Әдіс-тәсілдер: балаларға қызықты тапсырмалар беру, сенім білдіру, дербес, шығармашылықпен әрекет етуге бағыттау. Түсіндіру. Әңгімелеу.
Сөздік жұмысы: қоректенеді, шөп жейді, ірі қара, толқынды сызық, тігінен, көлденеңінен т.б.
Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: үй жануарларын көрнекі суреттер бойынша таныстырып, сипаттап әңгімелету, ерекшеліктері жайында айту.
Сабақтың барысы: тәрбиеші балаларды санына қарай үш топқа өз еріктерімен бөліп, әр топқа қызықты тапсырмалар берілетінін хабарлап, өз істеріне мұқият болуларын өтінеді.
Берілетін тапсырмалар: а) Үй жануарларының суреттерін немесе ұсақ ойыншықтар таратып береді, осы жануарлар жайында не білетіндіктерін әңгімелейді. (Ойлануға уақыт беріледі)
ә) Бұлар немен қоректенеді? Шөп жейді, су ішеді, қағазға бояумен толқынды сызықтар жүргізіп суды бейнелейді.
б) Құрылыс материалдарынан әр түрлі жануарларға арнап қора соғады. Үш топ өздеріне берілген тапсырмаларды орындап болған соң суреті (ойыншығы) бар балалар өздеріндегі жануарларды екінші топтың балаларына берілген тапсырмаға қарай отырып су ішкізіп, шөп жегізеді де үшінші топтағы балалар дайындаған қораларға лайықтысын таңдап қамайды. Үй жануарлары туралы өлең, тақпақтар айтқызылады. Тәрбиеші үй жануарлары жайындағы ертегілерді еске түсіреді, қылқалам және бояумен жұмыс істеу тәсілдерін түсіндіріп өтеді. Ірі қара малдарға қора салу үшін құрылыс материалдарын тігінен қою керек пе, көлденең қою тиімді ме деп сұрап, ойлануға мүмкіндік жасайды. Үй жануарларының дыбысталуы, қимыл-қозғалысы, пайдасы жайында әңгімеге тарту – мақал-мәтелдер, жұмбақтар айтуға дағдыландырады. «Малдың төлін таны» - дидактикалық ойыны ұйымдастырылады. Балалардың бірлескен жұмысының нәтижесі, тапсырмаларды орындаудағы жауапкершілік мадақталып көпшілік жұмысының жетістігі аталып, балармен бірге талдау жасалады.
Дастархан
Сабақтың мақсаты: қазақтың дастарханы, қонақ күту рәсімі жайында түсініктерін жетілдіру. Іс-әрекет барсында өз ойын толық жеткізе әңгімелеу арқылы тілін дамыту. Ой-қиялын ұштауға ықпал ету. Әдемі дастарханды әшекейлеу арқылы көркемдік талғамын қалыптастыру. Жапсыру іскерлік дағдыларын меңгерту, қию, желімдеу, қағаз бетінде дұрыс орналастыра білуге жаттықтыру. Безендіру барысында математикалық ұғымдармен байланыстыру.
Достарыңызбен бөлісу: |