3. "Қазақ әдебиеті" оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері



бет1/5
Дата26.12.2023
өлшемі77,79 Kb.
#199331
  1   2   3   4   5
Байланысты:
3. аза дебиеті о у п нін о ытуды негізгі міндеттері


Түсінік хат

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына, «2020-2021 оқу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатқа, «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 352 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 7 наурыздағы №105 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 12 наурызда № 18382 болып тіркелді) бекітілген оқу бағдарламаларын басшылыққа ала отырып құрылды.


2. Қазақ әдебиеті бағдарламасының мақсаты – білім алушыларды креативті ойлауға бағыттау. Олардың ойларын ауызша еркін жеткізуіне және жаза білуіне қолдау көрсету, дәлелдер келтіру, салыстыру және анализ жасау, бағалау дағдыларын қалыптастыру. Білім алушылар әдеби жанрларға эксперимент жасау арқылы драмалық шығарманы проза тілімен, прозаны поэзия тілімен жазу тәсілдерін меңгере алады.
3. "Қазақ әдебиеті" оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері:
1) "Қазақ әдебиеті" бағдарламасы білім алушылардың сауаттылығын, олардың әдеби және эстетикалық талғамдары мен сезімдерін дамыту, ойлау қабілеттері мен танымдық және коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру бағытында құрастырылған;
2) қазақ әдебиетінің құндылық ретіндегі болмысын, ұлттық мәдениеттегі маңызды орнын құрметтейді және бағалайды;
3) қазақ әдебиетінің мәдениетаралық қарым-қатынастағы рөлін, қазақ халқының қалыптасқан тарихын, алға қойған міндеттерін, мәселелерін, қарама-қайшылық пен қиындықтарын анықтайды және түсінеді;
4) түрлі жағдайларға бейімделе білу және өздігінен шешім қабылдау дағдыларын қалыптастырады;
5) заманауи, ғылыми және қоғамдық дамуға сәйкес дүниетанымын дамытады.
4. "Қазақ әдебиеті" пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 11-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты;
5. "Қазақ әдебиеті" пәндік білімнің мазмұны бөлімдерге бөлінген: түсіну және жауап беру, анализ және интерпретация, бағалау және салыстырмалы анализ, сонымен қатар, дағдыларды қалыптастыратын бөлімшелерден тұрады. Бағдарламаның бұл бөлімі пән бойынша оқу мақсаттарынан тұрады.
6. "Түсіну және жауап беру" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) көркем шығарма мазмұны мен пішіні;
2) әдеби шығарманың тұжырымдамасы;
3) көркем шығармадағы образ;
4) шығарма үзінділерімен жұмыс;
5) қазақ әдебиетіндегі ұлттық құндылықтардың әлемдегі орнын білу.
7. "Анализ және интерпретация" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) әдеби шығарманың композициясы;
2) автор бейнесі;
3) көркем шығарманың тілі;
4) шығармашылық жұмыс;
5) қазақ және әлем әдебиетіндегі құндылықтар.
8. "Бағалау және салыстыру" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) тарихи және көркемдік құндылығы;
2) заманауилығы мен жаңашылдығы;
3) әдеби эссе;
4) әдеби сын.
11. Оқу пәнінің 11-сыныптағы базалық білім мазмұны:

  1. түсіну және жауап беру: әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін түсіну; әдеби шығарманың жанрлық ерекшелігін өзге жанрлармен салыстыра отырып талдау; көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету; көркем шығармалардан алған үзінділерді, қанатты сөздер мен дәйексөздерді шығармашылық жұмыстарда қолдану; ұлттық құндылықтардың маңыздылығын ғаламдық тақырыптағы контекстермен байланыстыру;

  2. анализ және интерпретация: әдеби шығарманың жанрына қарай композициялық ерекшеліктерін айқындау;шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысы; шығарма идеясы мен көркемдегіш құралдардың байланысын ашу; әдеби туындыдағы көтерілген мәселелерге өзіндік көзқарас тұрғысынан шығармашылық жұмыс жазу; әлем және қазақ әдебиетіндегі ортақ құндылықтардың үндестігін талдау;

  3. бағалау және салыстыру: шығарманы әлем әдебиеті үлгілерімен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау;көркем шығармадағы заман көрінісі мен қазіргі заман көрінісін салыстырып бағалау; шығарманы көркемдік-эстетикалық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу; шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын жазу.

12. Оқытылатын көркем шығармалар тізімі:
1) О.Бөкей «Атау кере» повесі;
2) Ж.Әбдірашев «Дала, сенің ұлыңмын» өлеңі;
3) Б.Мұқай «Өмірзая» романы;
4) Лира Қоныс «Тиын» әңгімесі;
5) М. Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы 1, 2-том;
6) Қ.Мырзалиев «Қызыл кітап» поэмасы;
7) С.Балғабаев «Тойдан қайтқан қазақтар» комедиялық драмасы.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет