3-апта І бөлім Лексикалық тақырып: Өнертабыс және жаңашылдық Тыңдалым



бет3/3
Дата25.01.2023
өлшемі69,28 Kb.
#166335
1   2   3
Байланысты:
3 апта
Экскурсия 2022-2023-1, sz lechebnoe-delo ch.2 , 2 ПЗ Зәр шығару реттелу-2022, Төлеген Мейірман презентация, ЛИКВОР-2023, Курс лекций по общественному здоровью и здравоохранению. Ч. 1, Абилханова Г.С. 1-006 гр Биохимия
3-апта


ІІ бөлім


Медициналық тақырып : Асқазан аурулары



  • Мәтінді оқыңыз, аударыңыз. Аудармаңызды оқытушымен бірге талдаңыз

Гастрит – бұл асқазанның шырышты қабығының қабынуы. Ол көбінесе ас қорыту жолына тамақпен бірге микроорганизмдер түскенде пайда болатын ауру. Сырқаттың ұзақтығына қарай: жедел және созылмалы болып екіге бөлінеді.


Гастриттің жедел түрінде науқастың басы, іші ауырады, әлсіздік байқалады. Дене қызуы 38-39˚С-қа дейін көтеріледі. Қорытылмаған тамақты құсып тастайды. Терісі қуқылданып, іші аздап кебеді. Егер ауру асқынса, созылмалы түріне ұласады.
Себептері:

  • инфекция түсу;

  • дәрі-дәрмектерді көп қолдану;

  • дұрыс тамақтанбау;

  • зиянды әдеттер;

  • жүйке жүйесі жұмысының бұзылуы.

Жоғарыда аталған факторлардың әсерінен асқазанда қабыну үдерісі дамиды.
Созылмалы гастритке тән белгілер:
• тәбеті нашарлау;
асқазан тұсының ауыруы;
• жүрек айну;
• асқазанның қыжылдауы;
• құсу;
• ауыздан жағымсыз иіс шығу;
• іш қату.
Емі: Антибиотиктер тағайындалады. Дәрігер тағайындаған дәрілерді дұрыс қабылдап, тамақтану мәселесіне де үлкен мән беру қажет.


Сөздік:

  • шырышты қабықша – слизистая оболочка

  • қабыну үрдісі – воспалительный процесс

  • іш кебу – вздутие живота

  • қорытылмаған тамақ – непереваренная пища

  • жағымсыз иіс – неприятный запах

  • бұзылу – нарушение

  • қыжылдау – изжога

  • жүрек айну – тошнота

  • іш қату – запор

  • айналу – переходить

  • қуқылдану – бледнеть

  • құсу – рыгать; рвота

  • мән беру – придавать значение

1-тапсырма: Сіз гастроэнторологсыз, сіздің қабылдауыңызға асқазаны ауырып жүрген науқас келді. Қандай сұрақтар қоятыныңызды жазыңыз
2-тапсырма: Төмендегі азық – өнімдерінің асқазан үшін пайдасы мен зиянын сипаттаңыз. Ойыңызды толықтырып жазыңыз.
Сүт тағамдары: ­­____________________________________________________________
Ет тағамдары: ____________________________________________________________
3-тапсырма: «Асқазан аурулары» мәтінін мазмұндаңыз
3-апта сабағынан біліп-түйгенім:



Тақырыбы

Есімде қалған негізгі ақпарат

Есте болатын жайт!!!




















Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет