Ой таразы: «Кім бұрын?»
1.Өзіндік пікір - бір сөйлем
2.Дәлел-екі сөйлем келтір
3.Қорытынды - екі сөйлем
Сабақ №15
Оқылым.Мәтінді мұқият тыңда
Сыйластық - үлкен бақыт
Баяғыда бір үлкен отбасы өмір сүріпті. Отбасындағы адамдар саны өте көп екен, бір қауым ел болып, бірге тұрыпты. Ол отбасы ерекше екен, отбасының өзара келісімде, татулықты өмір сүруі елді таңқалдырады. Бұл отбасы жайлы патшаның құлағына да жетеді. Патша естігенінің ақ-қарасын білгісі келіп ауылға келеді. Ауыл тап –таза, барлығы да жеткілікті, тыныштық пен береке қонған. Патшаның көңілі толып ерекше бір шаттыққа бөленеді. Сыйластығы жарасқан бақытты отбасында қариялардың орны төрде, уайым –қайғысыз, балалары бақытты, мәз-мейрам екен. Бұған патша таң-тамаша болады. Отбасының қалайша бақытты өмір сүруінің мәнісін білгісі келеді. Ауыл ақсақалдарына келіп отбасындағы татулық пен бірлікке қалай жеткендігін айтуын өтінеді.Қарт үнсіз ғана жүз рет «сүйіспеншілік», жүз рет «кешірім», жүз рет «бірлік» деп қағазға мұқият жазып шығады.
Үш сөзді оқыған патша таңқалып:
-Осы-ақ па?
- Иә, - деп ақсақал. –Барлық жақсы отбастары тек осы қасиеттерден құрылады, - деді де, сәл ойланып, «және шыдамдылық» деген сөзді қосып қойды.
Ой түрткі:
1.Мәтін қалай басталды?
2.Қарт қандай сөздерді қағазға жазды?
3.Бұл отбасына қажет сөздер ме?
Жазылым.
«Сүйіспеншілік, кешірім, бірлік, шыдамдылық» сөздеріне анықтама бер.
Айтылым. Берілген тақырыптарды сахналап көрсетіңдер
Патша сарайының қуанышын көрсету.
Ой таразы: Бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланып, жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық.
Сабақ №16
Оқылым: Мәтінді түсініп оқу.
Байлық
Бұрынғы өткен заманда бір дана кісі өлерінің алдында жалғыз қалып бара жатқан баласына: «Шырағым, жер астына көмген көп қазынам бар, соны қазып алсаң, қарның аш болмас, киімсіз болмассың» – депті. Әкесі өлгеннен соң, жетім баласы үйдің айналасындағы жерді ертеңді-кеш еңбек етіп қазады, көп машақаттанады, бірақ әкесі айтқан қазынаны таба алмайды.
Басы дал болып, шаршап, шалдығып, ақырында, бір көп жасап, көп көрген данышпан қарияға келеді. Әкесінің үгіт-насихатын, өзінің көп әуре болғанын баяндайды, енді не қылсам екен дейді:
- Балам, сен әкеңнің өсиетіне түсінбеген екенсің, оның мәнісі былай: әкең саған мирасқа жер қалдырыпты, сол жерді күшің жеткенше күтіп, егін егіп, күз тұқым шашып, еңбек етсең, уақытында өнімін төкпей-шашпай жиып алсаң, сонда сен байлықтың астында қаласың, аш та, жалаңаш та болмайсың. Байлық жерде, еңбекте, – депті.
Сонда бала басын қасып, әкесінің өзіне айтқан өсиетіне енді ғана түсініп, оны орындауға кіріскен екен.
Достарыңызбен бөлісу: |