3 деңгейлі смк құжаты поәК поәК 042-18-38



бет3/51
Дата27.02.2020
өлшемі2,77 Mb.
#57456
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51

Физиканы оқыту әдістемесі басқа ғылымдармен тығыз байланысты, атап айтқанда ең алдымен физикамен, психологиямен және педагогикамен байланысты (2-сурет). Бұл ғылымдармен байланыс физика курсының мазмұнынан, сондай-ақ оқыту әдістерінен, тәсілдерінен және формаларынан көрінеді.


2-сурет.

Физиканы оқыту әдістемесі сондай-ақ философиямен, логикамен, техникалық ғылымдармен тығыз байланысты. Техниканың дамуы оқытудың жаңа тәсілдерін құруға әкеледі, өз кезегінде оларды оқу процесінде қолдану әдістемесін жасауды талап етеді.

Орта жалпы білім беретін мекемелердегі оқу процесін реттейтін құжаттар.

«Білім беру жайындағы» заңда білім беру жүйесін демократизациялау және білім беру аймағындағы мемлекеттік саясат принциптері идеясы көрініс тапқан. Оларға жатады: білім берудің гуманистикалық сипаты, жалпы адамзаттық құндылықтар приоритеті, жеке адамның даму еркіндігі.

Көрсетілген принциптер өзінің жүзеге асуында, бірішіден, тұтастай білім беру мекемелері деңгейінде өзінің статусын таңдау мүмкіндігін көрсетеді, екіншіден, нақты оқу процесі деңгейінде мұғалімге оқу бағдарламалары мен оқулықтарын таңдауға мүмкіндік береді, үшіншіден, оқушы деңгейінде меншікті оқу «траекториясын» таңдай алады.


Білім беру жүйесін демократизациялау оқу процесін гуманизациялау, гуманитаризациялау және дифференцияциялау принциптерінде өзінің бейнесін алады.

Оқытудың гуманизациясы барлық оқу-тәрбие процесінің орталықты субьектісі болатын баланың жеке адамдық қасиетіне көңіл бөлінуі болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет