XXғасырдың соңы әлемдік саясатта және экономикада негізгі геосаясаттық тенденциямен аймақтық интеграциямен сипатталады. Өздерінің рыногын, валютасын қорғау үшін, экономикалық дағдарыстан шығу және өздерінің ұлттық мүдделерін қорғау үшін, тек экономикалық ғана емес, саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, сондай-ақ жалпы геосаясаттық кеңістіктегі қауіпсіздік үшін әлемдік тәртіптегі мемлекеттер одағының қалыптасуына бірлесіп тиімді әсер ету үшін Солтүстік және Латын Америкасының, Батыс Европаның, Оңтүстік Шығыс Азияның елдері бірікті.
Керемет іс, бірақ ақиқат: дәл сол уақытта бұрынғы социалистік лагерь территориясында (соның ішінде ыдыраған КСРО) бір мезгілде тәуелсіз болуды көздеген көптеген мемлекеттер болды. Ыдырыған кеңестік кең аймақта бөлініп, оқшаулануға ұмтылу тек ұлттық республикалардың басшылары ғана емес, сол сияқты автономды республикалар ұйымдарын да толғандырды (Днестр жағалауы, Таулы Карабах, Чечня, Татарстан Ресей Федерациясында ерекше статусқа қол жеткізді).
Кезінде Орал және Қиыр Шығыс республикаларын құру туралы да сөз болды. Жас мемлекеттердегі қалыптасқан жағдайларға байланысты алдыңғы қатарда жүрген жекелеген саясаткерлер Н.Ә.Назарбаевтың айтуынша ұйымдастырудың "қуырылған" идеясын жеделдете пайдалана бастады және бұған қарама-қарсы тез арада "түрік конфедерациясын" құруды ұсынды.
Қазақстан Респупликасының президентінің геосаясаттық қырағылығының арқасында Қазақстан егемендік алғаннан бері саяси, діни приоритеттерге және ұлттық белгілерге қарамастан аймақтық интеграцияны табандылықпен жақтайды.
Н.Ә.Назарбаевтың Тұрғыт Өзалға бұрынғы КСРО территориясында "ұлы түрік мемлекетін", ал бес Орта Азия республикаларының басшыларына түрік одағын құру әрекетінің қауіпті екенін дәлелдеп бергенін айту жеткілікті. "Мен бұрынғы КСРО территориясында түрік немесе славян одағы құрудың сценарийін қақпайлауға бар күшімді салдым"/1/ -деп Н.Ә.Назарбаев КСРО ыдырағаннан кейінгі жағдайды есіне алады. Біздің ойымызша егер сондай одақтар құрылғанда біз қазір, бірнеше жылдан кейін қандай жағдайда болатынымызды елестету қйын.
Н.Назарбаев Орта Азия мемлекеттерінің лидерлерінің қолдауымен бұрынғы КСРО мемлекеттерінің кездесуін Алматыда өткізуге көндірді. ТМД құру туралы Декларацияға 9 республика қол қойды. Кейінрек оған басқалары да қосылды. Бұл геосаясаттық жеңіс болды. "Бірақ оны әсерлеп суреттеуге ерте еді, себебі үздіксіз қызмет ететін координациялық қызметті құру сияқты қарапайым мәселелер туралы келісудің өзі ТМД мшелері үшін оңай емес екенін алғашқы кезден-ақ байқалды"/2/-деп Елбасымыз айтады.
Қазақстан лидерінің қауіпін уақыт растады: ТМД шеңберінде интеграциялық даму процесін жан-жақты келісімді нақты іске асыру, бірлескен жұмыстардың тиімділігін көтеру сияқты әрекеттер көп жылдар бойы нәтиже бермеді. 1994 жылға дейін Достасқан елдер экономиканы дамытуға, нығайтуға бағытталған, қауіпсіздікті қамтамасыз ететін т.б. сфераға қатысты 400 құжатқа қол қойған. Өкінішке орай, олардың көпшілігі қағаз жүзінде қалды. "Сондықтан ортақ экономикалық кеңістік құра алмағанымыз, салааралық кооперацияны құра алмағанымыз т.б. таңданарлық емес",/3/- деді Кеден Одағының интеграциялық комитетінің төрағасы Н.Исингирин.
Егемен мемлекеттердің тек ТМД шеңберінде ғана дамуы олардың экономикадан басқа, саясат, ғылым, мәдениет, білім беру сияқты көп салаларда бөлектеніп кететінін байқауға тура келеді. Оған себеп көп, соның ішінде интеграция түсінігіне деген нашар көзқарас, кез келген интеграциялық бастама егемендікке қауіп деп қабылданған. Достастық мемлекеттердің кейбірінің саяси қақтығулары, Батыс және Шығыспен мемлекетаралық экономикалық одақтар құруға жедел ұмтылу, шетел көмегінен үміттену біріккен потенциалдың ондаған жылдар бойы жасағандарын сақтау қажеттілігін тапқан фактысын есептен шығаруға болмайды.
1994 жылы Еуразия Одағы идеясының туындауы кездейсоқтық емес, оның көш басшысы тағы да Н.Ә.Назарбаев болды. Ол 1994 жылы көктемде Ұлыбританияға барған сапары кезінде жаңа интеграцияның қажеттілігі туралы бірінші рет жариялады. "Чатен Хаус" халықаралық проблемалар институтында сөйлеген сөзінде ол, екі жақты тенденция әсерінен, бір жағынан ұлттық мемлекеттің қалыптасуы, ал екінші жағынан ТМД елдерінің мемлекетаралық экономикалық одақ құруға ұмтылуы жүріп жатқанда, бұл аймақта тұрақтылық белдеуін және қауіпсіздікті қамтамасыз ету, саяси эволюцияны болжау дәрежесін көтеру, кеңес одағы ыдыраған аймақта бақылау жағдайында Достасқан тәуелсіз мемлекеттердің өздерін реформалау қажеттігі жетілді деп атап көрсетті.
"Қазақстан ТМД елдерінің экономикалық интеграциясы идеясын жүйелілікпен қорғайды, бізде әр халықтың егемендігі мүддесін сақтауға, ішкі ісіне араласпу принципін құрметтеуге және өзінің жеке қоғамдық құрылыс құқығын анықтауға араласпастан бәріміздің ынтымақтастығымызды сақтауға барлық мүмкіндік бар.
Сөйтіп, біздің қарым-қатынасымыз туралы айта отырып, адам факторын есепке алмауға болмайды. Біздің халықтар ғасырлар бойы бірге тұрды, көршілік қатынасты нығайту адам мүддесін көздейді, ол коньюктуралдық түсінікке бағынышты емес. Біздің елдердің арасынан шекара тұрғызу, адамдардың жүріп-түруын шектеу кешірілмейтін қателік болар еді"/4/ -дейді Н.Ә.Назарбаев.
Н.Ә.Назарбаев 1994 жылы 29 наурызда Мәскеуге арнайы сапары Кезінде М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің профессор-оқытушылар құрамымен және студенттермен кездесуі болды. Осы интелектуальды аудиторияның алдында кеңестен кейінгі аймақтағы мемлекеттердің даму перспективасы туралы лекция оқығанда, ТМД-ға мүше елдердің мүлдем жаңа бірлестігін құру идеясын ұсынды және оны Еуразия Одағы (ЕАО) деп атауды ұсынды.
"Еуразия одағы қажет: біз бір-бірімізге сенуге мәжбүрміз,-деп мәлімдеді Қазақстан президенті. - Қараңыздар: көпжылдық мемлекеттік Европа елдері бірігуге бастайды, ол жақта жаңа "конфедерация" сөзі жиі айтылады. Олар әлемдік рыноктың қатал поляризацияланатынын өте жақсы түсінеді"/5/. Біздер, бұрынғы Одақтың республикалары, тарихымызбен және тағдырымызбен бірыңғай бірлестікке дайынбыз. Байланыстың және басқарудың бір формасы және механизімі, ортақ менталитет, т.б. бізге тән. Мәселе мынада, кейбір саяси лидерлер империяның қайта тууынан сақтанатын саяси қорқыныш бар. Бірақ оған енді ешкімде бармайды. Қазақстан Президенті сол кезде және одан кейінгі көпшілік алдындағы сөздерінде Кеңес Одағын қайта жасау туралы мәселе қойылып жатқан жоқ деп әрдайым атап көрсетті. Ол ұлттық егемендікке қауіп туғызып ТМД елдерін бір-брінен алшақтатар еді. Н.Ә.Назарбаев пікірі бойынша, күш беретін интеграция біздің мемлекеттеріміздің ішкі саяси ориентирын шұғыл өзгертіп интеграциялық күш векторын ТМД аймағынан сыртқа бағыттайды. Мүнымен келіспеуге болмайды, мөдениетті, үнемі дамушы интеграция процесі қатарласа жүруі керек және мемлекеттердің ұлттық егемендігіннығайтуға тиіс. Бұл туралы Европнаның, Солтүстік Американың тәжірибесінен білуге болады.Одақ сөзінен қорқудың керегі жоқ, екендігін Н.Ә.Назарбаев МГУ-де сөйлеген сөзінде атап көрсетті. Мысалы Европа одағы бар. Біз бәріміз тең екенімізді және Ресейге келу сапары - сол теңдікті мойындау деп білдіреді.
Осы тақырыпты қарастыруды жалғастыру үшін, Қазақстан Президентінің Мәскеудегі сапарынан тағы бір сөзін мысалға келтірудің маңызы зор. Еуразия Одағын құру бастамасының дәлелдері туралы журналистер сұрағына ол былай деп жауап берді: "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы бар, бірақ біз бір-бірімізден алшақтап бара жатырмыз. 400 құжатқа қол қойылған, бірақ-олар іске асырылған жоқ. Ең бірінші Еуразия Одағына Қазақстан мен Ресей біріге алар еді"/6/.
Н.Ә.Назарбаев ұсынған Еуразия Одағының жобасының мәнін, ондағы мемлекеттердің интеграциясының дәрежесін қарастырмастан бұрын, Еуразия түсінігінің тарихи тамырының пайда болуына, Еуразия ұғымын геосаясаттық негізін қалаушылардың түсінік беруіне оралуымыз керек. Ғылымда "Еуразия" ұғымын 1883 жылы австрия геологы Э.Зюсс Европа және Азия сияқты екі бөліктен тұратын жердің ең үлкен материгін белгілеу үшін бірінші болып енгізді. XX ғасырдың 20-шы жылдарындағы Ресейдің еуразияшылдары П.Савицкий, Н.Трубецкой, Н.Бердяев және басқалары бұл терминге тек географиялық мағына беріп қана қойған жоқ. Олар Ресей империясының сол уақытта алып жатқан территориясын жобамен Еуразия деп түсінді. Олардың пікірінше, Ресей-Европа да емес, Азия да емес ол өзінің табиғи ерекшеліктерімен қалған Европа және Азиядан ерекшеленетін "орталық материк". Орал бөлетін роль атқармайды, сондықган европалық Ресей де, азиялық Ресей де жоқ, тек бір ғана Ресей-Еуразия бар деп есептеді.
П.Савицкий Ресейді (Еуразияны) континентінің "торсы" деп санап, оның батыс шекарасын Қара теңіз --Балтық жағы деп санады. Н.Трубецкойдың пікірінше Еуразия географиялық, экономикалық және тарихи тұтас болып табылады. Еуразия халықтарының тағдыры бір-бірімен тұтасып, қайтадан тарқатуға қелмейтін үлкен домалақ түйінге айналды, -сондықтан халықтардың- бірінің бұл бірлестіктен шығуы тек табиғатты жасанды күштеу жолымен болуы мүмкін және ол қайғы-қасіретке әкелуі мүмкін . Осы мәселе еуразияшылдарды жиі толғандырды.
Ағылшын ғалымы және саясатшысы Хэлфрод Маккиндер геосаясатшылар арасындағы жарқын бейне, орыстың үлкен кең аймағын еуразияны тарихтың дәл географиялық осьі деп анықтады. "Егер бір күні жеңілмейтін армаданың негізі болуы үшін Ұлы континет біріксе Теңіз күштері не болар еді," /7/-деп жазды ол 1919 жылы "Демократиялық идеялар және нақтылық" деген кітабында.
Бірақ,- егер ресейлік еуразияшылдар бірігуге шақырса, ал Маккиндер, англосаксондық саясаттың негізгі мақсаты тарихтың географиялық осінің (Ресей) айналасына стратегиялық континентальдық одақ құрылуына жол бермеу, деп санағанын ерекше атап өту керек.
Н.Ә.Назарбаев 1994. жылдың қазанында Мәскеу саммитінде "Еуразиялық Одақ" деген шартты атаумен жаңа мемлекетаралық бірлестік қүрудың жобасын ұсынды. Еуразиялық Одақ - әрбір мүше елдердің ұлттық мемлекеттік мүдделерін іске асыруға бағытталған тең тәуелсіз мемлекеттер одағы. Еуразиялық Одақ - кеңестен қалған аймақтағы әлеуметтік-экономикалық дамуды, қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту мақсатындағы егемен мемлекеттердің интеграциясының формасы деп саналады. Еуразиялық Одақ жобасы бойынша, ұлттық референдум өткізу нәтижесінде немесе мемлекеттердің Еуразиялық Одағына кіруі туралы парламенттердің шешімімен құрылуы мүмкін. Н.Ә.Назарбаев сол кездегі саяси жағдайды жақсы түсінгендіктен Еуразиялық Одақ жобасының барлық мәселелері Еуразия одағының шеңберінде бәрі бірдей іске асырылады деп сендірген жоқ. Ресейдің әлеуметтік ғылымдар Академиясының сессиясында ол былай дейді: "Менде екі түсінік болды. Біріншісі, кеңестен қалған аймақтағы елдерде интеграцияның әрі қарай дамуы мақсатындағы нақты ұсыныстарды бір тұтас етіп тарату, екіншісі, ТМД институттары қызметінің ұзақ созылған үзілісін тоқтату. Меніңше, екі мақсатым да іске асырдым,-деп ойлаймын. Еуразия Одағын құру жобасының ұсынылуы көпшілік ақпарат құралдарында үлкен толқын тудырды (кейбір деректер бойынша ТМД-да 500 ден астам болды), Достастық елдерінің, сондай-ақ алыс шетелдердің ғылыми топтарында пікіралысулар және конференциялар көп болды"/8/.
Алғашқы пікірлерден кейін және оларға талдау жасалғаннан кейін Еуразиялық Одақ құрудың жобасының соңғы варианты дайындалды. Ол достастық мемлекеттерінің басшыларына жіберілді, БҰҰ таратылды, 1994 жылы қазанда Мәскеудегі ТМД мемлекеттерінің басшыларының саммитінің күн төртібіне енгізілді. Саммиттің қаулысында былай деп жарияланды: "Мемлекеттердің Еуразиялық Одағын құру туралы Н.Ә.Назарбаев ұсынысын терең және жете . зерттеп, Достастық тәуелсіз мемлекеттер басшыларының Кеңесі шешімі: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың мемлекетердің Еуразиялық Одағын құру туралы жобасы назарға алынсын, тәуелсіз мемлекеттерін Достастығында интеграциялық процесті тереңдету үшін Қазақстан республикасының ұсынысында көрсетілген негізгі идеялары пайдаланылсын"/9/. "1996 жылы Еуразиялық Одағының жобасы бірыңғай қабылданған жоқ, бірақ мүлдем қабылданбай да қалған жоқ... Негізінен, көп саясаткерлердің позициясы мынандай екі бюрократиялық даналықты менің есіме салды: Бір жағынан жақсы сияқты, ал бірақ бір нәрсе шығып кетіп жүрмесе"/10/-деп жазды Н.Назарбаев.Кеден Одағы Интегарциялық комитетінің председателі Н.Исингарин қазандағы Мәскеу самитінің жұмысына қатысты. Кейін ол былай деп жазды: "Н.Ә.Назарбаев ұсынған жобасы Мәскеу саммитінде мемлекет басшыларынан қолдау таппады, шешімде жобаны енгізу фактісін анықтаумен шектелді. Президенттердің басты дәлелдері мынандай еді: Достастық бар кезде тағы бір ұйымның қажеті не, соның шеңберінде интеграциялық жүргізуге болады. бірақ, өкінішке орай, ол жобаның идеялары тиісті дәрежеде пайдаланылмады "
Н.Ә.Назарбаев Ресейдің әлеуметтік ғылымдар Академиясының сессиясында ТМД сәтсіздіктерінің себептеріне талдау жасады, дегенмен, интеграциялық процестердің конструктивті сипаттамасы Еуразиялық Одақ жобасында көрсетілген платформаға сүйенді деп нық сеніммен айтты. Құжатта көрсетілген тенденциялар расталды. Президент Н.Ә.Назарбаев мынандай мысалмен көрсетті: Жобада ТМД кеңестен кейінгі аймақта интеграцияның жалғыз формасы бола аламайды деп біржақты айтылған, аймақтық және салалық бірлестіктер құру қажет. Мұндай амалдың дұрыстығын уақыт растады, сөйтіп біз Кеден Одағы, Орта Азия экономикалық бірлестігі, Мемлекетаралық экономикалық комитет т.б. сияқты интеграциялық формалардың құрылуының куәсі болдық. Енді ол тізімге Ресейдің және Белорусияның конфедеративтік одағын, Орта Азия мемлекеттерінің қорғаныс одағын, ТМД Бірыңғай антитеррористік орталығы, ТМД ұжымдық қауіпсіздік туралы шарты, Еуразиялық экомикалық қауымдастықты қосуға болады.ТМД елдерінің басшылары әлемдік бірлестікке кіру тек бірлесе күш салумен мүмкін екенін түсіне бастады. Сөйтіп, келешекке бастайтын Еуразиялық Одағының идеяларының өміршеңдігін көрсетеді. Отандық саясаткерлер Н.Ә.Назарбаевтың 1999 жылы желтоқсандағы Стамбулдағы ОБСЕ саммитіне және АКДІ-қа барған сәтті сапарынан кейін, Қазақстан сыртқы саясатының негізгі векторын және геосаясаттық интеграциясының стратегиялық орталығын ауыстырып жіберуге дайын деп есептеуге бейім болды. Бірақ олар қателесті. Қазақстан республикасы, бұрынғыіда, халықаралық қатынаста көпвекторлық принципті үстайды және ТМД шеңберіндегі интеграцияға көп күш бағыттайды. Кеден Одағы негізінде құрылған Еуразиялық экономикалық қауымдастық бұған мысал бола алады.
Еуразиялық экономикалық қауымдастық шешім қабылдаудың стандартты халықаралық процедурасына көшеді: дауыс саны бірлестік бюджетіне сол елдің қосқан үлесіне пропорционал болады, ал олар барлығына бірдей емес, елдің экономикалық потенциалына пропорционал: Ресейде-40% дауыс, Қазақстан мен Белорусияда-20% дан, Қырғызстан мен Тәжікстанда-10% дан. Ресей делегациясының пікірі бойынша мемлекеттер шарт шеңберінде шындығында өз еркімен өзінің егемендігінің бір бөлігін береді. Еуразиялық экономикалық қауымдастық бұдан бірнеше жыл бұрын Европалық экономикалық бірлестік болған Европа Одағының үлгісімен, басқару органы болады. Еуразиялық экономикалық қауымдастық басқа елдер үшін ашық. Жаңа структура өзінің құндылығын дәлелдеуге асыға, бірқатар екі жақты келісімдерге қол қойды. Ресей мен Қазақстан қол қойған шарт бойынша экспортқа жіберілетін тауарлардан алынатын НДС және акциздер тек сол елде болады/11/. Дәл сондай шарт Астанадағы саммит кезінде Қырғызстанмен жасалды, енді Тәжікстанмен де қол қоюға дайындық жасалуда. Сөйтіп салық заңы өркениет формасьша енеді.Эксперттер Ресей үкімет басына В.В.Путиннің келуі интеграциялық процеске жаңа импульс берді деген бірыңғай пікір білдірді. Қазақстан Президентінің айтуынша, Ресейдің бұрынғы басшысымен мұндай келісім жасау мүмкін емес еді. Ал сол уақытта Украйна және Өзбекстан президенттері Еуразия экономикалық қауымдастығын құру ТМД даму перспективасына кері әсерін тигізеді деген пікір білдірді. "Одақ шындығында әлі туылған деп саналады. Еркін сауда зонасы керек" /12/-деп мәлімдеді Өзбекстан Президенті И.Каримов. Жаңа бірлестіктің перспективасына баға беруде Н.Ә.Назарбаев та сақтық көрсетеді: "Еуразиялық экономикалық қауымдастық - бұл кезекті қадам, бұл төңкеріс емес" /13/. Ешқандай төңкерістік өзгерістер жоспарланбағанын түсіну керек. "Бестік" елдерінің ұсынысы бойынша экономикалық аймақ құруға, еркін сауда тәртібін жасауға алғашқы қадам жасалды. Бұл прогресс. ТМД елдері тағы бір мүмкіндік алды. Тәуелсіздік, мемлекеттілік - қара бастың қамы емес екенін түсіну керек. Мемлекеттің мақсаты - халықтың өмірін жоғары дәрежеге көтеру.Орыс философы П.Савицкий өз кезінде, Еуразия территориясында бірыңғай мемлекет құру тек нақты тарихи процесте ғана мүмкін, деген қорытындыға келді. Мінеки Еуразиялық зкономикалық қауымдастығы құрылды. Дәл сол тарих процесс басталған сияқты.
1.3 Еуразия Одағы және еуразиялық интеграция мәселесі.
Еуразия қос құрлығының жапсарына қанатын кере жайып, жүздеген ұлттың еркін дамуына төрт-бес ғасыр бойы тосқауыл болып келген алып империя XXғасырдың соңғы он жылдығы басталар-басталмастан күйреп түсті. 70 жылдай үстемдік еткен Кеңес Одағының қабырғасы қаусап түскен кезде бұрын одақтас деп аталған елдер бас-басына жеке тәуелсіз мемлекетке айналып, тәуелсіздігін жариялады. Дегенмен де 70 жылдам астам бір одақ ішінде болған республикалар туыстық жақтан да, экономикалық жақтанда бір-бірімен бірігіп кеткен елдер бірден араларындағы қалыптасқан байланысты үзе қойған жоқ. Шекара ашық, қарым-қатынас тоқтамады. Тіршілік үшін бірлік керек екенін түсінген тәуелсіз мемлекеттер басшылары одақ болмағанымен Достастық қажет екенін түсінді. Осы түсіністік нәтижесінде дүниеге Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы келді. Осындай саяси шешімнің орнығуына Ресей Федерациясының Президенті Б.Н.Ельцин мен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев ұйытқы болды. Бұл Достастықтың түсауы еліміздің сол кездегі астанасы Алматыда кесілді.
Мұндай Достастықтың түпкі идеясы ортақ мақсаттан туындаған болатын.
Достастық елдері бір-бірінің шекарасына қол сұқпайды;
Сыртқы шабуылдан бірігіп қорғанады;
Достастық елдері арасында экономикалық ынтымақтастық күшейіп, тауар рыноктарына жол ашылады;
Мәдениеттің, ғылым мен білімнің қазынасына ортақ мүддегепайдаланылады.
Барлық тәуелсіз мемлекеттер бір-бірімен дипломатиялық қатынас орнатты, елшіліктер ашты, ресми сапарлар негізінде барыс-келіс жүргізілді. Бірақ уақыт өте келе ТМД елдері арасындағы қарым-қатынасқа сызат түсті./1/ Кеңестен кейін кеңістікте экономикалық, саяси, геосаяси, мәдени-өркениеттік және басқа факторларға байланысты бұл қауымдастық ықпалдасудың елеулі құралы бола алмайтын еді. Оған мүше елдердің мүдделері мен сыртқы саяси басымдықтары, әлеуметтік-экономикалық және саяси дамудың деңгейі мен модельдері, ықпалдасу ТМД-ның ішкі нақты қозғаушы күші болуы үшін болашаққа деген көзқарастары тым алашақ еді. Бұған қоса, барлық егемен республикалар әлеуметтік-экономикалық қатты дағдарысты бастан кешіріп жатты да, кең ауқымдағы интеграцияның мүмкіндігі шектеулі болды. Оның болашағы бұлынғыр болғанымен, үзілген қарым-қатынастарды орнықтырудың алғышарттары жасалды. Бұрын-сонды тарихта болмаған бұл бірлестіктің құрылған алғашқы күннен-ақ оның төңірегіндегі түрлі әңгіме өрши түсті. Оның болашағын күмәндана қарайтын саясатшылар бұл Достастықты құрғақ қиялға балады. Себебі: бұл ұйымның ішінде бірнеше топ пайда болды. Атап айтар болсақ, Орталық Азия елдерінің қауымдастығы, келешегі көпшілікке түсініксіздеу Ресей - Белорусия одағы, сондай-ақ, Грузия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Украйна, Молдова елдерінің ГУУАМ бірлестігі, бес мемлекеттің Кедендік одағы, ұжымдық қауіпсіздік сияқты топтар сырттай қарағанда үй ішінен үй тіккендей әсер қалдырары сөзсіз. Оның үстіне ТМД-ға мүше елдердің кейбірі өзара қарым-қатынастарда визалық тәртіпке көшті /2/. Бұл әрекеттер күмәнді ойларды қалыңдата түсетін сияқты.
Қалыптасқан шиеленісті өз бетімен шешуде айтарлықтай оң нәтиже бермеді. Бұның негізгі себебі тәуелсіздік алған жас мемлекеттердің өзбетімен даму тәжірибесінің жоқтығынан емес еді, оның мәні тереңде болатын. Дегенмен де мемлекет өкілдері, саяси қайраткерлер арадағы байланысты сақтап, дамытуға тырысты. Тұтастай алғанда, кеңестен кейінгі кеңістікте шұғыл геосаяси жіктеліске жол берілмеуі ТМД-ның басты жетістігі болып табылады. Мұндай жіктеліс көрініс бергенімен, олар мемлекетаралық қақтығыстарды туындататтындай деңгейге жіберілмеді. Осының өзі ТМД-ның басты мақсаты болған шығар. Әрбір республика Достастыққа біріге отырап, өз алдына стартегиялық мақсат қоя білді. Және сол мақсаттарына жетуі ТМД-ны жас республикалар үшін пайдалы еткенін де жоққа шығаруға болмайды. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей экономикалық деңгейдегі мемлекеттердің ықпалдасуы, сауда экономикасына өту барысында түрлі кезеңдерді басынан өткереді.
ТМД мемлекеттері арасындағы шиеленістердің талай-талай себептері де бар еді. Ол Интеграция. Бұл ұғым кім-кімді болмасын ойландырды. Бүгінгі заман талабына сай алғаш рет ТМД-ның маңызды әлеуметтік-экономикалық интеграциясы жайлы мәселені Н.Ә.Назарбаев өзінің Ұлыбританияға барған сапары барысында көтерген" болатын. Корольдік халықаралық қатынастар институтында сөйлеген сөзінде ол былай деп мәлімдеген еді. "Кеңес дәуірінен кейінгі кеңістіктің дамуы екі бағытпен айқындалады: бір жағынан, ұлттық мемлекеттіліктің қалыптасуы жүріп жатыр, екінші жағынан, ТМД елдернінің интеграция бағыты байқалады. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының өзін реформалау қажеттілігі пісіп-жетті, мұның өзі осы аймақта тұрақтану белдеуі мен қауіпсіздік орнатуды қамтамасыз етер еді және саяси эволюцияны болжаудың дәрежесін жоғарлатуғамүмкіндік беретіні кәдік" /3/. Ол егемендікпен егіз қозыдай табысып кете алады деген ешкімнің де ойына кірмеді. Ал саяси оқиғалардың қарқыны заманы өткен, экономикалық мәнін жоғалтқан керексіз ғана емес, ақылға әбден сыйымды, қай жағынан да пайдалы, керекті қарым-қатынастардың да байланысын қиындатып, күйрете бастады. Оның үстіне бұрынғы одақтастар он жылдап қалыптасқан бірлескен күш-куатты сақтап қалудың орнына, біреуі - Батыспен, біреуі Шығыспен ым-жымдасып, шапағатты шалғайдан күтіп, ашылған арнаны алшайта түсті.
Еуразия Одағы байыптамасы үстіндегі жұмыс осындай жағдайдабасталды. Алайда мұндай бастаманы түсіне қою саясаткерлерге,мемлекет басшыларына, халықтарға оңайға түспеді. Дүниені ақ пенқараға бөліп, атыстырып-шабыстырып қарайтын көзқарастан бастартуға тура келді. Ол кездегі таластар ондай көзқарастың әлімансұқталып болмағанын көрсетті. Не егемендк, не интеграция -екуінің бірі. Мәселені бұлай түсінушілік те дүниеге деген әлгіндейкөзқарастан туындап жатқанды. Бұл екі үғым бірін-бірі толықтырадыдеген ешкімнің ойында болған жоқ. Екеуі екі қиын құбылыс саналды.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев "Интеграциялық процессіз бірде-бір мемлекеттің дамуы, өркендеу мүмкін емес. Тіпті әлемдегі алдыңғы қатарлы мемлекет саналатын АҚШ, халықаралық саудасыз өмір сүре алмайды. Оның қатарына Үндістанды, Қытайды жатқызуға болады. Ал Қазақстан Республикасы интеграциясыз, қандайда бір бірлікке кірмей дамуы тіпті мүмкін емес" /4/ - дейді. Н.Ә.Назарбаевтың ұсынып отырған Еуразиялық Одақ құру туралы ұсыныстың мәні ТМД мемлекеттерінің әрқайсысының әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін ескере отырып, интеграциялық процестерді біртіндеп жүзеге асыруға болады. Интеграцияға өздерінің таяу және алыс көршілерімен қарым-қатынасын ақылға қонымды етіп реттеуге дүние жүзінің барлық елдері бар күшімен ұмтылып отырғаны анық. Бұл түрғыдан келгенде интеграцияның қалыптасқан халықаралық тәжірибесінің, сондай-ақ интеграцияның барысын жүзеге асырып отырған мемлекетаралық мекемелердің іс-әрекетінің маңызы зор. Европа одағы, Араб мемлекеттерінің Лигасы, Оңтүстік Африка мемлекеттерінің, Азия-. Тынық мұхит аймағындағы мемлекеттердің бірлестіктері де тап осылай істеп отыр. Олар өзара қарым-қатынасты тереңдете түсіп, саяси және экономикалық проблемалардың өзара қабылдауға болатын шешімдерін іздестіріп, табуға ұмтылуда. Бұдан олардың мемлекеттік мүдделері тек ғана ұтып шығады. Мысалы, Европалық одақтың құрамында қолданылатын әр жақты шаралар туралы ақырғы шешімқабылдайтын, қатысушы елдердің Министірлер Кеңесі, жалпы шараларды анықтап, оны жүзеге асыратын Комиссия; одақтың заңдарын қабылдау процесін жүргізетін Европарламент қызмет жасайды. Министірлер Кеңесі - шешім қабылдайтын жоғарғы орган. Ол шығарылатын заң туралы соңғы сөздің иесі. Одаққа қатысушы елдердің министірлері нақты бір мәселені шешудің төңірегіне шоғырланған. Сондықтан да олар шын мәнінде көптеген Кеңестер қатарынан тұрады.
Комиссияның міндеті - ол атқару өкіметінің міндеті. Ол барлық дайындық шараларын жасайды. Комиссия мүшелері одаққа қатысушы елдердің келісімі бойынша төрт жылға беріледі. Бұл ретте олар өз елдерінің үкіметіне тәуелді, ал бекітілгеннен кейін бұл тәуелділік күшін жояды. Ұлттық үкіметінің комиссия мүшелеріне нұсқау берген, олардан есеп алуға немесе қайтадан шақырып алуға ешқандай қақысы жоқ.
Өкінішке орай ТМД өзіне артылған үмітті жеткілікті дөрежеде сақтай алған жоқ. ТМД елдері арасында өзара келіскен 400-ден аса /5/ қабылданған келісімдерің көпшілігі орындалмады. Дамыған Батыс және Шығыс мемлекеттерінің көмегіне сүйену де оң нәтиже бермеді. Соңғы жылдардың нәтижесінен көріп отырғандай, егемен мемлекеттердің тек қана ТМД шеңберінде дамуы оларды көптеген бағыттар бойынша, экономиканы былай қойғанда, саясат, ғылым, мәдениет, халыққа білім беру салалары бойынша да бір-бірімен алшақтатып барады. Мұндай жағдай ТМД халықтарының ойынан шығады деп айтуға бола қоймайды. Ал олар экономикалық дағдарыстың негізгі ауыртпалығын өз иықтарымен көтеріп келе жатқаны анық. Адамдар неғүрлым тығыз ынтымақтастықты қолдайтындықтарын мейлінше айқын білдіруде. Олар ТМД елдерін түгел қамтып отырған қазіргі аса ауыр экономикалық дағдарысты өзара күш-жігер біріктіру арқылы ортақ тіршілік кеңістігін "жақсартпай тұрып" жеңіп шығу мүмкін емес екендігін, әйтеуір егемендік туы астында өз еркімен томаға-түйық тіршілік ету дегеніміз, жалпы алғанда, ілгері жылжу емес, кері кету және тоталитарлық дағдарысқа ұшырау болып табылатынын жақсы түсіне бастады. Мұның өзі интеграцияға деген шақыруды егемендікке қарсы әрекет деп қарастыратын, саяси басқарудың кешегі күні өткен, орталықтандырылған жүйесін қайта қалпына келтіруді көксейтін билеуші саяси топтың, өз халықтарының мүдделерін "білдіруші", оны "бірден-бір қорғаушы" ретінде көрсетуге тырысатын ұлтшыл-радикалдардың да мақсаттарына қарама-қайшы келетіні әбден табиғи нәрсе.Интеграция - ұлттық экономиканы және онымен байланысты, оған тәуелді бірсыпыра басқа да өміршең де өтікр әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін жаңа деңгейдегі интеграция, ынтымақтастық. Интеграцияның жаңа кезеңі жаңаша құрылған мемлекеттердің шекараны бөлісу, шектеуден туған күнделікті тұрмыс жағдайлары көптеген жүртшылықтың шешуіне жол береді. Адамдардың бір-бірімен табиғи байланысын қалыпқа келтіру, бір кездегі бірыңғай кеңістіктегі адамдар өмірін үйлестіру интеграциялық процестің адамгершілік гуманистік мақсат мүддесі.
Дүние жүзі саясатының көптен бергі мұраты интеграция, ортақ мақсатқа жету үшін, мемлекетаралық қарым-қатынастарды барынша үйлестіруге және үндестіруге ұмтылған әртүрлі елдердің күш біріктіруі. Бұған көз жеткізу үшін шетелдердің тәжірибелеріне көңіл аударсақ жеткілікті. Осы құрылымдардың бәрі де қарым-қатынастарды жан-жақгы тереңдету, күрделі саяси және экономикалық мәселелерді шешудің ең үйлесімді жолдарын табу мақсатында құрылған. Ең жексүрын саясатшы, Ливияның басшысы, полковник Муамар Каддафидың өзі жыл өткен сайын күш алып келе жатқан интеграциялық процеске қошемет білдіріп отырғанда /6/ ТМД елдерінің кейбір өздерін білімдар санайтын басшылардың жеке дара өркендеу бағытын ұстануы таңдандырады. Бұл ұлт көсемдері адамзаттың жинақтаған мол тәжірибесінен сабақ алуы керек еді, жеке-отырып тек өз күшіне ғана сүйеніп, дүниежүзілік қоғамдастық пен дүниежүзілік шаруашьшық қызметінен өз орнын табуға, ешбір мемлекеттің шамасы келмейтінін ұғулары керек. Жақсы болсын, жаман балсын бүгінігі дүние өзінің жан-жақты заңдылығымен өмір сүріп, өркендеу үстінде және оған ешкімнің де өз бетінше түсінік беріп дәлел айтуға әсіресе елеп ескермеуге қақы жоқ деп санаймыз. Дүние жүзінде мемлекетаралық қарым-қатынастың әртүрлі бағыттарынан интеграциялық жақындасуды көруімізге болады. Мемлекетаралық ынтымақтастықтың мәнісі неде? Оның мәнісі -қандай дабір мемлекеттің халықаралық ауқымда танылмайынша, әлемдік қоғамдастық тарапынан қауіпсіздік, аумақтық тұтастық пен шекаралардың мызғымайтынына кепілдік алмайынша, өз мемлекеттілігін қалыптастыру туралы әңгіме қозғауы сөз болып қалатындығында. Қазіргі заманда кіші мемлекеттер интеграциясыз өмір сүре алмайды. Жалпы айтқанда, алыс-беріс, әсіресе, сауда айналымы үшін керек. Мысалы, Америкада ең сапалы ұшақ "Бойнг" шығарылады /7/. Ал Қазақстан бірден осы ұшақты жасап шығарамын деп талпынуына бола ма? Алайда мұндай сапалы ұшақ жасауға Қазақстан Республикасыңың мүмкіндігі жоқ. Ұшақ жасайтын ұлттық мамандар жағынан да тапшы. Сол себепті бізде бар затты оларғасатып, оларда бар дүниені өз елімізде пайдаға жаратуға қадам жасауқажеттілігі туындайды. Бүгінге дейін Қазақстан Республикасы менАҚШ-тың арасында сауда келісіміне қол қойылған. БұрынҚазақстанның шет елге шығаратын жолы тек Ресей арқылы өтетінболса, Қазір Иранға дейін жол салынды. Енді Қазақстанның тауарығана емес, Сібірдің де, Орта Азияның да .тауарлары Үнді мүхитына солжол арқылы шығарылады /8/. Қытай арқылы тынық мүхитқа шығумүмкіндігіне ие болды. Бұл дегеніміз интеграцияның өрісті қадамы.Интеграциясыз даму жоқ. Өркениетке жетем деген ел интеграцияныңтізгінінен мықтап ұстағаны жөн.
Ықпалдастықтың күрделі болашағын шыншылдықпен түсіну тек саясатшыларға ғана емес, интеллектуалдық элитаның да көпшілігінде жетісе бермейді. Ал жағдайды реалистік тұрғыдан түсіну кейбір түбегейлі қорытындылар жасауға мәжбүр етеді.
Біріншіден, кешегі кеңестік кеңістікті жуық арада тұтасымен ТМД-дан гөрі тиімдірек бірлестікке біріктіру тым екіталай нәрсе. Қазіргі кезде Еуразиялық Одақ жобасында көрсетілген, екі қарқынды және көпдеңгейлі ықпалдастықты өрбітіп, өзінше "ықпалдастықты орталықтар" қалыптастыру оңтайлырақ. Бұл жерде, стратегияны өзгертіп, жаппай бірігіп, жаппай бір қалыпқа түсуге, соның салдарынан ойдағыдай жүзеге аса қоймайтын ықпалдастыққа. ұмтылудан гөрі, географиялық жағынан ықшамдырақ, саяси бағыттамалығы жағынан нақтырақ салалар мен арналар бойынша ықпалдасуға көшу турасында қарастырылып отыр. Оның үстіне, орталықтың республикадағы аймақтық; ұлттық, экономикалық, әлеуметтік, саяси өзгешеліктерді ескермей, барлық жерде қайта құруды бір қалып, бір қағидалар бойынша жүзеге асырғысы келген талабы қалайсәтсіздікке ұшырағанын білеміз. Ондай біркелкілікке ұмтылу біздің дербес мемлекеттік дамытудың, жаңа экономикалық қатынастар мен сыртқы саяси бастамалар қалыптастырудың белгілі кезеңнен өткен елдеріміздің өзекті: мүдделерін терең түсініп, жете үйлестіре алмасы хақ. Сонымен қатар кейінгі жылдары бұрынғы одақтық мемлекет республикалары экономикалық даму жағынан да әр алуандалып кетті. Мұндай жағдай бірлесудің қандайда болмасын әмбебап үлгісі жөнінде сөз ету деген сөз экономикалық реформаны жүзеге аеыруда қол жеткен табыстарымызды өз қолымызбен тәрк ету болып шығар еді. Егер- мемлекеттердің бір тобы даму жағынан былайғы мемлекеттерден іргесі озып.кетсе, онда алаңдайтын ештеңе жоқ. Әлемдік тарих кез келген ықпалдастық бірлесудің былайғыларды өз төңірегіне топтастыра. алатын жетекшілері болғандығын көрсетіпберіп отыр. Демек, қосқарқынды және көпдеңгейлі ықпалдастық идеясы ұлттық мүддені де, Достастық қамын да жіті ескеруге мүмкіндік туғызады.
Екіншіден шынайы ықпалдастыққа ең үлкен қауіп күшпен бірігулікке шақыру мен ұмтылудан тұрады.
Бұрынғы КСРО аумағындағы өзгерістер де бір-біріне тығыз байланысты, бірақ өз алдына дербес екі процестен әлеуметтік жүйенің ішкі дағдарысынан жөне экономикалық-географиялық, мәдени-географиялық, технологиялық-географиялық және ең бастысы саяси-географиялық түбегейлі өзгерістерден туындап жатыр. Егер барлық мәселе жүйенің ішкі дағдарыстарына ғана тіреліп тұрса, онда кешегі кеңестік кеңістікті уақытша дағдарыс құшағындағы сая ретінде дербес қарастыруға болар еді. Бірақ шын жағдай олай емес. Бұл кеңістіктеті ыдыраушылықтың тамыры тереңде. Содықтан да күшпен бірігушілікке ұмтылу - орнықсызды күшейтіп, қантөгіске ұрындырмай қоймайтын қауіпті жол.
XXIғасырдың тиімді ықпалдастығы тек экономикалық және мәдени ықпалды тиімді жүйелеу арқылы ғана жүзеге аса алса керек. Оны сыртқы тартымдылығына бола ескі әдістермен жүзеге асыруға тырысу төтенше қауіпті екендігі даусыз.
Үшіншіден, анық стратегиялар мен айқын мақсаттар керек. Басты мақсат айқын көрініп тұруы керек. Әркімнің ішкі есебімен өзгеріп тұратын болса, ықпалдастық жағдайындағы жалаң ұрандар көтерудің қажеті жоқ. Қазақстан Республикасы үшін ықпалдастық бірлесудің мақсаты анық. Ол - тауар, капитал, жұмыс күшінің еркін қозғалысына кедергі келтіретін кез келген техникалық және алым-салықтық шекараны жойып, ортақ рынок жасау.
Төртіншіден, шынайы ықпалдасудың қажетті шарты - Достастық мемлекеттерді өзара іс-әрекетін үйлестіруді сыртқы саясаттың ең басты бағыты деп тану болып табылады. Ол басымдылық тек ішкі қолданымдағы саяси науқандарда емес, бірлестіруші экономикалық, мәдени, саяяи құрылымдар жүйесін түзудің жолындағы нақты шаралар арқылы іс жүзінде көрінуі қажеті.
Осыған орай да, жақын тарихи болашақта кешегі кеңестік кеңістіктегі ықпалдастықтың қандай бағытта, нені көздеп өрбитінін анықтайтын айқындамалар мен айқындамалар тобын іріктеп алудың түбегейлі мәселесі туындайды. Ықпалдастықты саяси жарнама мақсатында пайдаланбай, шынымен жақтайтындар - өркениетті, озық ойлы ықпалдасу процесі - мемлекеттердің ұлттық егемендігін нығайтумен қатар жүріп, бірін-бірі өзара толықтыруы қажет екенін түсінеді. Тек сондай ықпалдасу ғана орнықтылық пен қауіпсіздіктіңшын баламасы бола алады. Европа, Солтүстік Америка, Күнгей -Шығыс Азия тәжірибесі осыны дәлелдейді.
Қадам басып отырған XXIғасырдың қарсаңында әлемнің қай бұрышында да барша мемлекеттер бірігіп, күнкөруді ойлап жатқан кезде, мынау әлемде үлкен экономикалық бәсекелестік болып жатқан кезде, қай ел болмасын бір-бірімен сауда-саттық жасамай өркендемейді. Сонымен бірге барлық мемлекеттер өзіне әріптес, тауар рыногын іздейді. Жалғыз қалып ешқандай мемлекет дамымайды, өркендемейді. Ең қүдіретті деген АҚШ-тың алпауыт деген компанияларының жартысынан астамы . шетелдерде жұмыс істейді. Сан-Францисконың, Нью-Йорктің ортасында да неше түрлі үлкен ғимараттар арабтардың, ағылшындардың, жапондардың жеке меншігінде /9/. Ешкім одан қорқып та, зиян шегіп те отырған жоқ. Егер де Қазақстанда шығарылатын тауарлар өзіміздің ішімізде, сондай-ақ басқа жерде - Өзбекстанда, Ресейде, Белоруссияда, Қырғызстанда, Түркменстанда сатылмаса, онда ол өнімдерді шығарған өндірістер қалай жүмыс істейді ? Сондықганда сауда-саттық үшін, шетелдерден келетін тауарлардан бағасы төмен болып, соны ел сатып алу үшін жол бойында алатын салықтың барлығын келісу керек. Біз бір Достастық мемлекеттер екенбіз онда мемлекеттердің арасындағы тауарлар үшін алынатын салықты алып тастау керек. Батыс Европадағы 15 мемлекеттің арасындағы қарым-қатынастың тәртібі ешқандай қиындықсыз өтеді.
П-тарау. Еуразиялық Одақтың геосаяси орналасуы, даму