Ой түрткі
1. Серт сөзін қалай түсінесің?
2. Осындай бала сыныбыңда бар ма?
3.Бала өзіне қандай серт берді?
Жазылым: Төменде берілген сөздерден білімді балаға тән қасиеттерді теріп жазыңдар. Тағы қандай қасиеттермен толықтырар едің?
Ізденгіш,енжар,ұмтылғыш, талантты, жалқау, ұқыпты, қабілетті, еңбекқор, өнерлі, әдепті, сабырлы, табанды.
Айтылым: Ынталану адамға қандай мүмкіндіктер береді? Төменде берілген сөздер төңірегінде пікірталас өткізу.
Жадыңда ұста! Кез- келген құбылыс немесе оқиғаға қатысты әр тұлғаның жеке пікірі.
Ой таразы:
:
Сабақ №23
Оқылым: Мәтінді түсініп оқы.
Біздің қала
Біз Алматы қаласында тұрамыз. Алматы қаласы - ең әдемі қалаларының бірі.Таудан төмен қарай созылған тіп-тік, әдемі көшелері неше түрлі ағаштармен көмкерілген. Көшелердің екі жағынан сылдыраған мөлдір бұлақтар ағып жатады. Достық атындағы сарай, Спорт сарайы, Оқушылар сарайы және көп қабатты қонақ үйлер өздерінің керемет көркемдігімен көздің жауын алады. Қаланың оңтүстігін басынан өмір бойы қар кетпейтін ақ бас Алатау қоршаған.
Тау беттерін қысы-жазы өзгермей, ылғи жап-жасыл болып тұратын шыршалар мен қарағайлар, ақ қайыңдар жапқан. Етегінде атақты «Медеу» мұз айдыны, көптеген демалыс, сауықтыру орындары бар. Олар алуан түрлі гүлдерге, бау-бақшаларға бөленген. Қалада тарихи орындар, мұражайлар, көрікті жерлер,бақтар өте көп. Қаланың батысы мен шығысынан Үлкен Алматы, Кіші Алматы өзендері ағып жатады. Алматы қаласының табиғаты - сирек кездесетін тамаша табиғат!
Ой түрткі:
1.Қала несімен көрікті?
2.Алматы қандай қала?
3.Алматы туралы әңгімеле
Жазылым: Қос жазба күнделігі
Үзінді
|
түсініктеме
|
Қаланың оңтүстігін басынан өмір бойы қар кетпейтін ақ бас Алатау қоршаған. Тау беттерін қысы-жазы өзгермей, ылғи жап-жасыл болып тұратын шыршалар мен қарағайлар, ақ қайыңдар жапқан.
|
|
Айтылым: Жағдаяттарды шешу.
1-жағдаят: Сен тауға шыққың келді, ал досың бұл әрекетіңе қарсы?
2-жағдаят: Тауға дайындық жасағанда ауа-райының өзгерісін естідің.Қандай күйде болдың?
3-жағдаят: Марат Қарағанды тамаша деді, ал сенің көзқарасың?
Достарыңызбен бөлісу: |