3 Дәрістін қысқаша курсы


Тұрақты тоқ қозғалтқыштары



бет16/56
Дата21.10.2022
өлшемі6,02 Mb.
#154427
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   56
Байланысты:
Агро УМКД

Тұрақты тоқ қозғалтқыштары. Электр қозғалтқыштарының қоздырғыштары, жалпы алғанда, сол генераторлардың қоздырғыш жүйесі сияқты. Қозғалтқыштардың ең көп тарағандары да параллель, тізбектей және аралас қоздырғыштары барлар. Қозғалтқыштардың барлық түрлерінің де жұмыс тәртібін талдағанда, электрлік тепе- теңдік теңдеулеріне жылдамдық және механикалық сипаттамаларына сүйенеді.
Тұрақты тоқ қозғалтқыштарының айналу жылдамдығы мен бағытын реттеу тәсілдері. Тұрақты тоқ қозғалтқышының жұмысқа қосылуы, тежелуі, айналу жылдамдығы мен айналу бағытын өзгерту, жоғарыда айтылғандай “Электр жетегі” пәнінде қарастырылады. Сондықтан, мұнда айналу жылдамдығы мен бағытын реттеудің жалпы принциптеріне тоқталамыз. Тұрақты тоқ қозғалтқыштарының айналу жылдамдықтарын реттеу тәсілдері, оның жылдамдық сипаттамаларының теңдеулеріне кіретін өлшемдерін өзгертуімен байланысты (4.32). Ондай өлшемдерге жататындары:
-якорь орамасына берілетін кернеуU;
-якорь орамасының тізбегіндегі кедергі(Rß+Rºîñ);
-қоздыру орамасының магнит ағыны Ф.
Тұрақты тоқ қозғалтқыштарының айналу жылдамдықтарын өзгертуді, көбейту жағына қарай да, азайту жағына қарай да жүргізуге болады. Желідегі кернеу тұрақты кезінде(U=Const) айналу жылдамдығын азайтуды якорь орамасы тізбегінің кедергісі реттелетін резистор жалғау арқылы, сол якорь орамасына берілетін кернеуді азайтумен парапар жасалады. Тұрақты тоқ қозғалтқышы якорінің айналымын азайтудың бұл тәсілі, реттеуіш резисторының кедергісіндегі электр шығындарының көптігінен экономикалық тұрғыдан тиімсіз болғанымен, оған тұрарлық балама жоқ. Тұрақты тоқ қозғалтқыштарының айналымдарын арттыру әдістерінің неғұрлым тиімді және үнемдісі шунттық қоздыру тоғын, демек магнит ағынын азайту болып табылады. Мұндай әдіспен қозғалтқыштың айналу жылдамдығын азайту мүмкін болмайды, себебі реттеуші резисторды енгізу арқылы, қоздыру тоғын азайтуға ғана болады, ал оны көбейтуге болмайды. Тұрақты тоқ қозғалтқышының айналу бағытын өзгерту (реверсирование) қоздыру орамасының полюстерін ауыстыру немесе якорь орамасының полюстерінің бірінің қысқыштарына ауыстырып қосу арқылы атқаруға болады. Айналу бағытын желінің полюсін ауыстырып өзгерту тәуелсіз қоздыру немесе тұрақты магниттен қоздыру қозғалтқыштарынан басқа, мүмкін емес.

3.5.Тақырып 5. Қозғалтқыштың құрлысы жұмыс пинціпі.Асинхронды қозғалтқыштың жалпы сипаттамасы.Төменгі көрсеткіштер.Асинхронды қозғалтқыштың сериялары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет