"№3 Денисов орта мектебі" кмм сөз маржаны 5 сыныпқа арналған



бет7/30
Дата07.11.2022
өлшемі1,8 Mb.
#156765
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30
Ой таразы:

  • Бүгінгі сабақта нені түсіндіңдер?

  • Қай топтың жұмысы ұнады?

Сабақ №9
Оқылым. Мәтінді түсініп оқып шығыңдар


Сараңдықтың зардабы

Емен аймағында тұратын жомарт бір адамның сана қаласына жақын маңда жүзім, құрма және тағы басқа да жемістер егетін бақшасы болыпты. Ол кісі өнім жинайтын кезінде кедей-кепшіктерге, жанашыры жоқтарға, шамасы жоқ әлсіздерге зекет беру үшін, өнімнің басым бөлігін арнайы бөліп алып, таратып шығатын. Қартайып бойынан қуаты кетіп, дүниеден өткенде, балалары дүниеге салынып:


- Жанұямызда аз адам емеспіз. Асып бара жатқан дүниеміз де жоқ. Бұдан былай кедейлерге ештеңе бермейміз. Олар келмей тұрып, өнімімізді жинап алайық!.. деп өзара келіседі.
Бірде апат болады.Орасан жерді алып жатқан бақша адам танымастай халге келеді. Мұны көрген сараң жігіттер не болғанын білмей абыржып:
- Біз осы жолымыздан адасып қалдық-ау шамасы? – дегеннен басқа ештеңе айта алмай қалды.
Олар әкелерінің жомарттық танытып, мұқтаждардың көңілін аулап, кедейлердің қайырлы дұғасын алуы бақшасының өнімін одан сайын берекеттендіретінінен мақрұм еді. Бірақ балалары әкелерінің таратқан зекеті орасан зор болып көрініп, оны бергілері келмейтін. Олар апаттан соң әкелерінің жақсылығын енді түсінді.
Айтылым
3. Біз осы жолымыздан адасып қалдық-ау шамасы? – дегеннен басқа ештеңе айта алмай қалды. Бұны не үшін айтты?
4. Жауабыңда қай мағынадағы сөздер басым болды: зат атауы, сын есімдер, қимыл - қозғалыс атауы. Кестеге жазып көр.


Зат атауы

Сын-сапа атауы

Қимыл-қозғалыс атауы













Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет