7.2 Өнеркәсіпте дайындалған ірі панельді арақабырғалар
Бояуға және түс қағаздар жапсыруға дайындалған ірі панельді арақабырғаларды, құрылыс өндірістік мекемелерде дайындайды.
Арақабырғалардың келесі түрлері кең тараған:
Ірі панельді гипсобетоннан арақабырғаларды орнату кезінде олардың 4-5 см саңылуы бар паанель орнатады.
Шлакбетонды панельдер ылғалдылығы жоғарғы бөлмелерге арналған. Биіктігі 10 см төменгі қарапайым арматуралы бетоннан жасалынады.
Шынь темірбетонды панельдер шыныблоктардан жасалынған. Периметрі бойымен темірбетонды байламмен жиектеледі. Мұндай панельдер өзара және жанасқан құрылыстар арасында пісіру арқылы біріктіріледі.
Темірбетонды панельдер бөлме көлемімен бірдей. Олар көбінде ішкі алып жүретін қабырғалардың және арақабырғалардың қызметін атқарады.
7.3 Тақталы материалдардан кірпіштен күйіктасты тастардан жасалған арақабырғалар
Гипсобетонды немесе гипсошлакты тақталардан жасалған арақабырғалардың қалауын жіктерді гипсті ерітіндіге байлаумен жасайды. Есік ойықтарындаарақабырғаларды күшейту үшін тіреуіштерін орнатады және де оларға плиталарды қағады.
Дыбыс оқшаулауын талабы бойынша пәтераралық арақабырғаларды, аралары 6 см дейінгі санылаулары бар екі қатар тақталармен қалайды. Салынған арақабырғалар үстіне түс қағаз жабыстырмас бұрын тегістеу керек.
Кірпіштен шлакбетонды және күйіктасты тастардан жасалған арақабырға қалауын жіктерді күрделі ерітіндіге байлаумен жасайды. Едәуір мөлшерді арақабырғалар ( биіктігі 3 м жоғары ұзындығы 5 м көп) сызықты болатпен арматуралайды, майыстырылған ұштарын қабырғаға қағылған тығындарға қағады. Кірпіштен қырға салынған арақабырға мықтылығы тік және көлденең арматуралау көмегімен іске асады.
8 ТЕРЕЗЕЛЕР ЖӘНЕ ЕСІКТЕР
8.1 Терезелер және оларға қойылатын талаптар
Бөлмелерді жарықтандыру және желдету үшін арналған сыртқы қабырғалардың ойықтарында орналасқан жарық мөлдір қоршаулар - терезелер деп аталады.
Терезелердің келесі түрлерін ажыратады:
Витриналар, тауарларды экспозициялауға арналған;
Әшекей әйнектер - жарық мөлдір материалдан жасалған сыртқы қабырғалардың бөлігі.
-Терезенің толтырма элементтері болып мыналар табылады:
-Терезелі қорабша, қалқаны жақтауға қажетті, кейбір жағдайда доғатіреу немесе көлденең орталық деп аталатын аралық тік элементтпен күшейтіледі;
-Терезелердің шынылы жақтаулары тік элементтерді құрайтын жарма деп аталады, ал көлденең -фрамуга деп аталады ( немесе көлденең жарма );
-Терезенің астындағы тақтайлар - ағаштан, бетоннан және пластмасадан жасалынады;
-Сыртқы сутөкпе цинктелген болатын жасалынады.
Терезелер қоршаулы құрылымдар ретінде келесі талаптарды қанағатандыру керек:
-Мықтылықты, ұзақтылықты өндірістікті
-Жарық мөлдірлікті
-Жылу техникалық және дыбыс оқшаулау (сыртқы шудан, температураның ауысуынан және т.б қорғауы қажет )
-Түрлерін және көлемдерін сәулетті жолмен таңдау
-Пайдалануда ыңғайлы
-Үнемді (артық шыңылу құрылыс пен ғимаратты пайдаланудықымбаттауымен байланысты).
Достарыңызбен бөлісу: |