3 1-тарау. МӘнерлеп оқУ



бет92/126
Дата29.11.2022
өлшемі5,95 Mb.
#160312
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   126
Байланысты:
Мәнерлеп оқу КІТАП

Көрнекіліктер: жапсыруға арналған құрал-жабдықтар. Ш.Сариев, А.Нысаналин «Дастархан» әні, үнтаспа. Бірнеше түрлі дастархан үлгісі.
Әдіс-тәсілдер: ән тыңдату, естігендерін, көргендерін әңгімелету, қағаз шеттерін шашақтап қию тәсілін көрсету.
Сөздік жұмысы: құрметтеу, қасиетті, қадірлеу, әшекейлеу, әдемі, шашақ қию.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: ойын бұрышында «Қуыршақты қонаққа шақыру» ойыны ұйымдастырылады. Дастархан және тағам мәзірімен таныстырылады.
Сабақтың барысы: балалар назары күйтабақтан тыңдайтын музыка әуеніне аударылады. Дастархан әнін тыңдату. Әннің не жайында айтылғаны әңгімеленіп, дастарханның мән-мағынасына қысқаша тоқталады. Үлгіні талдау барысында ұсақ бөлшектерді орналастыруда математикалық ұғымдармен байланыстырады. Бұдан соң алдарындағы қағаздан дастархан өрнектеуді ұсынады. Алдымен шеттерін шашақтап қию жолдарын көрсетіп, дайын қиылған пішіндерден белгілі бір өрнек құрауға болатынын түсіндіреді. Тік бұрышты дастарханның шеттері, бұрыштарына, ортасына қиылған «қызғалдақ», «тұмарша» өрнектерін, түрлі-түсті дөңгелектерді үйлестіре орналастырып алып желімдейді. Балалардың ойланып, шығармашылықпен жұмыс жасауына, көркемдік талғамының қалыптасуына мүмкіндік жасалады. Жұмыс барысында музыка әуенімен би қимылдарын жасап, бой сергітіп алады. Тәрбие жұмысының аяғында балалардың еңбек нәтижесінің әдемі, әсерлілігі ескеріліп, халық нақылдарымен қорытындыланады.


Ұннан жасалған тағамдар
Сабақтың мақсаты: балаларға ұннан жасалатын тағамдар жайында қарапайым түсініктер беру, нанның қайдан шығатыны жайындағы ұғымдарын тиянақтау. Ұннан жасалған тағамдарды мүсіндеу, іскерлік-дағдыларын қалыптастыру. Асты қадірлеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: ұннан жасалған тағамдардың суреттері (Муляждар), үлгі. «Отбасы» мазмұнды суреті. Мүсіндеуге қажетті құралдар.
Әдіс-тәсілдер: сурет бойынша әңгіме құру, көрнекілік, түсіндіру, жасалу тәсілдерін көрсету, есу, жалпақтау, домалақтау т.б.
Сөздік жұмысы: Ұлттық тағамдар атаулары және көркем шығармалар мазмұнында кездесетін кейбір сөздер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет