3 деңгейлі смк құжаты поәК поәК 042-18-38



бет9/51
Дата27.02.2020
өлшемі2,77 Mb.
#57456
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   51

Лекцияда негізгі білім көзі – мұғалім. Лекция білімдерді қалыптастыру міндетін атқарады. Семинарбілімдерді бекіту, жетілдіру міндеттерін атқарады. Семинарда білім көзі – пікір сайысқа қатысқан, рефераттарды талдауға қатысқан, қолдан көрнекіліктер және приборлар жасаған оқушылар болып табылады. Оқу-практикалық сабақтар оқушылардың іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру мақсатында жүргізіледі. Оқу сабақтарын ұйымдастырудың бұл формасында әртүрлі практикалық жаттығулар, эксперименттік жұмыстар орындалады. Экскурсияда оқушылар білімді өндірістердегі механизмдердің жұмыс принциптерімен танысу, табиғатта өтіп жатқан әртүрлі процестерді бақылау барысында алады. Конференцияда оқушылар білімді өздігінен оқыған әдебиеттерден және олардың сыныпта жасаған баяндамаларынан алады.

А.В.Усова, А.Н.Звягин оқу сабақтарының бір-бірінен ерекшеленетін бір қатар елеулі белгілері болады,- деп төмендегідей белгілерді көрсетеді.

Сыртқы белгілеріне:

1) оқушылар құрамы (сынып оқушылары түгел; сыныптың жартысы; оқушылардың еркі бойынша);

2) өту орны (сынып-дәрісхана, оқу кабинеті, оқу лабораториясы);

3) өту уақыты (күнделікті тұрақты сабақ кестесі бойынша, арнайы кесте бойынша және т.б.).

Ішкі белгілеріне:

1) негізгі дидактикалық мақсат (жаңа білімдерді түсіндіру, практикалық сипаттағы дағды мен шеберлікті қалыптастыру, оқулықпен және қосымша әдебиетпен өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру және т.б.);

2) оқытудың әдіс-тәсілдері (мұғалімнің түсіндіруі, оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру, жалпылама сипаттағы жоспарларды пайдалану және т.б.);

3) оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқару (оқушыларға сұрақтардың қойылуы; проблемалық жағдайды тудыру және т.б.);

4) оқушылардың іс-әрекетінің түрлері (мұғалімнің түсіндіруін тыңдау, сабаққа араласу, оқулықпен өз бетінше жұмыс, жаттығулар орындау, құралдармен жұмыс және т.б.);

5) оқушылардың іс-әрекеттерін және нәтижелерін тексеру тәсілдері жазбаша (бақылау жұмысы,тестік жұмыстар, физикалық диктант және т.б.).

Осы көрсетілген ерекшеліктер оқу сабақтарының мазмұнын құрайды.

Оқу сабақтарының қай түрін алып қарасақта олардың ортақ мақсаты – оқушыларға білім қорын игерту. Сондықтан оларды дұрыс таңдап ұйымдастыру қажет.


2.Оқуды ұйымдастырудың негізгі формасы.

Сабақ – оқуды ұйымдастырудың негізгі формасы, әрі оқу процесіндегі шешуші буын. Сондықтан оқушылардың пән бойынша алған білімдерінің сапасы ең алдымен әр сабақтың ғылыми-әдістемелік дәрежесіне және жалпы алғанда сабақтардың бүкіл жүйесіне байланысты.

Барлық сабақта оқушыларды оқу процесіне белсене қатыстыру, оларды өздігінен білім алуға үйрету қажет. Әрбір сабақ тиімді болуға тиіс.

Сабақтардың тиімділігі: біріншіден, оқушылардың алған білімдерінің, шеберліктері мен дағдыларының тереңдігіне және беріктігіне қарап; екіншіден, жалпы сыныптың және жекелеген оқушылардың материалды меңгеруіне кеткен уақытқа қарап; үшіншіден, тәрбиелік міндеттерді шешуге ғылыми көзқарасты қалыптастыруға және оқушыларды жан-жақты дамытуға сабақтың қалай көмектесетініне қарап бағаланады.

Материалды меңгеру сапасы: сабақта қолданылатын оқу материалын баяндау әдістеріне, оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастыру тәсілдеріне, олардың білімдерін, дағдылары мен шеберліктерін тексеру формаларына байланысты.

Оқыту әдістерінің және оқушылардың сабақтағы әрекетінің алуан түрлілігі, оларды шебер пайдалану – физиканы оқыту процесінің тиімді болуының аса маңызды шарттарының бірі. 2-кестеде сабақта оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру негіздері көрсетілген.

Сабақтың мақсаты мен мазмұнына қарай мынадай бірнеше түрлерге бөлуге болады:

а) жаңа оқу материалын түсіндіру сабағы;

ә) білімдерді бекіту және практикалық іскерліктерін қалыптастыру сабағы;

б) аралас сабақ;

в) білімдерді жалпылау және жүйелеу сабағы;

г) оқушылардың білімдерін және іскерліктерін бақылау сабағы.

Бұл сабақтардың барлығының ортақ мақсаты – оқушыларға ұғымдарды меңгерту болып табылады.

Әрбір сабақтың өзіне тән құрылымы болады (3-кестеде көрсетілген).

3.Мұғалім іс-әрекетінің құрылымы

Физика мұғалімі педагог ретінде педагогика ғылымының дамуына, физиканы оқыту әдістемесіне, ал физик-маман ретінде физика ғылымының теориясының іс-жүзінде қолданылуына көңіл бөлуі керек. Физика мұғалімінің ой-өрісінің кеңеюі және ұстаздық шеберлікті меңгеруі жалпы педагогикалық мәселелерді игеруімен байланысты. Кейбір әдістемелік мәселелерді мұғалім оқу сабақтарына дайындалғанда шешеді, ал ол шешімнің дұрыстығын тек сабақтарда тексереді. Мұғалімнің дайындық жұмысына мыналар кіреді:

а)жылдық жоспар жасау; ә)тақырыптық жоспар-конспектілер жасау; б)жеке сабақтарға және сыныптан тыс сабақтарға дайындық; в)арнайы ашық сабақтарға дайындалу және оларды өткізу; г)ғылыми конференцияға және педагогикалық оқуларға дайындалу және қатынасу.


Жылдық жоспар жасау. Іс жүзінде жылдық жоспар әдістемелік журналдарда, кейбір әдістемелік нұсқауларда және министрліктің нұсқау хатттарында басылып шығып тұрады.

2- кесте



Сабақта оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру негіздері

Әдістемелік негіздері

Сезім арқылы қабылдау – абстракциялық ойлау – практикада қолдану

Психологиялық негіздері

Оқу материал-дарын дайындау

Саналы түрде қабылдауларын және түсінулерін ұйымдастыру

Оқу материалын есте сақтау және игерулерін ұйымдастыру

(1 деңгей)

Алған білімді таныс жағдайға қолдану-ларын ұйымдастыру

(2 деңгей)

Білімді жаңа жағдайға қолдануларын ұйымдастыру

Дидактикалық негіздері

Жаңа материалды өтуге дәлел келтіру, білімдерді өзектендіру

Оқу материалдарын құрылымдық-логикалық сызба, жоспарлар, тірек конспектілері негізінде баяндау

Меңгерудің 1-деңгейін бағалау және сұрау, бекіту

Жаттығу, лаборатория-лық жұмыстар, игерудің 2-деңгейін бағалау

Стандартты емес есептерді, оның ішінде экспериментті игерудің 3-деңгейін бағалау

Әдістемелік негіздері. Оқытудың әдіс-тәсілдерін таңдау

Әңгімелесу, қызықты тәжірибе-лерді демонстра-циялау, есептерді шығару. Мәселелік сұрақтар қою, тарихи және ғылыми материалдар енгізу

Лекция, түсіндіру, әңгімелесу, демон. тәжірибелер, кестелер, кинофрагмент, тақтаға, дәптерге жаздыру, ойша экспериментпен байланыстыру

Оқулықпен жұмыс, дәптерге жазу, әңгімелесу. Есептер шығару, кестелер, графиктер, суреттермен және т.б.жұмыстар

Есептер шығару, оқулықпен жұмыс, фронталь тәжірибелер

Әртүрлі есептер шығаруды және жаттығуларды, оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру


3-кесте

Сабақтың түрлері және құрылымы

Сабақтың түрлері

Сабақтың кезеңдері

Жаңа материалды өту сабағы

Өтілетін материалды актуалдау, өзектілігін, маңыздылы-ғын айту және дәлелдер, себептер келтіру

Жаңа білімдерді қалыптастыру (10-15 мин).

Бекіту, жаттығу, игерудің 1-деңгейін бағалау (15 мин).

Үй тапсырмасын беру. Сабақты қорыту (3-5 мин).

Алған білімдерін бекіту, іскерліктері мен шеберліктер-ін қалыптас-тыру сабағы

Өтілетін материалды игерудің 1-2 дәрежесінде қайталау, бағалау (10-15 мин).

Өздерінде бар білімдерін дамыту және жаңа іскерліктерді қалыптастыру (10-15 мин, 2-3 деңгейі).

Білімдері мен іскерлік-терін жаңа жағдай-ларға пайдалану (3-деңгейі, 15-мин).

Үй тапсырмасын беру. Сабақты қорыту (3-5 мин).

Барлық мақсат біріктіріліп қойылған аралас сабақ

Өткенді қайталау, білімдерін бағалау (10-15 мин).

Жаңа білімді қалыптастыру (10-15 мин).

Білімдерін бекіту және бағалау (1-деңгей, 5-7 мин).

Іскерлік-терін дамыту (3-10 мин).

Үй тапсыр-масын беру. Сабақты қорыту (3-5 мин).

Білімдерін талдап қорыту және жүйеге келтіру сабағы

Өтілетін білім бойынша теориялық материалды қайталау және талдап қорыту (15-20 мин).

Білімдері мен шеберліктерін күрделі жағдайларға қолдану (20-25 мин).

Үй тапсырмасын беру. Сабақты қорыту (3-5 мин).

Алған білімдерді тексеру сабағы

Бақылау жұмысы немесе физикалық диктант, топтап сұрау т.б. игерудің барлық деңгейлері бойынша білімдерін тексеру және бағалау мақсатында өтіледі

Мұғалім әрбір сынып бойынша жылдық жоспарлар жасауға үлкен көңіл бөліп, сабақтың тек тізімін жасаумен шектелмей, бүкіл оқу жұмысын белгілі бір жүйеде қамтуға тырысады.

Осы мақсатпен мұғалім әр сыныпқа жыл сайын физиканы оқыту міндеттерін, оның мазмұнын және осы сыныпқа көшірілген оқушылардың білім дәрежесін көрсетіп, жоспар жасайды. Оған мыналар кіреді: жаңа материалды оқып үйрену барысында өткенді жүйелі қайталау; әрбір сабақта жаңа оқу материалының мазмұнын нақты жағдайға байланысты қолдану; ашық сабақтар тақырыбын таңдау; әрбір сабаққа дайындалуға тиісті көрнекілік құралдар тізімін жасау; эксперимент және жазбаша бақылау жұмыстарының мерзімдерін шамалау; физикадан қай жерге және қашан экскурсиялар жасауды белгілеу; оқушылардың өндірістік практикасына басшылық жасау; әр сынып оқушылары үшін сыныптан тыс жұмыстар ойластыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет