3 1-тарау. МӘнерлеп оқУ



бет52/126
Дата29.11.2022
өлшемі5,95 Mb.
#160312
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   126
Байланысты:
Мәнерлеп оқу КІТАП
4В Музыка 22.11.22, Қазақ халық музыкасының тарихы
Бауырсақ

Бір шал мен кемпір болыпты. Бір күні шал кемпіріне:



  • Кемпір, бауырсақ пісіріп берші, - депті.

  • Неден пісіріп берейін. Ұн жоқ.

  • Е – е, кемпір-ай жәшікті пышақпен қыр. Сонан түскен ұнды сыпырып, жинап ал. Кемпір жәшікті пышақпен қырды, қанатпен сыпырды, бір-екі уыс алды. Кемпір бауырсақты пісіріп, терезенің алдына суытуға қойды. Бауырсақ жатып-жатып, кенет терезенің алдынан домалап, орындыққа түсті. Орындықтан еденге түсті. Еденнен есікке қарай домалады. Баспалдақтан домалап қораға барды. Қорадан қақпаға жөнелді. Қақпадан шығып, жолға түсіп домалап кете барды.

Бауырсақ жолда домалап кетіп бара жатыр еді, алдынан қоян жолықты.

  • Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеп қоямын.

  • Сен мені жеме, қыли көз қоян. Мен саған өлең айтып берейін, - деп өлең айтты

«Менің атым – бауырсақ,
Мені пышақпен қырып алды.
Қанатпен сыпырып алды.
Қаймаққа иледі, майға пісірді.
Суытып та сынған,
Бауырсақпын зулаған
Атайдан да құтылдым,
Әжейден де құтылдым.
Қоян сенен құтылу
Қиын емес бұл маған» -
деп, бауырсақ алға қарай домалай жөнеледі. Қоян аңырап қала береді. Бауырсақ орман ішіндегі соқпақпен зырлап бара жатса, қарсы алдынан қасқыр шыға келеді.

  • Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеп қоямын.

  • Сен мені жеме, мен саған өлең айтып берейін, - деп бауырсақ әндете жөнелді.

«Менің атым – бауырсақ,
Мені пышақпен қырып алды.
Қанатпен сыпырып алды.
Қаймаққа иледі, майға пісірді.
Суытып та сынған,
Бауырсақпын зулаған
Атайдан да құтылдым,
Әжейден де құтылдым.
Қояннан да құтылдым,
Қасқыр сенен құтылу
Қиын емес бұл маған» -
деп, бауырсақ алға қарай домалай жөнеледі. Қасқыр аңырап қала береді. Бауырсақ орман ішіндегі соқпақпен зырлап бара жатса, қарсы алдынан шөпшекті шырт-шырт сындырып, қорбаңдай аю шыға келді.

  • Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеп қоямын.

  • Маймақ неме, мені саған жеу қайда, одан бауырсақ өлеңдете жөнеледі:

  • «Менің атым – бауырсақ,

Мені пышақпен қырып...» деп әндете жөнеледі. Бауырсақ домалай жөнелді, аю ізіне үңілді.
Бауырсақтың алдынан түлкі шыға келді.

  • Амансың ба, Бауырсақ,

Көргендерге ұнайды, жүзің қызыл шырайлы. Бауырсақ мақтағанға мәз болып, өлеңін айта бастайды. Түлкі болса бауырымен сырғып, жақындай - Әдемі-ақ өлең екен, - дейді түлкі.

  • Айналайын-ай қартайған шағым ғой, құлағым естімейді, қане менің тұмсығыма шық та, өлеңіңді тағы бір шырқап жіберші. Бауырсақ өлеңін мақтағанға мәз болып түлкінің тұмсығына қарғып шығады да:

  • Әжей қоймай қырынған... – деп әндете бастағанда, түлкі бауырсақты «Ап»-деп, бір-ақ асайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет