Жазылым
1. Сараңдық сөзін сипаттап жаз.
2."Жомарттың қолы ашық" тақырыбында эссе жазыңдар.
Ой таразы: «Мадақтау сэндвичі» 1-бөлік- не ұнады? 2-бөлік не нәрсені жақсарту керек?
3-бөлік- маған ұнады, бірақ келесі жолы ... .
Сабақ №10
Оқылым: Мәтінді түсініп оқы.
Жамандықтың ақыры
Екі адам бір күні бір дорба алтын тауып алады. Бұрын-соңды мұндай байлықты ұстап көрмеген екеуі не істерін білмей шыбынның ызыңынан да мазасызданып, дегбірлері қашады. Ақыры адам аяғы баспаған тауға қашып кетеді. Осылайша алтындарын елдің көзінен тасаға жасырып үлгереді.
Арадан бірнеше күн өткен соң, азықтары таусылып, біреуінің ауылға барып келуіне тура келеді. Екіншісі алтынның басында қарауылдап қалады.
Ауылға кеткен адам, азық-түлікті алып келе жатып бір қулық жасау ойына сап ете қалады. Тамаққа у қосып, алтынды иеленіп қалайын. Ол алтын өмірімнің соңына дейін жетеді, - деді.
Ал алтынның басында қарауыл болып қалған адам былай деп қулық ойлайды: Мына үлкен тастың арқасына жасырынып, жолдасымның арқасынан атып өлтірейін. Алтынды бөліскеннен гөрі осылай істегенім жөн болар.
Алтынның басындағы адам, жолдасын өлтіріп, оның әкелген тамағын ішіп, уланып өледі. Сонымен «таласқанға тас та жоқ» дегеннің кері келіп, арамдықтары ештеңеге аспай қалады.
Ой түрткі:
Әдептілікке қандай қасиеттерді жатқызуға болады?
Жоарыда келтірілген қағидалармен келісесің бе?
«Уәдеңде тұра алмайтыныңды білсең сөз берме» осы тұжырымды қалай түсінесің?
Жазылым: "Бес саусақ" тәсілі арқылы сұрақтарға жауап жаз
Бас бармақ-басты мәселе. Бүгінгі сабақтағы ең құнды мәселені ата
Балаң үйрек-бірлесу.Мен топта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім?
Ортан терек-ойлану. Мен бұл мәтіннен өзіме қандай ой түйдім?
Шылдыр шүмек - шынайылық. Мәтін маған несімен ұнамады?
Кішкентай бөбек-көңіл-күй ахуалы. Мәтін барысынды мен өзімді қалай ұстадым?
Достарыңызбен бөлісу: |