3 билет жауабы
1.
Гемоглобин, оның құрамы, мөлшері. Гемоглобиннің түрлері мен қосылыстары,
олардың физиологиялық маңызы..
Гемоглобин, оның құрамы, мөлшері. Гемоглобиннің түрлері мен қосылыстары,
олардың
физиологиялық маңызы..
Гемоглобин –
күрделі белок, хромопротеид,
96% глобин және 4% гем молекуласынан тұрады. Әрбір гем молекуласында 2 валентті
темір атомы болады. Гемоглобиннің бір молекуласы О2
-
нің 4 молекуласымен
байланысады.
1.HbP
–
примитивті гемоглобин эмбрионның жатырда
дамуының
9 аптасына дейін;
2.HbF
–
феталдық гемоглобин ұрықта және жаңа туған нәрестелерде;
3.HbA -
A гемоглобин ересек адамдарда.
Гемоглобиннің газдармен қосылысы
Физиологиялық:
HbO2 -
оксигемоглобин
HbCO2 -
карбогемоглобин
HHb -
тотықсызданған гемоглобин
Патологиялық:
HbCO -
карбоксигемоглобин
HbOH -
метгемоглобин
HbS -
сульфгемоглобин
Hb қалыпты мөлшері:
ерлер –
130-
160 г/л
әйелдер
–
120-
140 г/л
ең жоғары мөлшері 166,7 г/л
2.
Жүрек қызметіне
парасимпатикалық, симпатикалық жүйке талшықтарының және
олардың медиаторларының әсері.
Жүрек қызметіне парасимпатикалық, симпатикалық жүйке талшықтарының және олардың
медиаторларының әсері.
Тамырлардың тонусына вегетативтік жүйке әсер етеді.Олар
симпатикалық және
парасимпатикалық.Тамыр жүйкелерін тарылтатын вазоконстриктор(симпатикалық) одан
кейінгісі тармыр жүйкелерін кеңейтетін вазодилаторлар (парасимпатикалық) деп екіге
бөлінеді.1851 жылы Клод Бернар деген француз ғалымы тәжірибе жасады.Тәжірбисінің
маңызы симпатикалық жүйкенің (вазоконстриктор) қан тамырларын тарылтатынын
дәлелдеді.Тәжірибе ақ қоянға жасалды.Оның құлақ тамырларындағы симпатикалық жүйке
жүйесін мойынға
жақын жерден кесіп тастаса,тамырдың кеңейгені ешқандай құралсыз
көрінді
және құлақтың қызарғаны,1
-
2 градусқа қызуының көтерілгені байқалды.Содан
кейін кесілген жердегі жүйкені шеткі құлаққа жақын жерден ұшын тітіркендірсе,керісінше
құбылыс байқалды.Яғни,құлақтың тамырлары тарылды,қызуы түсті,құлақ сұрғылттанып
кетті.Бұл тәжірибенің қорытындысы:симпатикалық жүйке жүйесі қан тамырларын
тарылтып,олардың тонусын жоғарлатады.Мұнымен қатар
тамырлардың тарылуы мен
кеңеюі сол жүкелердің ұшынан бөлініп шыққан медиаторларға және рецепторлар түріне
байланысты болады.