Тапсырма 12 Білім берудің инновациялық әдістері мен технологияларына сипаттама беріңіз Оқу-тəрбие үдерісінде инновациялық педагогикалық жаңалықтарды енгізудің ІV кезеңін бөліп көрсетуге болады: I кезең: Жаңа идеяны іздеу. Ақпараттандыру жəне инновацияларды ұйымдастыру, жаңалықтарды іздестіру. ІІ кезең: Жаңалықтарды ұйымдастыру. Оқу-тəрбие үдерісінде жаңалық енгізулерді алғашқы байқаудан өткізу. ІІІ кезең: Жаңалықтарды енгізу. Оқу-тəрбие үдерісінде инновациялық əдіс-тəсілдерді пайдалану. IV кезең: Жаңалықтарды бекіту. Оқу-тəрбие үдерісінде енгізілген жаңалықтардың нəтижесін бағалау. Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатына қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үдеріс педагогика теориясы мен оқу-тəрбие үдерісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық қабілетін дамытуды, мұғалім іс-əрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
Жаңа педагогикалық технологиялар оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға көмектеседі. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғышарттар қажет:
- оқу үдерісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу;
- оқушылардың сабақтастығын болдырмау шараларын кешенді түрде қарастыру.
Оның ғылыми-əдістемелік, оқыту-əдістемелік, ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау, жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп-білу пəндік білім стандартымен жете танысу, білімді деңгейлеп беру технологиясын меңгеру арқылы оқушыларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игертуге қол жеткізу, оқыту үдерісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу қажет.
Оқытудың инновациялық әдістерінің классификациясын жіктеңіз Оқытудың инновациялық əдістерінің классификациясы мынадай топтарға бөлінеді:
1. Қатысушы саны бойынша;
2. Ұйымдастыру жері бойынша;
3. Оқу-танымдық қызметі бойынша;
4. Қатысушылардың іс-əрекеттерінің үлгісі бойынша;
5. Компьютерді қолдану принципі бойынша.
Енді осылардың əрқайсысын жеке-жеке қарастырайық.
1. Қатысушы саны бойынша: жеке, топтық, ұжымдық, триада жəне диада болып бөлінеді.
2. Ұйымдастыру жері бойынша: аудиториялық және аудиториялық емес.
3. Оқу-танымдық қызметі бойынша: имитациялық, имитациялық емес.
4. Қатысушылардың іс-əрекеттерінің үлгісі бойынша:
Әрекеттердің және пәндердің әртүрлі белгілері бойынша сараптама жасау.
Әлеуметтік - психологиялық, басқару, зерттеу және инженерлік жобалау есептерін шығару.