3 деңгейлі смк құжаты поәК поәК 042-18-38



бет14/51
Дата27.02.2020
өлшемі2,77 Mb.
#57456
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   51

Физикалық практикум – зертханалық жұмыстардың күрделі түрі.

Эксперимент – оқыту процесінде теорияның өмірмен өзара байланысын іс жүзіне асыратын, білімді сенімге айналдыратын өте маңызды жол.

Лаборатория – құрал-жабдықтарды, жеке аспаптарды қолдана білу, физикалық құбылыстарды тудыру және бір-бірінен ажырата білу жөнінде практикалық дағдыларды қалыптастырып, жетілдіре түсетін бірден-бір тиімді орын.

Құбылыстарды бақылау – оқу процесінің басталу нүктесі, осы құбылыстар жайында алғашқы мәліметтер көзі.

Өзін өзі бақылау сұрақтары:

  1. Зертханалық сабақты өткізу әдістемесі.

  2. Зертханалық жұмыстың физикалық практикумнан айырмашылығы қандай?

9-тақырып. Физика бойынша экскурсиялар


Дәріс жоспары

1. Физика бойынша оқу экскурсиялары, олардың міндеттері мен түрлері.

2. Экскурсияны жоспарлау. Экскурсияны ұйымдастыру және өткізу әдістемесі.

Дәрістің қысқаша мазмұны

1.Физика бойынша оқу экскурсиялары, олардың міндеттері мен түрлері.

Экскурсия – оқушыларды нақтылы заттармен және құбылыстармен табиғи күйінде таныстыруды қамтамасыз ететін оқу формасы. Олар белгілі оқу материалын өтуге байланысты, немесе сыныптан тыс жұмыс жоспары бойынша өткізіледі. Физикалық экскурсиялар оқу жұмысын жандандырады, оқушылардың ғылымға деген құштарлығын арттырады, олардың білім құмарлығы мен талаптылығын күшейтеді. Оқу жылы ішінде экскурсия өткізу үшін арнаулы күндер бөлінеді. Бұл күні оқушылар мектепте оқымайды. Оқу процесінде алатын орнына байланысты экскурсиялардың үш түрі бар: алдын-ала өткізілетін, ілеспелі, қортындылау мақсатында өткізілетін экскурсиялар, олар 9-суретте кескінделген.



9-сурет. Оқу процесінде өткізілетін экскурсиялардың жүйесі




Алдын-ала өткізілетін экскурсиялар – оқушылардың жаңа материалды түсіндірер алдында қажет болатын білімді жинақтауын көздейді. Бұл оқушылардың жаңа тақырыпты қабылдауын жеңілдетеді.

Қорытынды экскурсиялар – физика тақырыбы, немесе тарауынан өткізілетін жұмысты аяқтап, сыныпта өтілетін материал бойынша білімді бекітуді және тереңдетуді көздейтін шара.

Ілеспелі экскурсиялар – өтілген үлкен тақырып бойынша ұзақ процеске енгізіледі, әңгіме үшін тіректік материал беретіндей болып, жеке мәселелерге ілестіріліп жүргізіледі, оны сипаттайды. Физикалық экскурсияның мәні – бізді қоршаған дүниені танып білу. Егер экскурсияда көрсетулер болмаса, ол экскурсия болудан қалады, ол кәдімгі лекцияға, немесе әңгімеге айналады. Керісінше, түсіндірме берілмеген экскурсия мақсатсыз саяхатқа айналады, оның білім алуға әсері шамалы. Мақсаты мен тақырбына қарамастан әрбір физикалық экскурсияның өзіне тән белгілері бар. Солардың бірі болмаған жағдайда экскурсия қоршаған ақиқатты танып-білдіру формасы болудан қалады. Тәрбиелеу мен білім беру формасы іспетті экскурсияға тән ерекшеліккөрсету мен айтып беруді ұштастыру. Бұл екеуінің арақатынасы нақты жағдайға қарай өзгеріп отырады. Ол экскурсияның тақырыбына, оқушылардың құрамына байланысты. Алайда, қандай жағдайда болмасын көрсету мен айтып беру табиғы бірлікте болуы керек. Яғни экскурсиякөрсету, талдау жасаумен; түсінік, ғылыми анықтама берумен қатар жүргізіледі. Экскурсияға қатысушының көргені, мұғалімнің әңгімесі арқылы оның санасында белгілі бір оқиғаларға, құбылыстарға, фактілерге, процестерге нақты тұжырым жасатады. Шынында оқушы экскурсияда тек көріп, тыңдап қана қоймай, сонымен бірге толғанады да. Көргені мен естіген оның бойына күшті сезім туғызады, ол қызығады, қобалжиды, ойланады. Сөйтіп, экскурсия өзінің көрнекілігі, түсініктілігі және әсерлілігімен білім берудің тиімді формасы болып табылады. Фактілерді тиянақты меңгеруге және есте тұрақты сақтап қалуға себін тигізеді. Демек, дүниеге диалектикалық көзқарас қалыптастырады.

Экскурсия орнын таңдағанда, бірінші кезекте, оның экскурсия тақырыбын ашып көрсетудегі маңызына көңіл аударады, мұғалім көптеген фактілерді ескереді. Солардың ішіндегі ең бастылары – барар орынның танымдылық құндылығы, олардың мәлімділігі, ерекшелігі және орналасқан жағдайы. Тақырыбына, экскурсия кезінде көрсетілетін құбылыстың күрделілігіне қарай оның ұзақтығы түрліше болады. Экскурсияның ұзақтығы оның түріне, жүргізу әдісіне, өткізілетін орнына, экскурсияға қатысушы оқушылардың құрамына қарай анықталады. Мәселен, төменгі сынып оқушылары үшін экскурсия ұзаққа созылмағаны жөн. Өйткені, олардың зейін қою, қаракет ету сипаты өзгешелеу. Балалар жалығып, экскурсияның мәліметтеу дәрежесі төмендеп кетпейтіндей етіп құруға мүмкіндік жасау қажет.

Сонымен, білім беру ісінде экскурсияның маңызы өзгеше. Экскурсия тақырыбы, сондай-ақ, оны ұйымдастыру тәсілі әртүрлі болады. Олар ең алымен оқу-тәрбие процесінің мақсатына бағышталады. Мысалы, төменгі сыныптарда – ол табиғатты көру мақсатында ұйымдастырылатын экскурсиялар болса, орталау мектептегі оқушылар үшін диалектикалық-материалистік түсінік қалыптастыру мүмкін. Жоғары сыныптардағы оқу-өндірістік экскурсиялар политехникалық білім беру жолында маңыз атқарады, мектептің өмірмен байланысын қалыптастырудың елеулі құралы бола алады. Экскурсияның мүмкіндігі мол, ол өзінің ерекшеліктеріне қарай тәрбиенің қай түріне де қолайлы. Экскурсияның оқу процесі ретіндегі ғылыми принципі – ең алдымен экскурсия мазмұнының диалектикалық материализм идеяларына, осы заманғы ғылыми жетістіктерге сәйкес болуын талап етеді. Материалдың терең ғылыми негізде болуы, оқушылардың танымдық ынтасын арттыруға көмектеседі. Физикалық ғылыми білім, ең алдымен шынай шындыққа сүйенеді. Ол эксперимент арқылы тексерілген болмыстық дүниенің жалпы және маңызды заңдылықтарының көрінісі болып есептеледі.

Ғылыми принциптің талаптары материалдың мазмұнына ғана қатысты емес. Бұлар материалды баяндау барысында да қатал сақталып отыруы керек: жүргізуші мұғалімдердің, немесе жетекшілердің фактілерді, құбылыстарды, ұғымдарды ғылыми тұрғыдан түсіндіріп беруі – әрбір экскурсияға тән қасиет. Тәрбие беру – ғылым мақсаттарын іске асыруды көздейтін болғандықтан, экскурсияның тиісті идеялық бағыты болуын талап етеді. Экскурсия жүргізуші мұғалім теорияның өмірмен байланысын жүзеге асыру үшін түрлі әдістер мен тәсілдерді жете пайдалануы тиіс. Мысалы, ол белгілі бір теориялық қағиданы келтіріп, оны нақты мысалдармен, фактілермен, цифрлармен нақтылайды яғни баяндаудың дедуктивті (жалпыдан жалқыға) әдісі қолданылады. Теорияның өмірмен байланысын іске асыру жолында экскурсия жетекшісіне салыстыру тәсілі үлкен мүмкіндік береді. Бұл тәсілді қолданғанда оқушылар табиғаттағы өзгерістер сырын толығырақ және тереңірек түсінеді. Сонымен бірге, көрнекілік принципінің талаптары мен ережелерін сақтап отырудың маңызы да үлкен. Экскурсияның қандай болсын, бәрібір оның адамгершілік, патриоттық сезімдерге тәрбиелейтін материалы болуы шарт. Білім беру мен тәрбиенің танылған формасына айналып отырған физикалық экскурсия ғылыми білімдерді, ғылыми-техникалық білімдерді насихаттаудың тиімді құралы.



2 Экскурсияны жоспарлау. Экскурсияны ұйымдастыру және өткізу әдістемесі

Экскурсиялар көрсетілімдік әдісінің бір түрі және оқытудың айрықша ұйымдастыру формасы. Физикалық экскурсияны өткізу барысында әртүрлі әдістердің – әңгіме, лекция, әңгімелесу және т.б. қолданылуы мүмкін. Бірақ бұлардың бәрі көрсетілімдік әдісімен үйлестіріледі, соған бағынышты. Әдетте экскурсия нақтылы заттарды, құбылыстарды процестерді табиғи жағдайда көріп, қабылдауға мүмкіндік береді.

Экскурсия жасалатын обьектімен экскурсанттарды таныстыру үшін мекеме жетекшілері экскурсовод тағайындайды. Экскурсоводтан басқа, машиналардың және қондырғылардың жұмыс принципімен толығырақ таныстыру үшін тәжірибелі механиктер, маман жұмысшылар бөлінеді. Бірақ экскурсия кезінде жетекші рөлді мұғалім атқарады. Экскурсоводтар, маман қызметкерлер, жұмысшылар мұғалімді алмастыра алмайды. Олардың сөзі тек мұғалімнің әңгімесін толықтырады. Экскурсия кезінде қауіпсіздік техникасының ережесі қатаң сақталуы керек. Экскурсия кестесі мектеп директорының қолы қойылып, мөрімен бекітіледі.

Төменде бағдарламаның жекелеген бөлімі бойынша экскурсия жасауға мүмкін болатын обьектілер көрсетілген (10-кесте).

Обьектілерге экскурсия жасалғаннан кейін оқушылардың білімдерін тексеру, бекіту мақсатында тақырып бойынша әңгімелесулер, есептер шығаруға болады. Сонда оқушылардың ойында материал терең бекіп, ұзақ сақталады.

Белгілі бір физикалық тақырыптың мәнін ашу мақсатын көздейтін әрбір экскурсия оқушылардың жан-жақты дамуына, белсенді және саналы қоғам құраушыларды даярлау ісіне көмегін тигізуі керек.

10-кесте

Бағдарлама бойынша экскурсия өтуі мүмкін обьектілер



сынып

бағдарлама бөлімі

экскурсия жасалатын объектілер

VІІ

Кіріспе. Зат құрылысы туралы бастапқы мағұлыматтар. Денелердің өзара әсерлесуі.

Жөндеу шеберханасы.



Қатты денелердің, сұйықтардың және газдардың қысымы.

Өрттен қорғау депосы. Су құбыры. Комбайнның, автомашинаның, трактордың гидросистемасы.

Жұмыс және қуат. Энергия.

Құрылыс алаңы. Гидротехникалық қондырғы. Жел двигателі.

VІІІ

Жылу құбылыстары



Малдарды тамақтандыру цехы. Ғимараттарды жылыту жүйесі. Жөндеу шеберханасының дәнекерлеу бөлімі.

Электрлік құбылыстар


Орталық шеберханадағы автотракторлы электр қондырғыларын ретке келтіру бөлімі.

Электромагниттік

құбылыстар



ТЭС, ВЭС, ГЭС. Жергілікті телефон станциясы.

Жарық құбылыстары

Оптикалық құралдарды, фотографиялық және проекциялық аппаратураларды жөндеу шеберханасы.

ІХ

Кинематика негіздері


Ауылшаруашылық өнімдерін алғаш тазарту пункттері. Құрылыс алаңы.

Динамика негіздері

Жөндеу шеберханалары

Х

Молекула-кинетикалық теория негіздері

Астықты кептіру пункті.


Термодинамика негіздері



Суытқыш қондырғылар және сүт

өңдеу цехы. Сүт заводы. Метеорологиялық станция.



Электр өрісі. Тұрақты ток заңдары

Мектеп ғимаратын электр жарықтандыру жүйесі.

ХІ

Электромагниттік тербелістер мен толқындар

Трансформатор және электр станциялары.

Жарық кванттары. Жарықтың әсері.

Есептеу орталығы.


Атом және атом ядросы.

Мал өсіру мен жеміс өсіруде радиоактивті заттарды қабылдауға арналған тәжірибелік алаңдар.

Демек, экскурсия – педагогикалық процесс, оған екі жақ: білім беретін экскурсия жетекшісі мұғалімі және сол білімді меңгермекші – оқушы-экскурссанттар белсенді қатысуы шарт. Сондықтан экскурсияның әдісі педагогика жасаған принциптерге, формалар мен әдістерге, сондай-ақ психология ғылымының жетістіктеріне сүйенеді. Экскурсияның бұл екі құрамды бөлігі бірінен бірі туындап, белгілі бір көрсету обьектілерінің болуын сөзсіз талап етеді. Экскурсияда түсінік пен ұғымның негізгі көрнекілік принципі болғандықтан, көрсету бірінші орынға қойылады.

Экскурсияда жетекші орын алатын көрнекілік құралдарын шартты түрде үш топқа бөлуге болады: экскурсия обьектілері, қосымша суреттендірілген материалдар және құралдар. Көбіне дидактикалық категорияларға сүйенетін экскурсиялар теориялық және іс-жүзілік білім берудің принциптеріне, соның ішінде түсінікті, жүйелі, дәйекті болу сияқты принциптерге сүйенеді. Түсінікті болу принципі материалдың қиыншылық келтірмеуін, экскурсия жетекшісі хабарлайтын барлық мәліметтерді, теориялық тұжырымдарды және қорытындыларды оқушылар біршама ынта қойғанда меңгере алатындай етіп баяндалуын талап етеді. Бұл принциптің жүзеге асырылуы экскурсия жетекшісінен әрбір экскурсанттың ерекшелігін, олардың білімін, дене және ақыл-ой дамуы дәрежесін ескеруді қажет етеді. Бір тақырыптағы экскурсияның материалы оқушылардың әр тобы үшін әртүрлі баяндалуы керек. Жүйелілік принцип – экскурсия материалының хронологиялық, немесе ой ұласу жағынан қатал байланысы болуын талап етеді. Әрбір экскурсияның бірнеше тақырыпшадан тұратыны белгілі. Олардың мәнін ашып көрсеткенде оқушылар экскурсияның бүкіл тақырыбы бойынша қисынды, біртұтас түсінік алуы керек. Осы принципті орындау, экскурсия жетекшісі – материалды белгілі бір жүйе бойынша баяндап, жаңа материалды бұрынғы өтілгендермен байланыстырып отыруын, басты ерекшеліктерге көңіл аударуын талап етеді. Экскурсия өткізудің де жалпы және жеке әдісі бар. Жалпы әдіс бұл барлық экскурсияға жарамды болатын көрсету мен баяндап беру тәсілдері. Жеке әдіс – экскурсияның белгілі бір түрлері үшін қолданылады.



Экскурсияның мақсаты – экскурсиялық обьектілерді көрсету. Ол белгілі бір әдіске сәйкес, жоспар бойынша жүргізіледі. Обьектілерді көрсету – экскурсия жетекшісінің әңгімесімен ұласып отырады, бұл әңгімелерде обьектілер неғұрлым жақсы көрініп, әсер қалдыратындай болуы керек. Кейбір объектілердің бірнеше жерден көрсетілетінін ескерген жөн. Эксурсанттар тұратын орынды таңдағанда экскурсия жетекшісі оқушылардың қауіпсіздігін, сондай-ақ орынның оларға ыңғалы болуын ойластыруы қажет. Көрсетілетін орын көлік жолынан едәуір алыс жерде болуы және сол маңда қандай-да болмасын құрылыс жұмыстары атқарылмауы тиіс.

Ауылдық жерлердегі су бөгеттері, сумен қамтамасыз етуге, немесе егістікті суғаруға арналған насос станциялары, суландыру, немесе құрғату жүйелері, жасанды жауын жаудыру қондырғылары мен жел двигательдері – мұның бәрі оқушылар үшін жасалатын экскурсиялардың тамаша объектілері. Олар физика заңдарын түсіндіруге және ауыл шаруашылығының энергетикасымен таныстырудың тамаша жолы. Мұндай экскурсияларға 1-2 сағат уақыт берілуі тиіс.

Кешенді экскурсиялар – бір-біріне байланысты пәндер бойынша (физика және химия, физика және матемтика, т.б.) сабақтардан өткізілетін экскурсиялар түрі. Онда оқушыларға бір обьектілерден екі, не үш пәнге байланысты қандай мәселелерге назар аудару керектігі жөнінде тапсырмалар беріледі. Бұл экскурсиялардың қай-қайсысына да баратын объектілер алдын-ала белгіленеді. Ауылдық мектептерде ондай экскурсиялық обьектілер: жылу станциялары, аудандық трактор станциясы, аудандық трактор шеберханасы, ұстахана, гараждар, электр және телефон станциялары т.с.с.

Экскурсия жақсы әсер қалдыру үшін мұғалім де, оқушылар да оған мұқият әсерленуі қажет. Ол үшін мұғалім алдымен экскурсия жасалатын обьектілермен алдын ала танысып, қай обьектіге қандай тақырыпта экскурсия жасауға болатынын ертерек шешіп алады. Мұғалім экскурсия жасалатын кәсіпорынның басшыларымен экскурсия өткізетін күн, ол жерге түсінік беру үшін маман адам белгілеу жайында бірнеше күн бұрын келісім жүргізеді. Көбіне экскурсияда түсінік беруші мұғалімнің өзі болғаны дұрыс. Өйткені, мұғалім өз оқушыларының әзірлігі мен білім көлемін бөтен адамнан гөрі жақсы біледі. Бірақ, мұғалімдер экскурсиялық объектінің кейбір мәселелерін жете біле бермейтіндіктен, экскурсияда түсінік беруші ретінде сол кәсіпорынның мамандарының бірімен бірігеді. Мұндай жағдайда түсінік беруші адамнан экскурсияда қамтылатын мәселелер жайында, оқушыларға не туралы түсінік беру керектігі жайында әңгімелесіп, тіпті оның қолына экскурсияның кеңірек жасалған жоспарын беріп қойған жөн. Сонда ол, түсінік беруші адам қандай мәселелерге тоқтау керектігін нақты білетін болады. Мұндай оқушылар экскурсиядан көп әсер алады.

Экскурсияға әзірлік, оған барар алдындағы физика сабағында кіріспе әңгіме түрінде жүргізіледі. Мұндай әңгімеде мынадай мәселелер қамтылады: 1.Экскурсияның мақсаты, баратын объектілер. 2.Объектілерді аралау тәртібі, оқушылардың неге назар аудару керектігін анықтау. 3.Үйге тапсырманы ұйымдастыру яғни қорытынды әңгімеге қажетті сұрақтарға ауызша жауап беру, немесе қысқаша жазбаша есеп жасау, экскурсия материалы бойынша есептер шығару тәртібі, т.б. қарастырылады. 4.Оқушылардың экскурсия кезінде өздерін қалай ұстау керектігін яғни тәртіп сақтауын берілген түсінікті жақсы ұғатындай болып бір-біріне бөгет жасамай тұруын, қауіпсіздік техникасын сақтауын қамтамасыз ету.

Кіріспе әңгіме кезінде экскурсияға байланысты схемалар, диафильмдер, немесе кино, т.б. көрнекі құралдарды пайдалануға болады. Егер оқушылар бұл объектіге бірінші рет экскурсия жасап отырған болса, онда оның даму тарихы, өндірістік мүмкіндігі туралы айтып, сол кәсіпорынмен қысқаша таныстырған жөн. Экскурсияны қорытындылаудың маңызы зор. Бұл қорытынды оқушылардың экскурсиялардан алған әсерлері әлі басылмай тұрған кезде, келесі физика сабағында жүргізілуі тиіс. Ол сабаққа да тиісті көрнекіліктер, түрлі аспаптар әзірленеді. Қорытынды жасағанда оқушылар өздеріне тапсырылған мәселелер бойынша айтып береді де. Артынан мұғалім экскурсияны қорытады. Кейбір экскурсиялар әр тарау өтілгеннен кейін, оны қорытындылау мақсатында жүргізіледі. Сонда оқушылар әрбір тараудың теориялық материалын, оның тұрмыста, техникада қолданылуымен байланыстырады, материалды жете ұғады. Егер уақыт тар болмаса, онда экскурсияны кейбір тараулардың материалдарын бірден қамтитындай етіп ұйымдастыруға болады. Бұл мәселелер мұғалімге және жергілікті мүмкіншілікке байланысты. Кейде экскурсияға сыныпты толық апарудың орнына, оны топқа бөліп, оқушылардың әрқайсысына жеке тапсырмалар беруге болады.

7-сыныпта өткізілуі мүмкін бір экскурсияның мысалын келтірейік.

Экскурсия тақырыбы: Оқушылардың физикадан алғашқы теориялық білімдерін нығайту. Бұл экскурсия 7-сынытың физикасының бағдарламалық материалдарының бірінші және екінші тарауы толық оқылғаннан кейін өткізіледі. Сөйтіп, мұнда осы екі тараудың материалдары бірдей қамтылады.

Экскурсия мақсаты: Оқушыларға қысымды арттыру және кеміту тәсілдерін, Паскаль заңының, қатынас ыдыстар принципінің техникада қолданылуын іс жүзінде көрсету және насостардың құрылысымен, жұмысымен, манометрлермен, т.б. аспаптармен таныстыру.

Экскурсияны қорытындылау тәсілдері. Экскурсия қорытындысын шығару әңгіме түрінде жүргізіледі де, оқушылар өздерінің көрген-білгендерін сыныпта баяндап береді.

Экскурсияны жүргізудің үлгі жоспары:


  1. Мұғалімнің кіріспе сөзі.

  2. Оқушылардың өздеріне жүктелген тапсырмаларды әңгімелеп беруі.

  3. Мұғалімнің бұрын өткен теориялық ұғымдардың техникада қолданылуын оқушылардың көргендері негізінде қысқаша баяндап беруі.

Оқушылардың қызығуына байланысты 11-сыныпта «Электр» тарауын оқып болғаннан кейін, «Электромагнитік тербелістер мен толқындар» тақырыбы бойынша радиотрансляция торабына, радиохабар жіберетін және радиохабар қабылдайтын тұрақты станцияға экскурсия жасауға болады. Мұғалім экскурсияда көрген-білгендерін айтып берген оқушыларға міндетті түрде баға қояды.

Экскурсия нәтижесі. Әртүрлі өндірістерге барып, оларды зерттей отырып, оқушылар ғылыми-техникалық білімдерін ұлғайтады, тереңдете түседі, түрлі бақылаулар жасайды және бірсыпыра бағалы қорытындылар тиянақтайды, екінші сөзбен айтқанда өндірістік экскурсиялардан кейін оқушылар мектепте оқытылатын оқу материалын шын ынтасымен игеріп, мағынасын түсініп, терең ұға бастайды.
Дәрісті меңгергеннен кейін білуге қажетті негізгі ұғымдар

Экскурсия – көрсетілімдік әдісінің бір түрі және оқытудың айрықша ұйымдастыру формасы

Экскурсия – оқушыларды нақтылы заттармен және құбылыстармен табиғи күйінде таныстыруды қамтамасыз ететін оқу формасы.

Оқу процесінде алатын орнына байланысты экскурсиялардың үш түрі бар: алдын-ала өткізілетін, ілеспелі, қорытындылау мақсатында өткізілетін экскурсиялар.



Алдын-ала өткізілетін экскурсиялар – оқушыларға жаңа материалды түсіндірер алдында қажет болатын білімді жинақтауын көздейтін шара.

Қорытынды экскурсиялар – физика тақырыбынан, немесе тарауынан өткізілетін жұмысты аяқтап, сыныпта өтілетін материал бойынша білімді бекітуді және тереңдетуді көздейтін шара.

Ілеспелі экскурсиялар – өтілген үлкен тақырып бойынша ұзақ процеске енгізілетін, әңгіме үшін тіректік материал беретіндей болып, жеке мәселелерге ілестіріліп жүргізілетін шара.
Өзін өзі бақылау сұрақтары:

  1. Экскурсия деген не?

  2. Экскурсияның қандай түрлері бар?

  3. Экскурсияның өткізу мақсаты қандай?

  4. Ілеспелі экскурсия деген қандай іс-шара?

  5. Қорытынды экскурсияны өткізудің мақсаты қандай?

  6. Алдын-ала өткізлетін экскурсия қандай мақсатты көздейді?

10-тақырып. Физика есептерін шығару.

Дәріс жоспары


  1. Каталог: ebook -> umkd
    umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
    umkd -> Қазақстан Республикасының
    umkd -> Қазақстан Республикасының
    umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
    umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
    umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
    umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
    umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
    umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
    umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


    Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет