сауыт –Б әріпі болат ленталар үшін, П – жазық қорғасындалған сымдар үшін, К – домалақ қорғасындалған сымдар үшін, Г – сауыты және қорғаныш қабаты жок кабельдер үшін.
Егер кабельдер жеке қорғасындалған өзектермен жасалса, маркіленуде О әрпі көрсетіледі.
Аз қысымды май толтырылған кабельдер үшін негізгі аббревиатура алдында МН әріпікөрсетіледі, ал жоғары қысымды кабельдер үшін– МВД көрсетіледі.
Аббревиатурадан кейін өзектер саны мен олардың көлденең қимасының ауданы мм2 көрсетіледі. Мысалы , ААБ-3х 120– үш өзекті алюминий қабықшадан және өорғасынды сауыттан тұратын алюминийлі кабель, өзектің көлденең қимасының ауданы 120 мм2.