3 1-тарау. МӘнерлеп оқУ



бет24/126
Дата29.11.2022
өлшемі5,95 Mb.
#160312
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   126
Байланысты:
Мәнерлеп оқу КІТАП

Пай-пай!
(мадақтама)

Бұл бала
Қай бала?


Пай! Пай!
Қарашы, үстіне
Өзіне!
Бір кіршік
Түсті мен
Көзіңе?
Пай! Пай!
Тап-таза
Ақ қағаздай
Киімі
Мұнтаздай.
Пай! Пай!
Жарайсың,
Балақай!
Дейміз біз
Мадақтай:

  • Пай! Пай! Пай!

Берілген мадақтамадағы ризалық, қостауды білдіретін мәндер бунақ кідірісі мен ырғағына орай тақ-тақ айтылып, оқығанда дауыс ширақ, ойнақы, нық шығады.




Бай! Бай!

Бұл бала Алынған


Қай бала? Бай! Бай!
Бай! Бай! Киімінде
Қарашы үстіне, Көп сатпақ:
Өзіңе: Жеңінде –
Адам ба? Дақ, батпақ.
Түсті не Өңірі
Көзіне? Жыртылған,
Бай! Бай! Балағы
Бет-ауыз Қырқылған -
Кір айғыз Жабайы
Бес батпан, Бұл қандай?
Мойыны – Бай! Бай!
Күс қатқан. Ұят-ай,
Тырнағы Балақай!
Сояудай. Дейміз біз
Бай! Бай! Мазақтай:
Аяқ-қол Көрінбе,
Жарылған, Кет, ойбай!
Терісі Бай! Бай! Бай!
(Е.Өтетілеуов)

Мазақтамада күлкі де, түрткі де бар. Осыған лайық дауыс әуені басында күлдіргі, соңында зілді шығып құбылып оқылады. Орындаушының негізгі дауыс сарынын қоя білмей қателесуі тыңдаушылардың шығарма мазмұнын дұрыс түсіне алмай қалуына әкеп соғады. Айталық егер «Үш аю» ертегісін оқығанда, көңілді тек тоғайда адасқан Машаның мүшкіл халіне аударсақ, онда балалар халық ертегілерінің көпшілігіне тән оптимизмді байқамайды. Ертегінің негізгі идеясы кішкентай қыздың ажалдан құтылуы оның өз тапқырлығының арқасында болғанын түсінбей қалар еді. Сондықтан орындаушының мәтінмен алдын ала жұмыс істеу үшін, алдына қоятын негізгі мақсаты шығарманы терең талдау, мазмұнына әбден түсіну, көркемдік формасын ескеру, сөйтіп барып негізгі дауыс сарынын айқындап алу қажет.


Тапсырма. Төменде берілген көркем шығармалардың негізгі дауыс сарынына нықтаңдар да, дауыстап оқыңдар.


1-тапсырма.


Отан

Әуелгі Отан – ана алды, оттың басы,


Ауыл алды, аунаған шөптің қасы,
Сағынғанда тым ыстық көрінеді,
Жаста ойнаған үйшік қып сайдың тасы.
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, ата мекен,
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
Отан дейміз кең-байтақ астананы,
Жасыл жалау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ, өз үйіңнен басталады.


(Ө.Тұрманжанов)


2-тапсырма.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет