3 дәріс. Танымдық процестер психологиясы Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар


Зейін туралы түсінік. Зейіннің негізгі түрлері. Зейін қасиеттерінің негізгі сипаттамалары (тұрақтылық, бөліну, шоғырлану, ауысу, көлем)



бет4/5
Дата24.11.2022
өлшемі21,28 Kb.
#159674
1   2   3   4   5
Байланысты:
3 дәріс. Танымдық процестер психологиясы
265559, Отзыв, 4-группа Русский яз, Стандарттар ішкі аур. проп.-1, термохимия тест, 2срс2
5. Зейін туралы түсінік. Зейіннің негізгі түрлері. Зейін қасиеттерінің негізгі сипаттамалары (тұрақтылық, бөліну, шоғырлану, ауысу, көлем).
Зейін - бұл психиканың (сананың) қандай да болса бір затқа, құбылысқа немесе іс-әрекетке бағытталуы немесе шоғырлануы. Сананың бағытталуы деп объектіні таңдап алуды айтамыз, ал сананың бір нәрсеге шоғырлануы дегенде, бұл объектіге қатысы жоқтың бәріне көңіл аудармауды айтады.
Зейіннің негізгі қасиеттері:
1. Зейін көлемі бір уақытта қабылданатын объектілер санымен өлшенеді. Зейінді бір қойғанда-ақ жақсы қамтып, анық қабылдаған нәрселердің саны зейіннің көлемін білдіреді. Көз зейіні бір дегенде әріп, сан, сурет бірнеше нәрселердің санын анық қабылдайды.
2. Зейіннің шоғырлануы (концентрациясы) - бұл объектіге шоғырлану дәрежесі.
3. Зейіннің бөлінуі бірнеше әрекеттерді бір уақытта орындау немесе бірнеше процестерді, объектілерді бақылау мүмкіндігінде көрінеді.
4. Зейіннің тұрақтылығы - бұл іс-әрекет процесінде зейіннің жалпы бағыты. Басқа нәрсеге көңіл аудара берілмеуінде, осының арқасында адам белгілі бір затқа немесе әрекетке ұзақ уақыт көңіл аударып шұғылдана алады. Зейіннің тұрақтылығына қызығушылық айтарлықтай әсер етеді, бір объектіге ұзақ уақыт сақталуын көрсетеді.
5. Зейіннің ауысуы зейінді қайта құрудан, оны бір объектіден екінші объектіге ауыстырудан тұрады.
Ойлау - бұл танымдық объектілер арасындағы байланыстар мен қатынастарды орнататын, психикалық рефлексияның ең жалпыланған түрі.
Ойлаудың түрлері: көрнекі-әрекеттік, көрнекі-бейнелік, сөздік - логикалық.
Ойлаудың формалары: түсінік, пайымдау, қорытынды, ұқсастық.
Ойлаудың операциялары: талдау, синтез, салыстыру, абстракциялау, жалпылау, нақтылау.
Ойдың бұзылуы: аутистік ойлау (жеке күйзелістері әлеміне терең ену), «интеллектуалды мономания» (шындыққа сәйкес келмейтін, оған қайшы келетін ойлар, идеялар, пайымдаулар).
Аутистік ойлау негізі – адамның жеке басы толғаныстары дүниесіне тереңдей шомып, шындықтан ажырау; болмыс баланыстарынан айырылып, төңірегіндегілермен қарым-қатынастан қалуы.
Ой бұзылысының асқынған түрі – сандырақ немесе ақыл-ес мономаниясы. Сандырақ – бұл болмыс шындығына жанаспайтын, тіпті оған қайшы келетін ойлар, ядеялар, пікірлер.
Қиял - бұл бейнелеу немесе идея түрінде жаңа нәрсе жасаудың психикалық процесі.
Қиялдың түрлері: ырықты (қайта құру, шығармашылық, алдын ала болжау (болашақ оқиғаларды болжау) және ырықсыз.
Ырықсыз қиял – адам алдына ешбір мақсат қоймай, басындағы елестердің ағытылып жатуын бақыламаған кезде туатын формасы. Пассив қиялдың ең айқын түрін адамның түс көруінен байқауға болады.
Ырықты қиял – адамның саналы түрде мақсат қоюымен байланысты образдардың әдейілеп жасалуы.
Қиялдың жасалу жолдары: қиялдағы елестерді топтастырудың қарапайым түрі: агглютинация – желімдеу (кентавр, сфинкс); гипербола – грек сөзі, (күшейту деген мағына білдіреді) нәрсенің жеке сипаттары, белгілері үлкейтіліп көрсетіледі; ертегілер, қиял-ғажайып бейнелер (Д.Свифт «Гулливердің саяхаты»); нәрсенің бір жағын ерекше әсерлей көрсету (карикатуралар мен достық әзілдер); типтік образдар жасау. Суреттеп жазғанға немесе сызғанға қарап адамның жаңадан бір нәрсені елестете алуын қайта жасау қиялы деп атайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет