3. ЭССЕНІҢ НЕГІЗГІ БӨЛІМІНДЕГІ
АЗАТ ЖОЛ ҚҰРЫЛЫМЫ ҚАНДАЙ БОЛАДЫ?
Эссенің негізгі бөліміндегі азат жол құрылымы қатаң түрде
аргумент
құрылымына бағынады
Негізгі бөлімдегі азат жол құрылымы
Сөйлем
Мақсат
Қызмет
Бірінші
сөйлем
Бірінші аргумент
Дәлелдемеге арналған
дереккөз
Екінші сөйлем
Өз ұстанымын түсіндіру
Аргументтің тірегі
Үшінші сөйлем
Деректер келтіру
Аргументтің тірегі
Төртінші сөйлем Салыстыру/ негізгі аргументке
қарама-қайшылық
Аргумент сыны/
аргументтің мүмкін
болатын әлсіздігі
Бесінші сөйлем
Аргументтің
берілген оқиғаны
дамытуға арналған әсері
Болашақтағы әсері
Алдарыңызда
«Оқушылардың психологиялық бейімделу тиімділігін қалай
арттыруға болады»
тақырыбындағы эссенің бөлігі (негізгі бөлімінің 1-ші азат
жолы) көрсетілген. Эссенің осы бөлімінің
жазу техникасын
байқау үшін оны
нақтырақ қарастырайық:
Біріншіден,
менің пікірімше, негізгі болып саналатын тиімді бейімделудегі
мектептің рөлін атап көрсеткім келеді.
Тез әрі тиімді бейімделу үшін
мектеп оқушыларды мектеппен, жалпы жағдайлармен және ережелермен
таныстыратын бейімделу аптасын өткізеді. Менің ойымша, оқушылардың
тиімді бейімделуіне тренинг сабақтар жақсы әсер етуі мүмкін. Негізінен,
оқушылардың уақытын дұрыс жұмсауына көмектесетін өз қызметін
жоспарлауға бағытталған тренингтер – «тайм-менеджмент». Әрқашан
тонуста болуға, сананың ақпаратты дұрыс қабылдауы үшін анық болуына
көмектеседі. Ұйқының жетіспеушілігі ағзаның тез шаршауының себептерінің
бірі болып табылады. «Тәні саудың – жаны сау» демекші, адам күн тәртібін
дұрыс құру қажет.
Пікір:
Ал азат жол
құрылымына келетін болсақ, ол қорғалатын
аргументті ең басында белгілеудің жалпы талаптарына сай болады:
- 11 -
Біріншіден, менің пікірімше негізгі болып саналатын
тиімді бейімделудегі
мектептің рөлін
атап көрсеткім келеді.
Әрқашан тонуста болуға, сананың ақпаратты дұрыс қабылдауы үшін анық
болуына көмектеседі. Ұйқының жетіспеушілігі ағзаның тез шаршауының
себептерінің бірі болып табылады. «Тәні саудың – жаны сау» демекші, адам
күн тәртібін дұрыс құру қажет.
Ол қандай
әдеттегі қателік?
Мұндай қателікті мәтінде
«тақырыпты
ауыстыру»
деп атайды: оқушы мектептің рөлі туралы,
негізінен,
тренингтерді ұйымдастыру қажеттігі жайлы айтып келіп, соңғы сөйлемде
ұйқының оқушы өміріндегі орнын
сипаттайды.
Азат жол мазмұнын құрудағы тиімді әрекет азат жол соңында аралық
тұжырым жасау болып табылады.
Кез келген эссе авторы мазмұнның сәйкестігін тексеру үшін кілт сөздер
әдісін қолдана алады: егер аргумент ретінде
мектеп рөлі туралы идея
қозғалған болса, онда
тонус, ұйқы, ағза, ақпаратты қабылдау, күн тәртібі
секілді кілт сөздер дәлелдемелік негіз тарапынан тиімді болып қарастырыла
алмайды.
Әрқашан тонуста болуға, сананың ақпаратты дұрыс қабылдауы үшін анық
болуына көмектеседі. Ұйқының жетіспеушілігі ағзаның тез шаршауының
себептерінің бірі болып табылады. «Тәні саудың – жаны сау» демекші, адам
күн тәртібін дұрыс құру қажет.
Осылайша, эссенің негізгі бөлімі оны құруға кеткен уақыттың және оның
мәтіндегі маңыздылығының тарапынан айтарлықтай күрделі болып табылады.
Ол тек логика заңдарын білуді ғана емес (логиканы ғылыми тұрғыдан
білу деңгейінде емес, ең болмағанда үстіртін),
сонымен қатар логикалық
байланыстарды айқындаудың тілдік тәсілдерін де қажет етеді.
Эссенің авторы ең бастысы сенімді болу қажет: өзі таңдаған аргументтер
мен деректер оқырманды пайымдау логикасының, дәлелдеме стратегиясының
(аргументтер мен деректер) дұрыстығына сендіре алу керек.
- 12 -
4. ЭССЕДЕ ҚАНДАЙ ДЕРЕКТЕРДІ ҚОЛДАНУҒА БОЛАДЫ?
Эссенің мәтіні эссе авторы мәселенің күрделілігін пайымдайтын тек
сөйлемдер жиынтығынан (=автор ойы) ғана тұру қажеттігі туралы пікір
бар. Бұл әдеттегі қателік:
аргументті эссені
осындай жолмен жазуда мәтін
өзінің басты мақстатын орындамайды: онда оқынманның/ сарапшының
автор пайымдамасының шынайылығын,
ұсынылған нұсқалар мен
дәлелдемелердің тиімділігін сынауына мүмкіндік беретін аргументтеу
ұсынылмайды.
Аргументтер тек автор анықтаған идеяны (=ойды) ұстануда әртүрлі
деректер қолданылған жағдайда ғана толықтай сипатталған болып саналуы
мүмкін. Деректерді жинақтау эссенің тақырыбына мүлдем тәуелді болмайды.
Фактілерді пайдалану аргументті эссе жазудың талаптарының бірі
болып отыр. Ол автор ұстанымының дұрыстығына оқырманның немесе
сарапшының көз жеткізуі үшін керек.