|
Павлодар қаласы «Дарынды балаларға арналған
№ 3 гимназиясы» ММ
Бақытгүл Темірболатқызы Шукоева қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
|
Инновациялық жобаның атауы:
|
Бағалау және баға - оқу үдерісінің бөлінбес құрамдас бөлігі
|
Жетекші идея:
|
Оқушылардың білімге деген ынтасын арттырады.
Бағалауды білім жүйесіне жүйелі түрде енгізеді.
Білім алушы кемшіліктерін дер кезінде анықтайды.
|
Жоба мақсаты:
|
Оқушы озінің білім нәтижесін болжау және жетістіктерді түсіну үшін бағалау критерийлерін біледі және түсінеді, бағалау арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығы дамиды.
|
Жоба міндеттері:
|
Бағалаудың түрлерін анықтау.
Формативті бағалаудың білім сапасына тигізетін оң әсерін анықтау.
Оқытудың қиындықтарын анықтау
Стандартты бақылау және орындау , оқыту бағдарламасының мазмұнын, білім беру стилін бақылау.
Формативті бағалаудың тиімді тәсілдерін, стратегияларын қарастырып, қолдану.
Оқу материалын меңгерте отырып, мәліметтерді өздігінше жинауға итермелеу, қызығушылығын ояту, түрткі болу, зерделеу.
Жеке тұлғаның интелектуалдық дамуын қамтамасыз ету, АКТ-ны пайдалана отырып, ізненімпаздыққа, шығармашылыққа әкелу.
Әрбір оқушының нәтижеге жетуге деген талпынысын дамыту, көпшілік ортасында өз ойын емін-еркін жеткізуге әкелу.
|
Қолдану саласы:
|
Қазақ тілі сабағы
|
Жобаның қысқаша андатпасы:
|
Бағалау мұғалімдерге сыныптағы оқушылардың үлгерімін бақылап отыруға мүмкіндік береді. Бағалау жүйесінің негізгі мақсаты - білім сапасын арттыру болып табылады. Ал қазіргі заманғы білім сапасы дегеніміз ол білім алушының келешектегі өзінің әртүрлі жеке мәселелерін шешуге керекті, қажетті құзіреттіліктерін қалыптастыратын білім беру нәтижесі.
|
Жүзеге асыруға дайындық дәрежесі:
|
Сабақтарда қолданып жүрміз
|
Қолданудан күтілетін нәтижелер:
|
1.Оқушының пәнге деген қызығушылығы артады.
2. Оқушы өзін – өзі, өзінің сыныптастарын дұрыс бағалай алады.
3. Мұғалім мен оқушы арасында сенім мен сыйластық орнайды.
4.Оқу нәтижесін дәлелдеу үшін формативті және суммативті бағалау түрлерін қолданады.
5.Нақты мәселелерді шешу үшін, әр түрлі көзқарастарды білдіреді және сыни тұрғыдан ойлай алады.
6.Рефлексия жасай алады.
|