2.10. Білім бағалары туралы ақпарат.
Екі модульбойынша (ТП) ағымдық (А) және аралық (А)балл-рейтингінің, өздік жұмыс балл-рейтингінің, өздік жұмыс бағасы мен емтихандық балл-рейтингінің (Е) орташасының қосындысынан алынатын, 100- балл-рейтингі жүйесі (БРС) негізінде құрылған шкала бойынша студенттер білімінің соңғы бағасы, қорытынды рейтинг (Қ), қойылады, яғни Қ% = (АА1% + АА2%):2*0,6 + Е%*0,4.
Студенттер білімі бағасының шкаласы
Әріптік жүйе бойынша баға
|
Баллдардың сандық эквиваленті
|
Баллдардың пайыздық құрылымы
|
Әдеттегі жүйе бойынша баға
|
А
|
4.0
|
95 - 100
|
Өте жақсы
|
А-
|
3.7
|
90 - 94
|
В+
|
3.3
|
85 - 89
|
Жақсы
|
В
|
3.0
|
80 - 84
|
В-
|
2.7
|
75 - 79
|
С+
|
2.3
|
70 - 74
|
Қанағат
|
С
|
2.0
|
65 - 69
|
С-
|
1.7
|
60 - 64
|
D+
|
1.3
|
55 - 59
|
D
|
1.0
|
50 - 54
|
F
|
0.0
|
0 - 49
|
Қанағатсыз
|
3 Дәрістін қысқаша курсы
3.1. Тақырып 1. Трансформаторлардың ќұрылғысы және әсер ету принципі, типі және ұсынылуы бойынша трансформаторлардың түрлері. Өзекшелі және брондалған, бірфазалыќ және үшфазалыќ, топтыќ трансформаторлар.
Ұсынылатын әдебиет:
- Брускин Д.Э.,Зохорович А.Е.,Хвостов В:С. Электрические машины ч.1,2 .М.:Высшая школа 1987.
- Костенко М.П,Пиотровский Л.М., Электрические машины, ч.1,2. М.: Энергия 1978.
- Кацман М.М. Электрические машины . М.: Высшая школа,1990.
- Тихомиров А.С. Расчет трансформаторов М: Энергия,1986
Трансформаторлардың қызметі. Трансформатор кернеудің өзгеретін өлшемдер шамаларын өзара электрлік байланыссыз реттеуге арналған электр құрылғы. Трансформаторлар электртехникада, электроникада, автоматтандыруда, техникада, байланыс құрылыстарында телевидениеде, ЭЕМ мен техниканың басқа салаларында кең қолданыс тапты.
Олардың бір бірінен қызметі мен құрылысы жағынан айырмашылықтары болады. Дегенмен, оларға бір құрылғының түрлері деп қарап, электр энергиясын тасымалдаудың физикалық процестерін мысалдары арқылы зерттейді.
Электр энергиясында күш трансформаторлары елеулі орын алады. Олардың көмегінсіз электрэнергиясын беру, тарату мен қолдану мүмкін емес. Электр энергиясын шығаратын көздердің кернеуі 20...30 мың Вольттан артпайды. Мұндай кернеумен электр энергиясын жүздеген километр қашықтыққа жеткізу мүмкін емес, себебі оның барлығы электр тасымалдау желісінде ЭТЖ, ток күшінің квадратына тура пропорциялық электр шығыны ретінде жоғалады.
ЭТЖ электр энергиясының шығынын айтарлықтай төмендетуді бір мезгілде кернеуді жоғарылата отырып, ток күшін азайту арқылы іске асыруға болады.
Осы жағдайда берілетін электр қуаты күйінде қалады да оның шығыны P= R квадраттық деңгейде төмендейді. Энергетиканың қазіргі өркендеген кезеңінде электр қуаты миллион Вольттық кернеулермен мыңдаған километр қашықтықтарға тасымалданады. Мұндай жоғары кернеуді тек трансформаторлар көмегі арқылы ғана алуға болады.
Басқа тұрғыдан алып қарағанда, жүздеген мың Вольттық кернеуді тұрғын үйлерге кіргізу, техникалық қауіпсіздік тұрғысынан көңілге сыйғысыз.
Күштік және тұрмыстық жабдықтарды жұмысы үшін көп жағдайларда 380 және 220 Вольтты кернеу пайдаланады, ондай кернеуді трансформаторлар арқылы алады.
Кернеуді жоғарылату және төмендету трансформатордың тамаша қасиеті. Егер желіге трансформатордың орам саны көп орамасын қосса кернеуді төмендетеді, ал орам саны аз орамасын электр энергия көзіне қосса кернеуді жоғарылатады.
Достарыңызбен бөлісу: |