"№3 Денисов орта мектебі" кмм сөз маржаны 5 сыныпқа арналған


Жазылым: Мәтінге ат қой. Мәтін бөліктеріне сипаттама бер. Есте сақта!



бет26/30
Дата07.11.2022
өлшемі1,8 Mb.
#156765
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Жазылым:
Мәтінге ат қой. Мәтін бөліктеріне сипаттама бер.
Есте сақта! Оқиғаны ретімен баяндайтын мәтін әңгімелеу мәтіні деп аталады. Ол сөйлемдер іс-қимылды білдіреді. Сұрағы: Не істеді?


Зат немесе құбылысты суреттеп, сипаттайтын мәтін сипаттау мәтіні деп аталады. Ол сөйлемдер заттың сынын білдіреді. Сұрағы: Қандай?


Оқиға, құбылыстардың себебін дәлелдейтін мәтін пайымдау мәтіні деп аталады. Сөйлемдер себебін ашып көрсетеді. Сұрағы: Неліктен?


Ой таразы:
«Туған жердей- жер болмас» өздеріңнің игі істерің туралы әңгімеле.


Сабақ №31
Оқылым: Мәтінді түсініп оқы.


Отанды сүю отбасыдан басталады


«Отан» сөзі аясына кең дүниені сыйғызуға болады. Отан ең алдымен отбасың: Жарық дүниеге әкелген анаң және алып бәйтеректей қорғаның әкең. «Отан отбасынан басталады» деп тегін айтпаған ғой шешен қазақ халқым. Отбасынан басталған отан Отан туған туыстарыңа, ағайын бауырларыңа, жора жолдастарыңа және бүкіл адамзат баласына деген сүйіспеншілікті туғызады.Менің Отаным Қазақстан! Алатау мен Тянь-Щаньның асқар таулары және биікте жатқан көкорай шалғындары, Шарын шатқалының қайран қалдырар арналары мен құлама сарқырамалары, сонадайдан көз тартар Үстірттің тылсым кеңістігі, інжу-маржан Балқаштың көгілдір айдыны, жасыл желек жазира, самал желмен жайқалған ақ селеулі даласы, кербез сұлу Бурабайдың бишідей бұралған ақ қайыңдары мен шыршалы ормандары, толқындары тулаған қарт Каспидің шетсіз-шексіз шалқар айдыны, өзім туған өлкенің табиғаты мен елімнің мақтанышына айналған сұлу Марқакөл көлі және тағыда басқа толып жатқан әсемдіктері кімде-кімді болмасын тамсантпай қоймайды. Ал бүгінгі таңда еліміздің тұңғыш президенті, «Ғасыр адамы» - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ұстанған салиқалы саясаты арқасында әлемнің ең дамыған 110 елі арасында өз орнымызды ойып алып, сол елдермен тереземіз тең дәрежеге жеттік.
Ой түрткі:
1.Отан сөзін қалай түсінесің?
2.Табиғат туралы әңгімелеңдер
3."Ғасыр адамы" деген кім?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет