3 1-тарау. МӘнерлеп оқУ


-ТАРАУ. БАЛАЛАР БАҚШАСЫ МЕН МЕКТЕП ЖҰМЫСЫНДАҒЫ САБАҚТАСТЫҚ .......................................................154



бет3/126
Дата29.11.2022
өлшемі5,95 Mb.
#160312
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   126
Байланысты:
Мәнерлеп оқу КІТАП

5-ТАРАУ. БАЛАЛАР БАҚШАСЫ МЕН МЕКТЕП ЖҰМЫСЫНДАҒЫ САБАҚТАСТЫҚ .......................................................154
5.1. Балаларды мектепке дайындау ...................................................................154
5.2. Балалар бақшасы мен мектеп байланысының формалары ......................159
5.3. Сөйлеу тілін дамыту жұмысының міндеттері,
мазмұны мен әдістемесі ..............................................................................162
5.4. Қоршаған ортамен таныстыру және сөздердің қалыптасуы .................. 163


Қосымша ............................................................................................................169
1. Сабақ жоспарының үлгілері ..........................................................................169
2. Баланың мектепке дайындығы
(Психологиялық тапсырмалар мен ойын, жаттығулар)................................203

Әдебиеттер тізімі ................................................................................................245




К іріспе


Білім беру және ғылым саласына елеулі өзгерістер енгізіп жатқан қазіргі кезеңде мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш білім беру ісін жаңа сапалық деңгейге көтеру міндеті бүгінгі күннің көкейкесті мәселесі. Осы өзгерістер білім саласының алғашқы сатысы болып саналатын мектепке дейінгі ұйымдарда болашақ ұрпақтың дүниетанымын дамытуға, жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, сәбилік шақтан бастап толық жағдай жасауды, тәрбиелеумен білім беруге аса жауапты қарауды басты міндет етіп қойып отыр.


«Мәнерлеп оқу» курсы мектепке дейінгі тәрбие мәселесімен шұғылданатын мамандық иеленуші алатын пәндерінің біріне жатады.
Баланың ой-өрісін кеңейтуге, ақыл-ойын дамытуға, мінез-құлқының дұрыс қалыптастырудағы еркіндікке тәрбиелеудің бәрі тәрбиеші-педагогтың сөзі арқылы іске асады. Өзімізді қоршаған ортамен бүлдіршіндерді таныстыра отырып, білім беруде баланың қай нәрсені қай дәрежеде ұғына отырып, есіне сақтағанын байқау жалпы көрнекі құралдармен (ойыншық, түрлі зат, оқу құралы, сурет) балаға көрсетіп үйретуде тәрбиеші-педагогтың әбден төселе сөйлеу дағдысы, сөйлеу мәнерінің дұрыс қалыптасқан үлгісі – тілдік тәсілдер мен сөз шеберлігін дәл орнымен қолданылғаны деген сөз.
Мектеп жасына дейінгі бала тілді үлкендерден үйренеді. Кішкентай бүлдіршіндердің сөздік қоры, сөйлеу мәнері, сөз сарыны соларға еліктеу арқылы қалыптасады. Сондықтан тәрбиеші-педагогтың тілі бай, орамды, стилі жатық, дыбыстау мәдениеті өрісті де өрелі болғаны абзал.
«Мәнерлеп оқу мен әңгімелеу» курсы студенттер мен оқушылардың ана тілі әдебиеттен алған білім деңгейіне байланысты болады. Олардың алған білімдері неғұрлым түбегейлі болса, тәрбиеші-педагогтар сөз өнерінің өресіне тез көтерілмек.
Бұл еңбектің мақсаты – болашақ мамандарға көркем сөз оқу өнерінен кейбір теориялық мәлімет бере отырып, мәнерлеп оқу мен нақышына келтіре әңгімелеудің әдісі мен тәсіліне төселдіру, жаттығу материалдары арқылы сөйлеу техникасын дұрыс дем алу, дикция (үні, сазы) т.б дауыс сапасын дамыту жолын көрсету. Кітапта бөбектерге мәнерлеп оқу мен әңгімелеудің ерекшелігі, оларға арналған әдеби шығармаларды таңдау, сұрыптау, пайдалану баса айтылады. Тақырып, тараулар берілетін білім деңгейіне қарай лайықталып орналастырылады.
«Мектепке дейінгі бала тәрбиесіндегі көркем сөздің рөлі» атты бөлімде жас мамандардың өз пәнін терең игеріп, жан-жақты дамытып, идеялық нанымын нығайта отырып, мәнерлеп оқуды өздерінің кәсіби міндеті деп игеру жүктеледі.
«Сөйлеу техникасы» тарауында сөйлеу техникасы туралы ұғым (тыныс алу, дауыс, дикция), сөйлеу аппараты, дыбыстау мүшелері, сөздің айтылуы, дауыстап оқуы жайында ережелер беріліп, жаттығулармен бекітіліп отырады.
«Орфоэпия» бөлімінде әдеби тілде дұрыс сөйлеу нормасы, дауысты, дауыссыз дыбыстардың айтылуы, үндестік заңы, ассимиляцияның дұрыс дыбысталуға қажетті ережелері беріліп, келтірілген жаттығу үшін әдеби материалдар келтірілді. Бұл бөлім дұрыс дыбыстау мәдениетін қалыптастыруға арналды.
«Мәнерлеп оқу мен әңгімелеп берудің негізгі тәсілдері» таруында негізгі дауыс тоны (сарыны), интонация (сөз, сөйлеу сазы) және оның компоненттері (пауза (кідіріс), сөйлеу қарқыны (темп), дауыс күші, сөйлеу әуені (мелодикасы), тембр (дауыс бояуы))ң жайлы теориялық түсініктер, жаттығулар, тапсырмалар беріліп, оны меңгеру жолдары баяндалды.
«Балаларға шығарма оқу» бөлімінде әңгімелеу, тәрбиешінің әңгіме айтып беруі, оның ерекшелігі, әңгіменің түрлері, тәрбиешінің творчестволық әңгіме құрауы, оның методикасы, әңгімені өз атынан және басқа біреудің атынан айту, тәрбиешінің үлгі-әңгімесі, ойыншықты сипаттау, картинаға қарап әңгімелесу, көркем шығарманы әңгімелеу, есте қалғанды әңгімелеу, ойша қиыстырып әңгімелеу беріліп отыр. Мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш білім берудің сабақтастығын қамтамасыз етудің жолдары қарастырылған. Бұл ұсынылып отырған еңбекте баланың мектепке дайындығын, яғни көру, есту, қабылдау, есте сақтау, зейіні мен ойлау қабілеттерінің даму барысын анықтауға арналған тапсырмалар мен ойын, жаттығулар және сауалнамалық сұрақтар жинақталған. Берілген тапсырмаларды орындау екі кезеңнен тұрады: бірінші кезеңде ауызша немесе сурет бойынша тапсырмаларды орындауға бағыт беріп, баланың қабылдауына, есте сақтауына, ойлануына ықпал ететін болса; екінші кезеңде ойын-жаттығулар арқылы зейін тұрақтандырып, іс-әрекетті тікелей орындау арқылы психикалық процестердің дамуын анықтайды. Бұл тапсырмалар баланың тілін дамыта байланыстырып сөйлеуге үйретіп, сөздік қорын байыта ойлау қабілетін жетілдіруге, кеңістік, уақыт ұғымдарын (т.б.) тиянақтауға көмегін тигізеді. Ізеттілік, ізгілік, инабаттылық әдептілік – бір күнде қалыптаса қалатын қасиет емес. Бұл – балабақшадан бастау алып, өмір баспалдақтарында шыңдалып, біртіндеп қалыптасатын қасиет.
Аталған оқу құралында көркемдік тәрбиенің әдіс-тәсілдері және бейнелеу іс-әрекетін ұйымдастыру арқылы баланың сөздік қорын дамытуға септігін тигізер деген үмітпен үлгі сабақ жоспарлары да ұсынылып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет