3 деңгейлі смк құжаты поәК поәК 042-18-38


-оқушылардың алған теориялық білімдерін, табиғатта, техникада, өмірде, жұмыста кездесетін физикалық құбылыстарды түсіндіруге қолдана білуге үйрету



бет5/51
Дата27.02.2020
өлшемі2,77 Mb.
#57456
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51

-оқушылардың алған теориялық білімдерін, табиғатта, техникада, өмірде, жұмыста кездесетін физикалық құбылыстарды түсіндіруге қолдана білуге үйрету;

-оқушылардың оқылған физикалық заңдар мен заңдылықтардың іс-жүзінде қолданылуы жайындағы білімдерін кеңейту;

-оқушыларды әртүрлі физикалық аспап, құралдар мен қондырғыларды пайдалана білуге тікелей іс жүзінде дағдыландыру;

-оқушылардың патриоттық және ұлттық мақтаныш сезімін тәрбиелеу;

-физика курсын өзбетінше оқып үйренуге баулу;

-оқулықта және арнайы берілген тапсырмалар бойынша оқу материалдарын талдай білу;

-физикалық жаттығуларды, эксперименттік және оқыту тәжірибелерін, лабораториялық жұмыстар мен есептер шығаруды еркін меңгерту, т.б.


2.Оқушылардың ойлау және танымдық қабілеттерін дамыту, диалектикалық-материалистік көзқарастарын қалыптастыру

Ғылыми дүниетаным қалыптастыру

Ғылым әрдайым дүние жайлы біртұтас ғылыми көзқарас жасауға талпынады, өйткені дүниеде барлық нәрсе өзара байланысты және бір-біріне өзара тәуелді.

Дүниенің біртұтас ғылыми бейнесін қалыптастыру таным процесінің ежелден бергі түпкі мақсаты, мұраты болып келеді. Кейде мақсатқа жеткендей сәттер болады. Бірақ, үңіле қарағанда, танымның әр кезде қол жеткен дәрежесі бүкіл әлемнің бейненің тек тарихи бір сатысы болып шығып отырды. Дегенмен, бұл таным процесінің әлсіздігі немесе оның белгілі бір шегі бар екендігі емес, қайта керісінше, дүниетанымдық құбылыс үздіксіз екенін, бір мәннен одан әлдеқайда терең мәнге көшіп отыратынын көрсетеді.

Ертедегі Шығыс, Греция, Рим тәрізді дамыған елдердің ғалымдары да жалпы заңдарды, нақты заттардың бірыңғай түпкі құрылымдық негізін ашуға, дүниеге біртұтас көзқарас жасауға талпынған.

Алуан түрлі денелердің бәрі әрі қарай бөлінбейтін түп негізгі бөлшектер – атомдардың түрліше қосындысынан тұрады. Атомдар мәңгі қозғалыста болады. Түрлі заттардың алуан түрлі сапада болуы атомдардың санына, түр-нобайына және көлеміне байланысты. Атомдардың қозғалысы заңды, себепті, қажетті нәрсе болып есептеледі. Дүниеде ешқандай кездейсоқ нәрсе жоқ.

Сөйтіп, ерте дүниенің ғұлама ғалымдарының дүниетаным туралы ілімі, яғни атом ілімі, ғылымның алдағы бүкіл даму барысына зор әсерін тигізді, өйткені ондағы даналық болжамдарының сырын ғылым біздің бүгінгі заманымызға дейін зерттеп келеді. Алайда мұндай диалектикалық-материалистік көзқарастармен қатар, ертедегі ғұламалардың ой-пікірлерінде қарама-қарсы көзқарастар да орын алған еді. Кейінгі дәуірлердегі ғылымның дамуына Аристотельдің философиясы, әсіресе оның логикалық ілімі, физикасы, категориялар жайлы ілімі аса зор әсерін тигізген-ді. Бірақ оның идеализмі және космологиясы «әлемнің ортасы – жер, сол жердегінің бәрін құдай қозғалысқа келтірген, дүние уақыт пен кеңістікте шектелген» деген сияқты т.б. көзқарасы дүниенің Птолемей жасаған геоцентрлік жүйесінің негізін құрды, ал бұл түсініктер кейіннен бірталай діни ілімінің қағидасына айналды.

Дүниенің бұл ғылыми бейнесін жаратылыстанулық ғылыми көзқарас деп атауға болады. Оның игі маңызын атомистикалық негізгі идеяларына, яғни материяның құрылымдық түсінігін дүниенің бірлігі және ол жайлы білімнің тұтастығы қағидасынан білуге болады.



Оқушылардың ойлауын дамыту

Оқушылардың физикалық ұғымдарды түсініп, талдап ұғуы олардың логикалық және диалектикалық ойлауын дамытуға зор ықпал етеді.

Физика – табиғат туралы ғылым. Оның басты мақсаты – заттар мен денелердің, құбылыстар мен процестердің негізгі қасиеттерін біліп-тану, табиғат құбылыстарының заңдылықтарын зерттеу. Сабақта мұндай танымдық процесс оқушылардың физикалық ойлауын дамытуды қажет етеді. Бұл үшін оқыту процесінде анализ және синтез, салыстыру мен аналогия, классификация және жүйелілік, абстаркция және жинақтап қорытындылау сияқты логикалық ойлау операцияларын пайдаланамыз. Демек, физиканы осылай логикалық талапқа сай оқытып, физика ғылымы негіздерінің логикалық жүйесін ашу арқылы оқушы жастардың физикалық ойлауы дамытылады. Бұл, әрине, алдымен мұғалімнің физикалық білімдер жүйесі мен оның құрылымының ерекшеліктер сипаттарын білуді қажет етеді.

Мектепте физиканы оқыту кезінде оқушыларды логикалық ойлаудың негізінен мынадай түрлеріне үйретуіміз керек:

физикалық ойлау;

ғылыми-техникалық ойлау;

диалектикалық ойлау;

индуктивтік ойлау;

дедуктивтік ойлау;

абстракты ойлау.

Әрине, мұның бәрі бір сабақта немесе бір тарауды оқытумен бітетін іс емес, мұны оқушылардың мектепті бітіргенге дейін дамытылатын қабілеттері деп түсінуіміз тиіс.

1.Физикалық ойлау деп оқушылардың:

а) физикалық құбылыстарды бақылау,

ә) күрделі құбылыстарды құрамды бөліктерге жіктеу,

б) олардың арасындағы өзара байланыстар мен қатынастарды анықтау,

в) физикалық құбылыстар мен шамалардың арасындағы сандық және сапалық байланыстарды тағайындау,

г) физикалық теориялардан шығатын салдарларды көре білу,

д) физикалық білімдерді практикада қолдана білу іскерліктерін дамытуды түсінеміз. Мұның сапалық дәрежесін оқушылардың мынадай іс-әрекеттерінен көруге болады: а) ой еңбегін жеңілдететін логикалық тәсілдерді қолдана білу, ә) физикалық формулалардың дұрыстығына сеніп, тексере білуі, б) есеп шығаруда тиімді тәсілдерді дұрыс таңдап ала білуі, в) физикалық шамалардың өлшем бірліктерін тексере білуі, г) физикалық заңдылықтардың өмірде қолданылуын түсіндіре білуі т.т.


2. Оқушылардың ғылыми-техикалық ойлауы физика мен математиканың арасындағы терең байланысты таба білуге, олардың техникада қолдану мүмкіндіктерін алдын-ала болжай білуге, физикалық идеялардан түрлі техникалық конструкциялар мен модель схемаларды жасай білуге үйрету арқылы дамытылады.

3. Физикалық құбылыстардың арасындағы байланыстардың себеп-салдарларын анықтай білуге үйрету – оқушылардың диалектикалық ойлауын дамытуға өте пайдалы әдістемелік тәсіл.

4. Оқушылардың индуктивтік ойлауы логиканың синтездік (жалқыдан жалпыға көшіп, жинақтау) тәсілі негізінде дамытылады.

5.Анализ (жалпыдан жекеге көшу арқылы талдау) тәсіліне сүйеніп оқушылардың дедуктивтік ойлауын дамытуға болады.

6.Абстракты ойлау бірқатар түсіндіруге қиын физикалық құбылыстарды баяндауды оңайлату мақсатында қолданылады.

Оқушыларды физикалық ойлаудың осындай түрлері мен тәсілдеріне үйретудің нәтижесінде олардың физикаға қызығушылығы артады, біліп-тану қарекеті жақсарады, оқу процесіндегі белсенділігі жоғарылайды.



Дәрісті меңгергеннен кейін білуге қажетті негізгі ұғымдар

Физиканы оқытудың негізгі міндеттері: оқушыларға білім беру, оларды жан-жақты дамыту, тәрбиелеу.

Білім беру міндетіоқушыларға физиканың негізгі заңдылықтарынан білім беру, әрі оны іс жүзінде пайдалану дағдысы мен біліктілігін қалыптастыру.

Дамыту міндетіоқушылардың танымдық мүмкіндігін дамытады, оқушылардың өздігінен білімдерін жетілдіруді іске асырады. Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін арттырады.

Тәрбиелеу міндетінегізгі міндеттердің бірі. Себебі, оқытудың мақсаты, мазмұны, әдістері – өсіп келе жатқан жастардың өмірге дайындалу жолы.

Физиканы оқыту әдістемесінің мақсаты физиканы оқыту жолындағы теорияны жетілдіру, оқыту үрдісі барысында негізгі заңдылықтарды ашып беру, оқушылардың физиканы қаншалықты меңгергенін зерттеу, физиканы оқыту негізінде оқушыларды тәрбиелеу, ой-өрісінің өсіп жетілуін өзектеу, жалпы дамуын жандандыру.

Өзін- өзі бақылау сұрақтары:

  1. Физиканы оқытудың қандай міндеттері бар?

  2. Білім беру міндетінің мақсаты қандай?

  3. Дамыту міндетінің мақсаты қандай?

  4. Тәрбиелеу міндетінің мақсаты қандай?

3-тақырып. Политехникалық оқыту және кәсіби бағдар, политехникалық білім беру.


Дәріс жоспары

  1. Политехникалық білім беру

  2. Физиканы оқытуда оқушыларға кәсіби бағыт беру

  3. Физиканы оқыту процесінде оқушыларға экологиялық білім беру


Дәрістің қысқаша мазмұны

1. Политехникалық білім беру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет