"№3 Денисов орта мектебі" кмм сөз маржаны 5 сыныпқа арналған


Айтылым: «Әрдайым адал бол!» Диалог құрастыру. Телефонмен сөйлесу Кітапханадағы әңгіме Автобустағы әңгіме



бет9/30
Дата07.11.2022
өлшемі1,8 Mb.
#156765
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30
Айтылым: «Әрдайым адал бол!» Диалог құрастыру.
Телефонмен сөйлесу
Кітапханадағы әңгіме
Автобустағы әңгіме
Ой таразы: "Менің ойымша...", "Себебі мен оны... деп түсіндіремін"

Сабақ №11


Оқылым: Мәтінді түсініп оқы.
Жинақылық - жақсы әдет

Бірнеше тәуір кісілер бір жетім-жесір қалған үй ішіне жылу жинаймыз деп, әрбір үйге барып жүріп бір байдың үйіне келсе, бай жұмыскеріне бір кішкентай жіпті жаңбырда ұмытып, далада қалдырыпсың деп, қатты ұрсып тұр екен.Ұрсып тұрып айтады:


-Cен білмейсің, ол кішкентай ғана жіп те болса, малға сатып алынған нәрсе, малдың табылуы оңай емес.
Мұны естіп, көріп, әлгі жолаушылар өзді-өзі сөйлеседі: «Бір жаман жіпті далада ұмытып қалдырдың деп сонша кейіп тұрған адам бізге ешнәрсе бере қоймас, аузымызды ауыртпай, келген ізімізбен қайталық». Ішінен біреуі айтты:
-Неміз кетіп барады, келген соң бұған да айтып көрелік -дейді.
Бұл содан соң келгендердің жұмысын естіп,сол жердің өзінде бөтендерге қарағанда екі есе ақша шығарып береді және мұнан басқа төрт-бес ат беремін деп уәде етеді. Мұнысын көріп жолаушылар таңданып отырады да, өздерінің далада байды сараңға қосқандарын айтады. Сонда бай:
- Aз нәрсені азсынбай, қадірін біліп жинағаннан осындай кем-кетікке жәрдем беруге қолым жетті: Жинақтылық сараңдыққа қосылмайды.

Ой түрткі:

  • Сыныптастар арасында қандай жинақылық түрлері бар?

  • «Жомарттың қолын жоқтық байлайды» Осы айтылған сөйлемге өз пікіріңді білдір.

Жазылым: Мәтінге мақал-мәтелдер ойлап жаз.
Жадыңда ұста!
Мақал-тәрбиелік мәні бар, ақыл нақыл сипатында айтылатын сөздер тобы. Мәтел-ой пікірді бейнелеп, тұспалдап, ишаралап тұратын сөздер тобы
Айтылым: Ойыңды дәлелде! топтарға бөліп беру.
Cен білмейсің, ол кішкентай ғана жіп те болса, малға сатып алынған нәрсе, малдың табылуы оңай емес.Мұны естіп, көріп, әлгі жолаушылар өзді-өзі сөйлеседі: «Бір жаман жіпті далада ұмытып қалдырдың деп сонша кейіп тұрған адам бізге ешнәрсе бере қоймас, аузымызды ауыртпай, келген ізімізбен қайталық».




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет