3 Дәрістін қысқаша курсы



бет7/56
Дата21.10.2022
өлшемі6,02 Mb.
#154427
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   56
Байланысты:
Агро УМКД

3.2. Тақырып 2. Негізгі ЭҚҚ өрнектер және векторлыќ диаграмма. Трансформатор бірінші және екінші орамаларын тендеулері. Активті және индуктивті шашырау кедергелерін физикалық мазмуны.
Ұсынылатын әдебиет:
- Брускин Д.Э.,Зохорович А.Е.,Хвостов В:С. Электрические машины ч.1,2 .М.:Высшая школа 1987.
- Костенко М.П,Пиотровский Л.М., Электрические машины, ч.1,2. М.: Энергия 1978.
- Кацман М.М. Электрические машины . М.: Высшая школа,1990.
- Тихомиров А.С. Расчет трансформаторов М: Энергия,1986
Электр тепе-теңдік теңдеуі 1.28 электр энергиясын бірінші орамадан екінші орамаға трансформациялау кезіндегі электр процесстреді сипаттаған I1 мен I2 токтарының арасында айқын тәуелділіктің жоқтығынан оларды сандық талдауға мүмкіндік бермейді. Бұл қиындықты орамалары магнит байланысты нақты трансформаторда, олардың элементтерін электрлі байланыстармен жалғастыратын эквивалентті алмастыру электр сұлбасы арқылы өрнектеу жолымен жеңуге болады.
Эквивалентті алмастырудың бұлжымас шарты нақты трансформатормен оның эквивалентті алмастыру электр сұлбасындағы электр процесстерінің дәл келуі.
Мұнда алмастырудың күрделілігі, трансформатордың жалпы жағдайда сызықтық емес элементі және өзара индуктивтіленетін орамамен феромагнитті өзекшесінің болуына байланысты. Нақты трансформатордан эквивалентті алмастыру электр сұлбасына тікелей өту мүмкін емес. Дегенмен электротехника теориясының курсында, шынайы трансформатордан эквивалентті электр сұлбасына өту орамадағы орам санының, өткізгіштердің ұзындығынының, материалдың, олардың қималарының бірдей болуына байланысты.
Нақты трансформаторларда жалпы алғанда бірінші және екінші орамның орамаларындағы өткізгіштердің көлденең қимасы, Омдық және индуктивтік, шашырау кедергілері бірдей емес, сондықтан, алдымен шынайы трансформатордан, келтірілген трансформаторға, содан кейін ғана эквивалентті алмастыру сұлбасына өту керек. Трансформатордың екі орамасының саны бірдей, әдетте бірінші ораманың орам санына келтіріледі. Оны былай жасайды: екінші ораманы бірінші орамаға келтіру әрекеті трансформаторды тұтас алғанда, және жекелеп алғанда, бірінші ораманың энергетикалық процесіне әсер етуі тиіс емес. Келтірілген екінші ораманың барлық өлшемдері келтірілген делінеді және нақты трансформатордағы таңбалармен белгіленеді, бірақ шекелерінде таңба болады:
Е,2 1, , И2 1, I2 1,R2,1 Х21 және Z2.
Келтірілген трансформаторды бірінші және екінші орамасы біріне-бірі тізбектеле жалғанған электр тізбегі деп қарастыруға болады, ал олардың бірін магнит өткізгішке оралған шашыранды магнит ағыны, және Омдық кедергісі жоқ екінші элементін магнит өткізгіштн сырт орналасқан темір өзекшесі жоқ Ом кедергісі және индуктивтік кедергісі бар шарғы болады 1.5-сурет. Сонымен қатар екінші орамадағы орам саны келтірілген трансформатордың бірінші орамасының санына теңестіріледі (w2=w1). 1.5 а-суретте көрсетілген келтірілген трансформатордан 1.5 в суретте көрсетілген темір өзекшесі бар индуктивті шаршыға көшуге болады. Мұнда келтірілген трансформатордың орамаларының арасындағы магниттік байланыс оларды қосу арқылы жасалған.

1.5-сурет. Келтірілген кернеу трансформаторы мен эквивалентті индуктивті шарғының сұлбасы.
Егар трансформатор орамасындағы тоқ қорытушы магнит ағыны әсерінен пайда болса нақты трансформатордың индуктивті шарғысындағы энергетикалық процесс сандық қатынас жағынан келтірілген трансформатордағы сәйкес процесспен бірдей болады. 1.23. Индуктивті шарғыдағы жалған ток 1.5 в-сурет магниттендіргіш ток I деп аталады, негізгі магнит ағынын туғызуға және құйынды тоқтар ме гистерезис әсерінен магнитөткізгіш болаттағы электрлік және магниттік шығындардың орнын толтыруға жұмсалады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет