3 билет «Заманауи білім беру технологиялары» пәнінің мақсаттары мен міндеттерін атаңыз Курстың мақсаты


Дамыта оқыту мақсаттары мен міндеттерін сипаттаңыз



бет5/21
Дата15.12.2022
өлшемі106,89 Kb.
#162956
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Заманауи

Дамыта оқыту мақсаттары мен міндеттерін сипаттаңыз

Қазіргі кезеңде республиканың білім беру жүйесінің ең басты мəселесі – қазақ мектебі түлегінің білім сапасын халықаралық деңгейге жеткізу. Ол үшін мектептерде білім берудің мақсаты мен мазмұны өзгереді. Соған сəйкес білім беру жүйесінде жаңа педагогикалық технологиялар пайда болды. Солардың ішінде жеке интелектуалдық жəне психикалық дамытуға негізделген Занковтың, Давыдов пен Элькониннің «Дамыта оқыту» идеясы. «Дамыта оқыту» идеясы көрнекті ұлы педагогтар Песталоццидың, Ушинскийдің еңбектерінен бастау алады. Дамыта оқыту деп оқытудың дəстүрлі иллюстративті-түсіндірмелі түрін ауыстыратын, белсенді іс-əрекетке негізделген оқыту түрін айтамыз. Дамыта оқыту жеке тұлғаны деңгейі мен ерекшеліктеріне бейімделе отырып, дамудың заңдылықтарын ескереді жəне қолданады. Дамыта оқыту жүйесі тұлғаны барлық қасиеттерін тұтас дамытуға негізделген. Дамыта оқыту – күрделі, құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нəтижесінде əр оқушының өзін-өзі өзгертуші субъект дəрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады. Дамыта оқытудың дəстүрлі оқытудан айырмашылығы – көздеген мақсатында, мəнінде, мазмұнында, дамытудың негізгі факторында, мұғалімнің рөлі мен атқаратын қызметінде, əдіс-тəсілінде, оқушының білім алу белсенділігінің түрін де, оқу үдерісінің сипатында танып білу үдерісін ұйымдастыру 78 79 жəне ондағы коммуникациялар түрлерінде. т.б. Дамыта оқытудың мазмұны теориялық ойлаудың дидактикалық тұрғыдан түзілген. Дамыта оқыту оқушының алдына саналы түрде белгілі бір мақсат қойып, оған жетуін ұйымдастыратын, мақсатты түрде бағытталған оқу іс-əрекеті арқылы жүзеге асады. Дамыта оқудағы негізгі нəрсе – берілетін білімнің өзектілігі. Дамыта оқытуда оқушы іс-əрекетінің толыққанды субъектісіне айналады.




Тапсырма 13
Инновациялық оқыту түсінігіне сипаттама беріңіз
Жаңа инновациялық оқыту технологиясы кəсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор тəжірибені жұмылдыру қажет. Бұл – өз қызметіне шығармашылықпен қарайтын, жеке басының белгілііскерлікқасиетібарадамдықажетететінжұмыс. Шындығында да əрбір педагог жаңа инновациялық технологияны меңгеру барысында өзін-өзі дамытады жəне өзін-өзі қалыптастырады.
Инновациялық технологиялар – ол білім саласындағы қолданатын жаңа ақпараттық технологиялар, ғылым жетістіктеріне негізделген əдістер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет