3 билет «Заманауи білім беру технологиялары» пәнінің мақсаттары мен міндеттерін атаңыз Курстың мақсаты


Ұжымдық және топтық оқыту идеяларын жүзеге асыруға мысал келтіріңіз



бет3/21
Дата15.12.2022
өлшемі106,89 Kb.
#162956
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Заманауи

Ұжымдық және топтық оқыту идеяларын жүзеге асыруға мысал келтіріңіз.
Ұжымдық өзара оқыту технологиясын (ұйымдастырылған диалог, байланыстырушы диалог, талгенизм таланттар жəне дарындылар, оқудың ұжымдық тəсілі, ауыстыру құралында оқушылардың жұппен жұмысы) А. Г. Ривин жəне оның оқушылары мен ісін жалғастырушылары (В. К. Дяченко, М. Д. Брайтермен, А. С. Соколов, т.б.) жасап шығарған. Мұндай технологияда оқу материалын дайындау оқу мəтіндерін, қосымша жəне анықтама, сабақ тақырыбы бойынша (немесе сабақтар циклі бойынша), оқу мазмұнынмеңгерубірлігінебөлу (авторлықнұсқадаойлаусағаттары), мақсатты тапсырма жасау, оның ішінде үй тапсырмаларын жасау жатады. Оқушылар екі кезеңді бағдарға алады:
- дайындық, қажетті жалпы оқулық біліктер мен дағдыларды қалыптастыру жəне өңдеу мақсатындағы; кеңістікті бағдарлау; жолдасыңды тыңдап, оның не айтып отырғанын есту; шулы ортада жұмыс істеу; қажетті ақпаратты табу; жекеше есеп парақтарын қолдану; белгілі кейіпкерді сөзге жəне сөзді кейіпке айналдыру. Бұл біліктер арнайы тренингтік сабақтар кезінде іске асады;
- таныстырушылық, жалпы элементі «ойын ережесін» меңгеру, мақсатты ұстанымды хабарлау, өңдеу мінезімен нұсқау жəне оқу қорытындысын есептеу тəсілі болып табылатын əртүрлі модификациялары бар.
Оқу сабағының жүрісі сабақ мазмұнының жасына, оқу материалының көлемі мен оны меңгеруге кететін уақытына қарай, таңдалған технология нұсқасына байланысты əр түрлі өтуі мүмкін. Ұжымдық өзара оқыту технологиясы келесі сатылардан тұрады: - əрбір оқушы өзінің іс-əрекетін анықтайды (бұл əріп, буын, сөз, сөйлем, мəтін бөлігі, суреттеме, мінездеме, буын немесе оқулық тарауы, статья, тарихи құжаттар жəне т.с.с болуы мүмкін); - қасыңдағы оқушымен білім алмастыру рөлдік ойын «мұғалім – оқушы» ережесі бойынша. Рөлдерді ауыстыру міндетті түрде қажет. Мұғалім жаңа сабақ тақырыбының өз нұсқасын, өзінің жоспарын ұсынады, қойылған сұрақтарға жауап береді, бақылау сұрақтарын немесе тапсырмалар жəне т.с.с ұсынады. Бұл саты білім алмастырумен аяқталады; - жаңа ғана қабылданған ақпаратты өңдеу жəне өзара оқытуға жаңа жолдас іздеу жəне т.с.с.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет