3 1-тарау. МӘнерлеп оқУ



бет44/126
Дата29.11.2022
өлшемі5,95 Mb.
#160312
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   126
Байланысты:
Мәнерлеп оқу КІТАП
4В Музыка 22.11.22, Қазақ халық музыкасының тарихы
Тапсырмалар. 1. Сөйлемдерді көшіріп, сөздер мен сөз тіркестерін әуеннің жоғары, орташа, бірқалыпты екенін сызып көрсетіңдер.


Жаз

Жерің анау,


Жасыл жолақ кілемдей.
Желің мынау
Жігіт айтқан өлеңдей.
Көлің анау,
Той ғып жатқан ауылдай,
Күнің мынау,
Елжіреген енеңдей.
(І.Жансүгіров)

2. Дауыстың жоғары, төмен, орташа қалпын сақтап оқы.




Ұры түскенде
(Ел аузынан)
Бір күні Қожанасыр ұйықтап жатса үйіне ұрылар түсіпті. Үйіндегі барлы жарамды заттарын тасып, ұрылар арбаға салып жатыр екен. Сол кезде Қожанасыр оянып кетіпті. Қожанасыр да апыл-ғұпыл асығып, қалған нәрселерін арқалап, арбаға сала беріпті. Ұрылар бұған таңырқап:

  • Қожеке, мұның не? – десе, Қожанасыр ұрыларға:

  • Көшіп жатқан жоқпыз ба? – депті.

3. Сөйлеу қалпының әуенін тексеруге аранлған жаттығу жасау үшін өлең, тақпақтар жаттау.




2.10. Тембр (сөйлеу нақышы)

Сөйлеу нақышы (тембры) айтылу мақсатына қарай көңілді, қапалы, үрейлі т.б. болуы ықтимал. Сөйлеу нақышы – мәнеріне келтіріп сөйлеу мен дауыстап оқып берудің бір құралы. Толқу, мұңаю, қуану, күдіктену сияқты жайттардың бәрі де дауыс құбылысынан сезіледі. Желігу, қамығу т.б. көңіл күйлерінде дауыс кәдуілгі қалпынан ауытқып шығады. Осы ауытқуды, дауыстың эмоциялық бояуын, тембр деп атайды. Тебіреніс неғұрлым күшті болса, соғұрлым дауыс ауытқуы да кәдуілгі қалпынан ерекше шықпақ.


Дауыс ырғағын түзейтін бөліктердің әсерлі бөлшегінің бірі – дауыстың әсерлі де нақышты болуы. Сөйлегенде немесе дауыстап оқығанда үннің эмоциялық бояуын түрлендіріп, тыңдаушының делебесін қоздыратындай дауыс нақышын түзеу, оқылатын шығарма мазмұнына тікелей байланысты. Сондықтан әрбір оқушы немесе тыңдаушы оқылатын шығарманы мазмұн-мағынасы, стилі, білімділік жағы мен тәрбиелік маңызы жағынан талдап, жан-жақты дайындықтан өткізіп барып оқығанда ғана әсерлі оқылады. Шығарма мазмұнын терең түсініп, көз алдына елестетіп тұрып, творчестволық елеспен оқылатын көркем шығарма кім-кімді де бей-жай қалдырмайды
Сөйлеудегі дауыстың эмоциялық бояуы белгілі жағдайға байланысты болады. Мысалы: «Алақай! Қар жауды!» - десек, қар түсіп ауаның тазарғанына қуанған көңіл хошын білдіреміз. Ал қар борап, ақ түтек боп, айналада еш нәрсе көрінбесе: «Апырай! Мына бораннан көз сүрінеді, фермаға қалай жетер екенбіз? – деп, қобалжи сөйлейміз.
Сөз нақышы көркем сөз оқушының қалауынша түзілмек. Егер И.А.Крыловтың мысалын дауыстап оқитын болсаңыз, түлкінің сөзін көлгірси шыққан үнмен келтіресіз:

«Қарағым, неткен сұлу ең!


Неткен мойын, неткен көз!
Осыдан артық дайсің бе,
Ертегі қылып айтқан сөз?!»

Немесе Мазай атайдың қояндарды ажалдан құтқарып, сақтандырған сөзін жылы леп, мейірімді үнмен оқисыз:


Жағаға әкеп бөрене мен қайықты,


Дедім:
«Кәне ал, бәрің де тайып тұр!»
Сөйткенімше жалма-жан,
Тұра қашты қояндар.
Айқайладым соңынан:
«Тез, антұрған, аман қал!
Байқа, қыли, сорыңа,
Түспе қыста қолыма!»
(Н.А.Некрасов)

Сөйлегенде немесе дауыстап оқығанда үннің эмоциялық бояуы сөз мағынасына қарама-қарсы ұғым туғызатын жайттары да кездеседі. Мысалы: «Ала жаздай ән салсаң, селкілде де билей бер!» - дейді құмырсқа жеңілтек алаңсыз шегірткеге. Құмырсқа әнді қаракет деп танымайды. Сондықтан оған қарама-қарсы пікір айтады. Қамсыз ыршып секір, билей бер дейді. Ашқарынға би қайда? Алда шегірткеге бұдан да қиын болатынын құмырсқа түсінеді. Осындай қарама-қарсы ой түйісін дауыстың нақышымен ғана жеткізуге болады.


Көркем шығраманың мазмұнына орай дауыс нақышын қалай анықтауға болады? Оны талдау арқылы ғана айқындай аламыз. Сөйтіп, шығарманың мазмұынын мұқият оқып, автордың ой-пікірін, оның творчестволық мақсатын, туындының идеясын әбден түсінгенде ғана дауыс нақышын түсінеміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет