"№3 Денисов орта мектебі" кмм сөз маржаны 5 сыныпқа арналған


Тыңдалым: Мұғалім мәтінді оқу барысында әрбір оқиғадан кейін кідіріс жасап, оқушыларды қызықтыра отырып оқуы қажет. Қажымұқан



бет6/30
Дата07.11.2022
өлшемі1,8 Mb.
#156765
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

Тыңдалым:


Мұғалім мәтінді оқу барысында әрбір оқиғадан кейін кідіріс жасап, оқушыларды қызықтыра отырып оқуы қажет.
Қажымұқан

Сахара жұрты естен кетпес, бұрын-соңды естіп білмеген көрініске куә болатынын Қажымұқан шапанын шеше бастағанда-ақ сезді. Құрыштан құйылғандай сұлу мүсінді, алып палуан қолын екі-үш рет жоғары-төмен құлаштай жазып, ішін тартып алғанда, тіптен сидиып, сүмбіле қалыпқа түсті. Сол кезде жәрмеңкенің машинасы да тасадан гүрілдей қозғалып, қастарына келіп тоқтады. Қорабын ашып, асын жерге әзер түсіреді.
Мал өлшейтін таразының тақтайын да бір жаққа ысырды. Алғашында Қажымұқан бұлшық еттерін қалпына келтіру үшін әрі көпшілікке қазақ көрініс ретінде таразының ауыр кірлерін кезек-кезек лақтырып, саусағымен айналдырды. Телеграфтың ұзын бағанасын мойнына салды да, екі жағына он-оннан жиырма жігітті отырғызды. Салмақты теңеп тексерді де, орнынан тік тұрып, жігіттерді көтерген бойы айнала қоршаған топты бір айналып шықты.

Ой қозғау:

  • Палуанның әс-әрекеті туралы не айта аласыңдар?

  • «Құрыштан құйылғандай сұлу мүсінді, алып палуан қолын екі-үш рет жоғары-төмен құлаштай жазып, ішін тартып алғанда, тіптен сидиып, сүмбіле қалыпқа түсті» дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Адам күшті екенін айтқанда өзін қандай сезінуі мүмкін?

Жазылым: «Ел намысын жоғары ұста» тақырыбында эссе жаз.
Ой туғызу. Адам жазушы болсын, диқан болсын, әнші болсын қалайда өз еліне көмегін тигізіп, туған жерінің намысын қорғау керек. Өзінің туған жерінің атын шығарса ол - нағыз саналы азамат.
Айтылым: Жағдаяттарды талдау
Балалар үш топқа бөлініп, төмендегідей жағдаяттарды өз топтарында талдайды және әр топ өз шешімдерін айтып шығады.
1-жағдаят.

  • Асылан күшікті қуып жүрген ересек балаларды көріп, мен көмекке барсам да, оларға күшім жетпейтін шығар деп ойлады. Сен қайтер едің?

2 –жағдаят.

  • Атасы Маратты шөп үюге көмекке шақырып еді. Мен әлі кішкентаймын, шөптің төбесіне шығуға күшім де жетпейді ғой деп ойлады.

  • Мараттың орнында сендер болсаңдар не айтар едіңдер?

3 –жағдаят.

  • Анасы ауыр сөмке тамақ әкеле жатыр еді. Оны көрген екі бала аңтарыла тұрып қалды.

  • Балалардың орнында сендер болсаңдар не істер едіңдер?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет