3 1-тарау. МӘнерлеп оқУ


Менің сүйікті ойыншықтарым



бет95/126
Дата29.11.2022
өлшемі5,95 Mb.
#160312
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   126
Байланысты:
Мәнерлеп оқу КІТАП

Менің сүйікті ойыншықтарым
Сабақтың мақсаты: балалардың өздері жақсы көретін ойыншықтарын қиып жапсыруды үйрету. Қабылау, есте сақтау қабілетін дамыту. Зейін қоя отырып ойыншықтың пішінін қиып жапсырудың түрлі әдіс-тәсілдерін меңгеру. Ойыншықтар жайында әңгімелеп, тақпақтар айтқызу арқылы сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуге жаттықтыру. Еңбек нәжижесін бағалай білуге, қанағаттану сезіміне тәрбиелеу, көркемдік талғамын дамыту.
Көрнекіліктер: Балалардың өздері жақсы көріп ойнайтын ойыншықтар. Бірнеше үлгі суреттер. Түрлі-түсті қағаздар, желім, қылқалам, оны қоятын тұғырлар, сүрткіш.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру, қию түрлерін таңдауға бағыт беру, түзу, қисық, қарама-қарсы бұрыштары бойынша, дөңгелек т.б.
Сөздік жұмысы: жеке бөліктердің қатынасы (прапорциясы), үлкен бөлшектер, түзу, қисық және айналдыра қию.
Алдын-ана жүргізілетін жұмыстар: Қуыршаққа арналған ойыншықтар көрмесін балалармен бірлесіп ұйымдастыру. Қ.Мырзалиев «Ойыншықтар», немесе Ә.Табылдиев «Ойыншықтар» тақпақтарын оқып беру, жаттау.
Сабақтың барасы: тәрбиеші жұмысты «Бөлмеге саяхат» дидактикалық ойынымен бастап топ бөлмесіндегі заттарға олардың ішінде ойыншықтарға назар аудартады. Бәрін аралап жүріп мұқият қарап шығады. Өз орындарына келіп отырған соң, сабақ «Ойыншық қандай фигураға ұқсас?» - ойынымен жалғастырылып математикалық түсініктермен байланыстырыла ойыншықтардың көлемі, түр-түсі, пішінін анықтап, талдау жасалады. Үлгіні қарау ұсынылады. Осыдан кейін кім қандай ойыншықты жақсы көретіндіктерін сұрайды. Әр баланың пікірі тыңдалады, сол ойыншықты қиып, жапсыруға тапсырма беріледі (жалпы нұсқау);
- қиюға ұсынылатын ойыншықтар: машина поезд, ұшақ, біздің қуыршағымыз, қонжық т.б. (балалардың қалуы бойынша)
- ойыншықты қиюға қағаз түстерін таңдау;
- негізгі бөліктерін геометриялық фигураларға ұқсастыра қию (төртбұрыш, дөңгелек, ұшбұрыш, сопақша т.б.);
- ұсақ бөлшектерді қию, толықтыру, желімдеу,
- қағаз бетіне дұрыс орналастыруды, ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қадағалау;
- балалардың іс-әрекет барысын бақылау, нұсқау беру, көмектесу;
- еңбек нәтижесін талдау жасауда өз жолдастарының жұмысын әділетті бағалай білуге тәрбиелеуде бағыт-бағдар беру;
Бой сергіту сәті (жеңіл музыка сазымен қимыл-қозғалыс жасату). Сабақта өздері дайындаған ойыншықтары жайында сипаттап, әңгімелеу, тақпақ, жұмбақ, ән айтумен жалғасады. Ойын бұрышында «Ойыншықтарға қонаққа барамыз» атты сюжетті рөлдік ойыны ойналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет