"№3 Денисов орта мектебі" кмм сөз маржаны 5 сыныпқа арналған



бет21/30
Дата07.11.2022
өлшемі1,8 Mb.
#156765
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   30
Білемін

Білдім

білгім келеді




























Сабақ №25


Оқылым: Мәтінді түсініп оқы.


Қараша күз белгісі



Қараша күз келді. Солтүстіктен ызғырық жел соғып тұр. Айдын беті қиқулаған құс. Көпті көрген сары тіс аңшы айдындағы құстар тобына аңыра қарап, дүниенің басқа бір қызығын тамашалап кетіп еді. Өзі құс ату саятына көп шықпаса да, қаз үйрекке қаршыға, ителгі салғанды, бөдене мен шүрегейге қырғи салғанды талай тамашалаған.
Міне, бүгін де күн шықпай, шығыстан сәуле көтерілген сайын құстардан тыныштық кете бастады. Олар тағы да ұзақ сапарға тартпақ. Ең алдымен көл бетіндегі аққулар тобы, сапарға шыққан ұшақтардың моторын қыздырғаны сияқты, қанаттарымен көл толқындарын сабалап, бірін-бірі қуып, қанат-топшысын қыздыра бастады. Аққулардың ұшуға әзірлігін сезгендей, қаздар мен үйректер де қиқу сап, ұрандасып, өз тобын жинап жатты. Әсіресе, күздің ең суығын ала келетін қараша қаздар да сапарға әзірленіп, қым-қиғаш қиқу мен қаңқылға басты.
Ой түрткі:
- Ызғырық сөзін сипатта
- Аққулардың неге тынышы кетті?
- Қараша қаздар сөзіне түсінік бер
Жазылым: «Қамқорлық» кестесін толтырыңдар. Бірінші бағанға- құстарға қамқорлық, екінші бағанға-мейірімді адамның қасиеттерінің тізімдемесін жасаңдар

Құстарға қамқорлық

Мейірімді адам қасиеттері





















Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет