"№3 Денисов орта мектебі" кмм сөз маржаны 5 сыныпқа арналған


Ой қозғау. - Сенің ойыңша екі ананың бақытты болуына не түрткі болды? Жазылым



бет2/30
Дата07.11.2022
өлшемі1,8 Mb.
#156765
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Ой қозғау.
- Сенің ойыңша екі ананың бақытты болуына не түрткі болды?


Жазылым. Өз ойыңды дәлелде.



Мәтіннен үзінді

Менің пікірім

Қара шашты ана өз баласының қайырымды адам болғанын, ешқашан анасын, өз үйін ұмытпағанын, Отанын, табиғатты, адамдарды сүйгенін қалайтынын айтты. Отыз жыл өтті.






Айтылым. Берілген тақырыпқа диалог құрастыр.



  1. Екі ананың әңгімесі (құрастыру)

  2. Қайғыларын бөліскен сәті

  3. Қуанышты сәттері ( рольге ене айту)

Ой таразы: «3Қ» арқылы сабақтағы жағдайды бағала.
«Қызық. Қажет. Қиын»

Сабақ №3
Оқылым. Мәтінді түсініп оқы.
Аққулы көл

Жаз... Жер жүзі көгеріп, жасыл ала жібекке оранып құлпырады. Аққулы көлдің жағасында тізеле қонып алты ауыл отыр.
Жаздың алтын нұры ойнаған шуақ күні еді. Көкпенбек, мөлдір сулы Аққулы көлдің жасыл ала қамыстары көк жібекке тіккен жасыл ала кесте сияқты. Аққулы көлдің жағасы жасыл кілем жайғандай балбыраған кезі еді.
Көл ортасында қалың жасыл ала қамыстың айналасы - айнадай жалтылдаған кең жайқын. Сол жайқында аппақ болып шаңқиған екі аққу сыланып, ақырын әсем жүзіп көлеңдейді. Екі аққу ұзын, сұлу мойындарын иіп, көл ортасында сыңқылдап, аппақ денесін күміс суға төсеп, әсем жүзіп, күміс судың айнадай мөлдірін шымырлатып сызады.
Ой қозғау:
1. Аққу қандай құс?
2. Аққуды неліктен атпайды?
3. Бұл әңгімеде не суреттеледі?
Жазылым. Аққу адалдық, сұлулық символы екенін жазып шық.

Аққуға қатысты сөздер.




Айтылым: Төмендегі сұрақтар төңірегінде әңгіме қозғаңдар.

  • Аққу адал құс екенін қайдан білесің?

  • «Аққу - киелі құс» Осы сөйлемге қалай түсінік берер едің.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет