Жаттығулар орындау 1 – есеп. Егер Си2+ ионын аммиак көмегімен анықтау үшін алынған ерітіндінің минималды көлемі 0,05 мл, Си2+ ионының шекті концентрациясы 1 : 250000г/мл тең болса, анықтаудың ашылу минимумы қаншаға тең? - Шешуі:
1) m = Сшек Vmin 106 формуласы бойынша есептеледі: m = 1 / 250000 . 0,05 . 106 = 0,2 мкг - 2) m = Vmin . 106 / Vшек
m = 0,05 . 106 / 250000 = 0,2 мл - 2- есеп.
Рb2+ ионын қорғасын хроматы түрінде анықтаудың ашылу минимумы 0,15 мкг, минимальды көлемі 0,03 мл. Зерттелетін ерітіндінің шекті концентрациясы мен шекті сұйылтуын есептеу қажет. - Шешуі:
1) Шекті концентрацияны есептейді: Сшек = m / Vмин . 106 = 0,15 / 0,03 .106 = 1 / 200000 (г/мл) Шекті сұйылту Vшек = 200000 мл 2) m = Vmin . 106 / Vшек Vшек = Vmin . 106 / m = 0,03 . 106 / 0,15 = 200000 мл Сшек = 1 / Vmin Сшек = 1 / 200000 (г/мл) - Аналитикалық реакциялар қалай жіктеледі?
- Аналитикалық реакциялардың сезімталдығы қандай көрсеткіштермен сипатталады?
- Ашылу минимумы қалай есептеледі?
Әдебиет - Аналитикалық химия:Оқу құралы / П.С.Маденова.-Алматы: Қазақ университеті, 2012.- 211б.
- Аналитикалық химия : Зертханалық сабақтарға әдістемелік нұсқаулар / Б. С. Иманғалиева. - Ақтөбе : Қ. Жұбанов ат. АӨМУ БО, 2014. - 88 бет
Достарыңызбен бөлісу: |