүгіровтың «Төрт түлік жыры» мейірімді үн, жылы леппен оқылады.


Бөрте лақ

Шөре-шөре, лағым,


Тентек болма, шырағым!
Секектеме, деміңді ал,
Селтеңдемей құлағың.

Ботақаным – бөбегім


Қара көзің мөлдіреп,


Қызықтырмай қоймайды.
Жібек жүнің үлбіреп
Қарасам, көз тоймайды.


Әукешім

Әукім-әукім, әукешім!


Қасиыншы әукесін.
Енең әне келеді,
Ақ мамасын береді.


Құлыншағым – құндызым

Құлыншағым – құндызым,


Құлдырайды шабады.
Жылтылдаған жұлдызым,
Құстай қанат қағады.

Қазақ ақын-жазушыларының балаларға арнап шығарған туындыларының көпшілігі балдырғандарды көңілді күлкіге бөлейтін мазмұнда келеді. Мысалы, Ө.Тұрманжановтың «Құмырсқалар, аралар – айнымас дос құдалар» атты өлең-ертегісін дауыстап оқығанда, араның тойына келіп, өнерімен аспақшы болған жәндіктердің би билеуі көңілді үнмен күлдіргі болып естіледі.


Балаларға арналған халық ертегілерін айтқанда, дауыс сарыны көбіне көңілді шығады. Ертегі қаһармандары қашан да көксеген мұраттарына жетіп жатады. Қандай күшті жауларын жеңіп шығатын батыр, не қиындықтан құтылып кететін айлакер, тапқыр, қайсар болып келеді. Қиял-ғажайып ертегілердегі неше түрлі кереметтер – хан қызының аққу болып ұшып жүруі, баланың құйыршыққа айналып кетуі, аттарға тіл бітіп сөйлеуі, тауды қопарып алақынында ұстайтын, көлді тауысып, аузына ұрттап жүретін дәулер, ай десе аузы, күн десе көзі бар сұлулар, әп-сәтте салынған таңғажайып алтын сарайлар, күміс бәйтеректер, мөлдір бұлақты, салқын самалды бұлбұлы сайраған бақтар орнатып жіберетін сиқырлы заттар, ұшатын кілемдер жайлы ертегілерді оқитындар дауыс әуеніне өзгеше бір құпия сырлы үн реңкін енгізуі тиіс.
Мұңды сарынмен оқылатын шығармаларға кейбір лирикалық өлеңдер жатады. Мысалы:

Мен көрдім ұзын қайың құлағанын,


Бас ұрып қара жерге сұлағанын.
Жапырағы сарғайып, өлімсіреп,
Байғұстың кім тыңдайды жылағанын?!
(Абай)

Сол сияқты Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Кедей» позмасындағы күзгі қара суық, тас қараңғы түнде ұйқысыз, жаурап, күзетте отырған қойшының жабырқаңқы көңіл күйін шертетін өлең жолдары оқылғанда, үн мұңды сарынмен шықпақ.


Күзгі түн, шөптің басын қырау көмген,


Ызғар шашып, бұлт мынау жерге төнген.
Қараңғы итпен бірге қой күзетіп,
Мен ояу, ел ұйқыда оттар сөнген...

Абайдың «Күз» деген өлеңінде де аспанды түсі суық бұлт қаптап, тұман түсіп, айналаның көңілсіз сұрқын, көз тартатын көркі – жапырағынан айырылып сидиған ағаштарды, солып, қураған табиғат кірінісін, шат-шадыман жайнаған жазбен балалардың қоштасуының суреттелуі орындаушыға өлеңді жабырқау үнмен оқуын қажет етеді.




Күз

Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,


Жастар күлмес, жүгірмес, бала шулай.
Қайыршы, шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айрылған ағаш қурай...
(Абай)

Сонымен, дауыс сарыны көркем шығарманың мазмұнына лайықты шығуға тиіс. Негізгі дауыс сарынының құбылуына көркем туындының жанры, стилі, тілі де әсерін тигізеді. Айталық, мысалдар, лирикалық өлеңдермен салыстырғанда, басқаша әуенмен оқылады. И.А.Крыловтың Абай аудармасындағы «Түлкі мен қарға», «Шегіртке мен құмырсқа» мысалдары ауызекі сөйлеу тілінің күлдіргі, сайқы-мазақ, мысқыл үнімен айтылады.


Лирикалық өлеңдерді автордың ішкі жан дүниесінің сезім толқыны, тебіренісі, толғанысы жырланатын болғандықтан, қоңыр сазбен, кейбір мұңды, нәзік үнмен, ерекше әуезбен орындалады.

Жас жүрек, қайда сенің ыстық қаның?


Тап мұндай мұздауыңның айтшы мәнін!
Тәтті үміттің қиялы сәуле беріп,
Ұйықтатпайтын толқынның жойды бәрін.

Қызған темір жатқандай көкіректе,


Сыймайтын мезгіл қайда қанға жаным?!
Нанғыштық, құлай көнгіш, тәтті үміттен.
Бұл күнде айтшы неге бет бұрғанын.

(С.Торайғыров)


Әр жазушының стилі, творчестволық ерекшелігі дауыстап оқылған шығармаларының естілу әуені мен орындаушының мәнеріне, сөзсіз әсерін тигізеді.


Мысалы, Н.А.Некрасовтың «Мазай атай мен қояндар» деген өлеңі хабарлама түрде жазылған. Сондықтан түрі мен мазмұнына лайықты қоңыржай, баяу үнмен оқылады. (Әңгімені қарт айтады). Е.Елубаевтың «Асар» деген жұмбақ-ертегісі де бір қалыпты қоңыржай дауыспен оқылса керек. Ал, Бұған керісінше, мазмұны күлдіргі тақпақтар, санамақ, мадақтама, мазақтама сияқтыларды оқығанда, дауыс нақ-нақ шығады. Мысалы, Т.Шопашевтың «Барабан» деген өлеңін алайық:

Тук-тук соғылды барабан.


Тық-тық-тық жарысып даладан.
Көп-көп-көп кішкентай адамдар,
Топ-топ-топ басылды табандар.
Гүр-гүр-гүр тоқталды ызың –шу
Дір-дір-дір желпінді қызыл ту.
Һе-һе-һе шырқалып ән кетті,
Сап түзеп колонна сән кетті.

Бұл тақпақтағы дыбысқа еліктеуіш сөздермен берілген ырғақтар барабанды соққандағы естілетін дыбыстар, тарсылдаған аяқ басыстар оқылғанда, қатты үнмен үздік-үздік шығады.




Санамақ

Бір дегенім – бөрік,


Кисең бойға көрік,
Екі дегенім – етік,
Киер сәнді етіп.
Үш дегенім – ішік,
Теріден тігер пішіп.
Төрт дегенім – тымақ,
Қыста кисең жылы-ақ.
Бес дегенім – байпақ,
Іші жылы, жайпақ.
Алты дегенім – алқа,
Мойныңа тақ, қалқа.
Жеті дегенім – жейде,
Көйлек деп жүр кейде,
Сегіз дегенім – сеңсең,
Жылысы тонның сенсең.
Тоғыз дегенім – телпек,
Болма, бала, тентек.
Он дегенім – оймақ,
Жүрме босқа ойнап.

(М.Қуанышбеков)


Бұл санамақ ширақ, анық оқылып, бунақ кідірісі үзік-үзік шығып, ырғағы нақ-нақ түсіп, дауыс ойнақы шығады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет