"№3 Денисов орта мектебі" кмм сөз маржаны 5 сыныпқа арналған


Ой таразы: «5 саусақ» әдісі



бет17/30
Дата07.11.2022
өлшемі1,8 Mb.
#156765
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30
Ой таразы: «5 саусақ» әдісі
• Бас бармақ – мен үшін маңызды және
қызық
• Балан үйрек – маған түсініксіз болды
• Ортан терек – маған жеткілікті болмады
• Шылдыр шүмек – менің көңіл күйім
• Кішкене бөбек – менің ұсынысым

Сабақ №20


Оқылым: Мәтінді түсініп оқы, әңгіме астарына көңіл бөл.
Қазақтың ұлттық өнері

Ағаш пен сүйектен оюлап тұрмыстық заттар жасау – халқымыздың ертеден келе жатқан дәстүрлі өнерлерінің бірі. Сүйектен ойып, әшекейлі бұйым жасайтын шеберлерді, ағаш ұсталарын жұрт бұйым жасату үшін , ат арытып іздеп келетін болған. Олар ағаш бұйымдардың бетіне, аттың қамыт-сайман, ер-тұрманына, музыкалық аспаптарға сүйектен ойып, өрнек салған. Қазба жұмыстары кезінде қазақ даласынан табылған әшекейлі сәндік бұйымдардың ішінде, тіпті тас дәуірінің соңғы кезіне жататын мүліктер бар екені анықталды.


Ағаштан оюлап жасалатын тұрмыстық заттың көп тараған түрі – төсек ағаш, кебеже, сандық. Халық шеберлері ағаштан астау, шара табақ, тостаған, теген, саптыаяқ,ожау сияқты ыдыстар дайындаған. Мұндай әшекейлер киіз үйдің сүйегіне де түсірілген.


Ой түрткі:

  • Ағаш бұйымдардың бетіне, аттың қамыт-сайман, ер-тұрманына, музыкалық аспаптарға сүйектен ойып, өрнек салған?

  • Сендер тағы да қандай қолөнердің түрін білесіңдер?

  • Қазба жұмыстары кезінде қазақ даласынан табылған әшекейлі сәндік бұйымдардың ішінде, тіпті тас дәуірінің соңғы кезіне жататын мүліктер бар екені анықталды.

  • Бұл бөліктен не байқадың? Бір сөзбен сипаттап жеткіз.



Жазылым: «Қолөнер - зор өнер » тақырыбында ойтолғау жаз. Өз отбасыңда қазақи қандай ыдысты тұтынады? Жазып бер.


Айтылым;
Ойын «Кім көп біледі»
Мұғалім доп лақтырады, қағып алған бала ұлттық нақыштағы ыдыстарымызды атайды.
Күтілетін жауаптар:
Көне ыдыстар дегеніміз – .....




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет