3 1-тарау. МӘнерлеп оқУ



бет89/126
Дата29.11.2022
өлшемі5,95 Mb.
#160312
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   126
Байланысты:
Мәнерлеп оқу КІТАП

Қызықты тапсырмалар. Балалардың алдына арнайы міндеттер қоя отырып тапсырмаларды орындауда белсенділік, дербестік, ерік-жігерінің, зейінінің тұрақтануына ықпал ету. Қызықты тапсырмаларды орындау арқылы істің нәтижесіне жету және қанағаттану сезіміне тәрбиелеу. Тапсырмаларды тәрбие міндеттері мен мазмұнына қарай, жас ерекшелігіне сай таңдап алу.
Көңілді кейіпкерлер. Балалардың қалауы бойынша кейіпкерлерді таңдап алып, олармен бірлесе әрекет ету арқылы бейнелеу өнеріне қызығушылығын арттыру, сипаттап айтып, көңіл-күйге байланысты қимыл-қозғалыстарын келтіреді. Қандай дыбыс шығратынына тоқталады. Сөйлемді дұрыс құрып айтуға дағдыландырады. Кейіпкерлермен бірлесіп сурет салады, мүсіндейді, жапсырады.
Менің көргендерім. Айналадағы өмірден, құбылыстардан көргендерін әңгімелеп айтып бере отырып бейнелеу іс-әрекетінде (сурет, мүсіндеу, жапсыруда) көрсете білуге үйрету. Іскерлік дағдыларын қалыптастыру. Жыл мезгілдеріне байланысты ерекшеліктерді бақылап, табиғат бұрышындағы және ауладағы еңбекпен ұштастыру.
Ойын жаттығулар. Бейнелеу өнерінің мәнерлеу құралдарын меңгеруге, дыбыстық жаттығулар арқылы сөздік қорын молайтуға, байланыстырып сөйлеуге үйрету. Кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын қалыптастыру. Музыка әуенімен ырғақты қозғалыс жасай білуге баулу. Қолдың қимыл-қозғалысын жаттықтыру.
Менің өлкем


Сабақтың мақсаты: туған өлке жайында түсінік беру. Оның әсем де сұлу табиғатының ерекшелігі, қала мен ауыл өмірін салыстыру, айырмашылықтарын ажырата білу. Саяхат жасай жүріп іс-әрекет барысында балалардың бір-бірімен қарым-қатынасын, ойлауын, қиялын, сезімін және байқағыштық қабілетін дамыту. Саяхатта көргендерін әңгімелеп жеткізе білуге, байланыстырып мәнерлеп сөйлеуге үйрету. Көргендерін бейнелеу іс-әрекетінде қолдана білу.
Көрнекіліктер: саяхат жасау үшін топ бөлмесі арнайы жабдықталады.
а) «Алматы - әсем қала» - көркем суреттер, альбомдар, бейнесуреттер.
ә) Табиғат көріністерін бейнелейтін көрнекі суреттер
б) Ертегілер иллюстрациясы, қуыршақ театрының кейіпкерлері
в) құрылыс материалдарымен жұмыс
г) «Ауыл көрінісі» немесе «Жайлау» суреттері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет