Осы жалпықазақтық II съезіңде: "Алаш облыстарын қазіргі бүліншіліктен қорғау мақсатымен уақытша ұлт кеңесі кұрылды, оның аты "Алашорда" деп аталды. "Алашорданың" өкімет құрамы 25 адам болып, 10 орын қазақтар арасындағы басқа халықтарға қалдырылды. Алаш автономиясының Алашорда аталған (Алаштың ордасы немесе үкіметі) ұлт кеңесінің құрамына 15 қазақ азаматы сайланды. Уәлитхан Танашев (Бөкей ордасы), Халел Досмұхамедов (Орал облысы), Халел Ғаббасов (Семей облысы), Сыдық Аманжолов (Жетісу облысы), Мұстафа Шоқай (Сырдария облысы), облыстардан тыс Алашорда қүрамына Әлихан Бокейханов, Жаһанша Досмұхамедов, Әлімхан Ермеков, Мұхаметжан Тынышбаев, Бақыткерей Құлманов, Жақып Ақбаев, Базарбай Мамытов, Отыншы Әлжанов сайланды. Үкіметтің осы 15 мүшелеріне орынбасарлар болып қазақ өлкесінің әр түрлі өңірлерінен тағы да 15 кісінің кандидатуралары бекітіледі.